Интернеттегі ойды еркін білдіру құқығы: еуропалық стандарттар


Балалар порнографиясына шектеу



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата02.01.2017
өлшемі0,88 Mb.
#1012
1   2   3   4   5   6

Балалар порнографиясына шектеу.   

Балалар порнографиясына қатысты халықаралық стандарттар қандай? 

ЕО  киберқылмыстық  мәселелер  бойынша  конвенциясы,  мемлекеттен 

қылмыстық жауапкершілікті  мыналар үшін ендіруін талап етеді:    


 

29 


 

Балалар  порнографиясы  бағдарламасын  өндірген,  таратқан  немесе 



жариялаған; 

 



Балалар  порнографиясын  сатып  алған  және  сақтаған,  көпшілікке 

қолжетімді жерге орналастырған, ұсынған.

lxxx

 

Балалар порнографиясын көзбен шолуды бейнелеуші:   



(a)  ашық  сексуалдық  әрекеттерге  қатыстырылған,  кәмелеттік  жасқа 

толмағандарды; 

(b) ашық сексуалдық әрекеттерге қатыстырылған, өзін кәмелеттік жасқа 

толмаған ретінде көрсетуші тұлғаны;   

(c)  ашық  сексуалдық  әрекеттерге  қатысқан,  кәмелеттік  жасқа  толмаған 

тұлғаның шынайы бейнесі, порнографикалық материалдар ретінде қаралады.

lxxxi

 

 



Мемлекет балалар порнографиясымен қалай күреседі? 

 Барлық  мемлекеттер  кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  қатысуымен  болған 

порнографиялық  материалдарды  насихаттау  немесе  сату,  жарнамалау,  тарату, 

өндіру әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілік ендірген. 

lxxxii

  

Мемлекеттер  шынайы  емес  кейіпкерлермен    (суреттер,  картиналар, 



мультфильмдер  және  т.б.)  жасалған  балалар  виртуалдық  порнографиясына  әр 

түрлі қарайды: Австрия мен Ұлыбритания сияқты елдер, мұндай суреттемелерді 

жасап  шығаруға  қылмыстық  жауапкершілік  ендірді.  Ал  оларды  жеке 

қолданысына  ұстауға  болады.  Албания,  Болгария,  Беларусия  және  басқа 

елдерде мұндай ережелер жоқ.    

Келеңсіз контент және ашық сексуалды мазмұндағы контентке шектеу. 

Келеңсіз контент және ашық сексуалды мазмұндағы контентке қатысты 

қандай халықаралық стандарттар бар? 

Ойды  еркін  жеткізу  құқығы  «мазалап  және  ұятқа  қалдырып,  қорлауы»  мүмкін 

пікірлер  мен  ақпараттарға    да  таралатындығына  қарамастан,  халықаралық 

құқық мемлекеттің  сенім мен ойды білдірудің  еркіне шектеудің заңдылығына 

қатысты,  АСХҚП  3-бабында  айтылған  үш  өлшемді  міндетті  түрде  сақтағанда 

ғана, қоғамдық адамгершілік мүддесіндегі сөз еркіндігін шектеуін қабылдайды. 



Келеңсіз  контент  және  ашық  сексуалды  мазмұндағы  контентке  нелер 

жатады? 

Халықаралық  құрылымдар,  келеңсіз  қылықтың  жан-жақты  концепциясын 

қабылдаудың,  сонымен  қатар  оны  абсолюттік  нақтылықпен  құраудың 

қиындығын  мойындауда.  Олар  барынша  кең  көзқарасты  ұстанады  және 

адамгершілік мәселесінің жергілікті және ұлттық мәдениет пен дәстүрге тығыз 

байланыстылығын  мойындайды.

lxxxiii

  Осыған  байланысты,  мемлекеттерде 



келеңсіз қылықтарды анықтаудың әр түрлі жолдары мен қөзқарастары бар.       

 

30 


Еуропаның коптеген елдерінде келеңсіз қылықтар егер шегінен шығып болмаса 

деңгейінен  асып  кетпесе,  оларға  заңмен  тыйым  салынбайды.  Мысалы, 

ондайларға, малдармен болған  немесе зорлықты көрсетуші  жыныстық актілері 

бар материалдар жатады. 

Барлық  еуропалық  елдер,  мұндай  ақпаратқа  балалардың  қолжетімділігі  қаупі 

бар болғанда, ой еркіндігін қатаң шектеуде бірдей. 

Келеңсіз қылықтары үшін жауапқа тартылған, порнографиялық сайттың иесіне 

тағылған  жала  туралы,    Ұыбританияға  қарсы  Перрин

lxxxiv

  ісінде,  ЕАҚС    ойды 



білдіру еркіндігінің құқығы бұзылған деп таппады, оған себеп веб-сайт иесінің  

кәмелетке  толмағандарды    келеңсіз  контент  ықпалынан    қорғай  алмағандығы. 

Олар  тіпті  болмағанда,  мысалы,  сайтқа  кірушілердің  жас  мөлшерлерін 

тексерулері қажет еді. 

Ұлыбританияға  қарсы  Перрин  жағдайына  қабылданған  шешім,  блогерлерге  де 

қатысты,  сол  себепті  мұндай  қателіктер  үшін  олар  жауапкершілік  атқарулары 

мүмкін. 

Мемлекет  адамдарды  анонимдік  сексуалдық  жауыздардан  қорғауға 

міндетті ме? 

 ЕАҚС,  мемлекет  сексуалдық  жауыздардан  және  олардың  Интернеттегі  жеке 

ақпараттарын беруден балаларды қорғау үшін түп негізін қамтамасыз етуі тиіс 

деп бекітті. 



Финляндияға  қарсы  К.Ю.

lxxxv


ісі,  мемлекеттің  баланы  сексуалдық  жауыздар 

тарапынан тиісу қаупіне душар етіп, 12 жасар қыз баланың жеке мәліметтерін 

танысу  сайтына  жариялаған  белгісіз  адамды  теңестіруден    бас  тартуына 

қатысты болды. Бұл істе ЕАҚС, мұндай ақпаратты жария етуші  адамның жеке 

тұлғасын интернет-провайдерлерінен анықтауға полицияның заңды  өкілеттілігі 

болмағанын түсіндірді. 

Мемлекет  балаларды  қорғау  үшін,  неғұрлым  маңызды  оқиғаларда  анонимдік 

тұлғалардың  жеке  тұлғасын  ашуға  рұқсат    беретін,  заңнамалық  ережелермен 

қамтамасыз  етуі  қажет.  Финляндияға  қарсы  К.Ю.  ісі  бойынша  шешім, 

балаларды  қорғау  мәселесіне  қатысты  болса  да,  нақ  сондай  қорғаныс 

ересектерге де қажеттігіне нық сендіруге болады. 

Интернет-қарақшылыққа шектеу 

Авторлық құқық блогерлер мен интернет-БАҚ-қа қалай әсер етеді? 

Авторлық  құқық  ұлттық  және  халықаралық  заңнамамен  қорғалған  және 

материалдық  тасымалдауышқа  түсірілген  түпнұсқалық  шығармалардың 

авторлық  қорғау  формасы  болып  табылады.  Авторлар  авторлық  құқықтың 

иегерлері болып табылады және келесі құқықтарға ие:  

• 

Жұмыстардың көшірмелерін жасауға



• 

Түпнұсқаға негізделген жаңа жұмыстарды жасауға;  



 

31 


• 

Жұмысты  сату,  жеке  меншік  құқығын  беру,  жалға  беру,  лизинг  немесе 

кредитке беру жолымен таратуға. 

Құқық  иегерлері  өз  жұмыстарын  адамдарға  қолдануға      бере  алады.  Құқық 

иесінің келісімінсіз мұндай қолдану авторлық құқықты бұзушылық болады.  

БАҚ-тың  репортажы  мен  жарияланымдары  авторлық  құқықтарды  мына 

жолдармен бұзуы мүмкін: 

• 

өзге  адамның  музыка  және    бейне,  мақалалар,  фотосуреттер  түріндегі 



түпнұсқалық туындыларын рұқсатсыз жария ету; 

• 

көркем  және  сән  көрмелері  сияқты,  көркем  немесе  әдеби  шығармалар, 



қоғамдық жазбалар арасындағы рұқсат етілмеген көрсетілімдер

• 

телебағдарламалар Бағдарламаларын  рұқсатсыз көрсету. 



Мемлекет авторлық құқықты қалай қорғайды? 

Авторлық  құқықты  бұзу  санкциясы  әкімшілік,  азаматтық  және  қылмыстық 

жауапкершілік түрінде қарастырылған. 

Бірқатар  елдердің  (Франция,  Ұлыбритания)    сараланған  қайтарымды 

әрекеттерінің («үш есе соққы») бары, авторлық құқық жайындағы заңдарының 

ерекшеліктері  болып  саналады;  бұл  механизмдер  Интернеттегі  авторлық 

құқықты  бұзумен  күрес  үшін  ендірілген.  Механизмдер,  қолданушыны  екі 

ескерту  алып  және  интеллектуалды  меншікті  үш  рет  бұзғаннан  кейін  ғана, 

Интернеттен  шеттетеді,  немесе  Интернетке  қолжетімділікке  рұқсат  бермейді. 

Құқық  иесінен  оның  құқығы  бұзылғандығы  туралы  шағым  алынған  соң, 

провайдер абонентті оның IP-адресі  авторлық құқықпен қорғалған материалды 

заңсыз  көшіру  үшін  қолданғаны  расталғандығынан  хабардар  етуі  тиіс.    Егер 

ескертпе  елеусіз  қалдырылса,  провайдер  екінші  ескерту  жасайды.  Сот  немесе 

тәуелсіз  орган  болжалды  құқық  бұзушының  жазылымын  белгілі  бір  уақыт 

мерзіміне    тоқтата  алады.  Құқық  бұзушыларға  қарсы  әрекет  әкімшілік  немесе 

азаматтық, қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығармайды. 



Авторлық  құқық  және  ойды  білдіру  еркіндігіне  қатысты  халықаралық 

стандарттар қандай? 

Авторлық  құқықты  қорғау  халықаралық  және  ұлттық  заңнамалармен 

кепілденген,  жеке  меншік  құқығының  бөлігі  болып  табылады.  Халықаралық 

және ұлттық төрешілер авторлық құқық ойды білдіру еркіндігіне әсер ететінін 

қазірден-ақ бекітіп, келесі қағидаттарды анықтады: 

 



Авторлық  құқық  абсолюттік  болып  табылмайды,  сол  себепті,  шектеуге 

жатуы мүмкін; 

 

Шектеу нақты әр жағдай негізінде, дербес анықталуы тиіс



 

Сот авторлық құқық туралы істі қарау барысында ойды білдіру еркіндігі 



құқығы мен жеке меншік құқығының арасындағы теңгерімді және ойды 

білдіру  еркіндігіне  шектеудің  заңдылығын  бағалау  үшін  халықаралық 



 

32 


құқықпен  белгіленген  өлшемдерді  сақтауы  сақтауы  шарт  (АСХҚП  19-

Бабы 3-тарауының үш тармақшалары); 

 

Мемлекеттің  авторлық  құқық  жайлы  істі  шешу  барысына  кең  ауқымда 



еркіндігі  бар.  Ондай  еркіндіктің  басым  көпшілігі  жарнамалар  немесе 

коммерциялық  айтылымдар  жағдайында  көрінеді.  Дегенмен,  егер 

авторлық  құқықты  бұзу  әлеуметтік  немесе  қоғамдық  қызығушылық 

тудырушы  мәселелерді  талқылауға  әкеп  тіресе,  онда  мұндай  жағдайда 

мемлекет қатаң бақылау жүргізуі тиіс. Бұл тәртіп онлайн-контентті жою 

немесе  веб-сайттарды  тежеуге  сұраным  сияқты  алдын-ала  шектеулерге 

байланысты жағдайларда қолданылады. 

 



Және,  ақырында,  авторлық  құқықты  қорғау  үшін  араласулар  да, 

қылмыскерге қарсы ықпалшаралар да ойды білдіру еркіндігі құқығының  

(АСХҚП 19-Бабы 3-тарауының үш тармақшалары) кепілдемесіне сәйкес 

болуы шарт. 

lxxxvi

 

Интернеттегі жала жабу мен тіл тигізулерден шектеу 



Жала жабу деген не (диффамация)? 

Жала жабу түсінігіне, басқа адамның беделіне нұқсан келтіретін жалған мәлімет 

кіреді. 

Диффамацияның халықаралық стандарттары қандай? 

Жала жабу адам құқығы саласындағы халықаралық құқықпен қорғалатын және 

жеке  өмір  бөлшегі  болып  табылатын  беделге  ықпал  етеді.  Адам  құқығы 

бойынша  БҰҰ  Комитеті  АСХҚП  19-Бабы  және  бедел,  ойды  білдіру  еркіндігі, 

диффамация  туралы  заңдар  арасындағы  теңгерімді  қамтамасыз  етуші  басты 

қағидаттарды бекітті: 

• 

 Қатысушы-мемлекеттер 



диффамацияның  қылмыстандыру  туралы 

мәселесін  қарастыруы  қажет;  кез  келген  жағдайда  да,  қылмыстық  заңнама  тек 

ең  маңызды  жағдайларда  ғана  қолданылуы  қажет  және  бас  бостандығынан 

айыру қандай жағдайда болмасын жазалаудың тиісті шаралары болмауы шарт. 

• 

 Адамға  жала  жапты  деген  айып  тағылғаннан  кейін,  мемлекет  сот 



үрдісінің  жеделдетуін  кепілдендіруі  қажет,  олай  етпеген  жағдайда  бұл  тұлға 

және  басқа  тұлғаларға  ойды  білдіру  еркіндігіне  шамадан  тыс  шектеу  қойылуы 

салқын нәтиже тудыруы мүмкін; 

• 

 Диффамация  туралы  барлық  заңдар,  соның  ішінде  қылмыстық, 



шындықты  қорғауға  бағытталуы  шарт  және  өз  негізінде  тексеріске  жатпайтын 

айтылым түріне қолданылмауы тиіс;    

• 

Мемлекет  қателесіп,  бірақ  өшпенділіксіз  жарияланған,  әсіресе,  қоғам 



қайраткерлерінің  түсініктеріне  қатысты,  заңсыз  мәлімдемені  айыптамауы  тиіс. 

Басқаша  айтар  болсақ,  заң  ойды  білдіру  еркіндігіне  қоғамның  қызығушылығы 

беделден  басым  болуы  және  ақпаратты    жинау  мен  тарату  негізі  қателіктерге 

әкелуі  мүмкіндігін  мойындауы  қажет.  Мұндай  қателіктерге  көбінесе  оқиғаны 



 

33 


жариялар  алдында  әр  фактіні  қайта  тексеріп  шағуға  журналистердің  тоса 

алмайтындықтары  себеп  болады.  Егер  автор  қаскөй  ниетпен  жасамаса,  олар 

еленбеуі  тиіс.  Ондай  жағдайларда  журналистер  бұл  материалдарды  дайындау 

кезінде  олардың  кәсіби  стандарттар  мен  этиканы  сақтағандарын  растайтын 

материалдарын  ұсынып,    зұлым  қаскөйлік  ойламағандарын  дәлелдей  алады. 

Төрешілер  материалдың  толық  мәтінімен  танысу  арқылы,  журналистің  ниетін 

анықтауы тиіс; 

• 

Мемлекет  шектен  тыс  жазалау  шарасы  мен  ықпалшараларды 



қолданбауға тырысуы  және жеңген жақтың шығынын толтыру бойынша жауап 

берушіге тағылатын талаптарды орынды шамада  белгілеуі тиіс. 

• 

Интернеттің  ерекше  сипатынан  дәстүрлі  БАҚ  үшін  сай  келетін  және 



заңды  деп  табылатын  шектеулер  мен  ережелер,  көбінесе  Интернетке  қатысты  

олай  болмайды.  Мысалы,  жеке  тұлғалар  беделі  диффамациясы  жағдайында, 

келтірілген  зиянның  орнын  тездеп  толтыру  үшін  оның  жауап  беру  құқығына 

мүдделі  тұлғаның  мүмкіндігін  ескере  отырып,  оффлайн  диффамациясына 

қолданылатын санкция түрлері қажетсіз немесе үйлесімсіз болуы мүмкін.

lxxxvii


  

Бедел  мен  ойды  білдірудің  еркіндігі  құқығы    арасын  халықаралық  соттар 

қалай теңгереді? 

Беделді қорғауға бағытталған шектеу, сөз еркіндігінің басқа да шектеулеріндей:  

• Заңмен қаралған; 

• Беделді қорғау үшін сай әрі қажетті болуы қажет

 

Адам  құқығы  туралы  Еуропалық  соты,  сай  келетін  және  қажеттілік  мәселесін 



қарастыру барысында, қоғамдық қажетті талапты шектеу негізін анықтау үшін 

келесі  өлшемдерді  қолдана,  ойды  білдіру  еркіндігі  құқығы  мен  жеке  өмір 

құқығы арасын теңгереді: 

 



Айтылым қоғамдық пікірге үлес келтірді ме? 

 



Бұл  тұлға  қаншалықты  жақсы  танымал  және  репортаждың 

тақырыбы неге құрылған? 

 

Бұл тұлғада осыған дейін не болды? 



 

Жарияланымның  мазмұны, түрі және салдары? 



 

Ақпаратты алған кездегі жағдай қандай? 



lxxxviii

 

 



Интернеттің пайда болуы диффамацияға қалай әсер етеді? 

Интернет кез келген қолданушыға өз көзқарасын жариялау мүмкіндігін береді. 

Мұндай  мүмкіндік  көпшіліктің пікірсайысқа  қатысуын  жоғарылатып,  сонымен 

қатар  жала  жабу  көлемін  де  ұлғайтты.  Мазалайтыны,  Интернеттегі 

диффамацияға қатысты істер санының ұлғаюы, ойды білдіру еркіндігіне ықпал 

етуі  мүмкін.  Себебі,  кейбір  мемлекеттер  қазірдің  өзінде-ақ  интернеттегі  жала 

жабуға арналған ережелерін қабылдады. 


 

34 


2013  жылғы  Ұлыбританияның  диффамация  туралы  заңы  Интернетке 

байланысты  диффамация  туралы  елдің  әрекеттегі  заңнамасына  келесі 

өзгерістерді енгізді. 

Жарияланым  үшін  бірыңғай  ереже:  Заң  жала  жапқанға  наразылығын 

білдіруге бір жылдық мерзімді бекітеді. Жаңа ереже бойынша, егер айыптаушы 

бұл  жарияланымды  бірінші  рет  қуыным  мерзімі  өтіп  кеткеннен  кейін  көрсе, 

онлайн-жарияланымға талап қою мүмкіндігінен айырылады. 



Шын  залалды  көрсетуін  талап  ету.  Жала  жабылғанына  шағымданған 

қуынушы, оның арызындағы айтылғандар «шын залал» келтіруі мүмкін немесе 

келтіргендігін  дәлелдеуі  қажет.  Егер,  өтініш  нәтижесінде,  өнім  алу  үшін 

сатумен  айналысушы  бизнес  –  компания  немесе  басқа  ұйым  «маңызды 

қаржылық  шығындарға»  ұшырамаса,  онда  оның  беделіне  қатты  нұқсан 

келмеген деп саналады. 



Веб-сайттардың ерекше қорғанысы. Онлайн мультимедиялық порталын қоса 

алғандағы,  веб-сайттардың  операторлары,    үшінші  тұлғалардың  жала  жабу 

өтінішінен  заң  жүзінде  қорғалған.  Заң    веб-сайт  операторларын  ескертпелерге 

тиісті  түрде  көңіл  бөлуге  міндеттейді.  Егер  оператор  зұлым  пиғылмен  жасаса 

немесе,  егер  қуынушы  операторға  жала  жабылғандығы  (үшінші  жақ  аноним 

болса)  өтінішіне  қатысты  шағымды  көрсетсе  және  оператордың  оған  сәйкес 

жауабы болмаса, мұндай қорғаныс іске аспайды.  

 

Онлайн – жала үшін қайда сотқа беруге болады? 

Интернеттің  жаһандық  сипаттамасы  және  диффамацияға  қатысты  әртүрлі 

өлшемдері,  соның  ішінде,  беделге  келтірген  зияны  үшін  жаза,  қуынушының 

сотқа  оңай  беріп  және...  жеңіске  деген  неғұрлым  көбірек  мүмкіндігі  бар 

мемлекеттің  сотына  диффамациялық  қуыным  беруі,  айтқандайын,  «тиімді  сот 

құзіретін  таңдау»  немесе  «соттық  туризмге»  әкеп  тірейді.

lxxxix


  Тиімді  сот 

құзіретін таңдау ықпалды қуынушыларға  (бизнесмендер немесе юристік үлкен 

департаменттері  бар  компаниялар)  интернеттегі  жала  жабылған  жарияланым 

ғажаһандық  қолжетімділік  салдарынан  олардың  беделіне  сол    жақта  нұқсан 

келтіірді деп сендіріп, шетелде БАҚ-ты сотқа беруге мүмкіндік береді.  

Ойды  білдіру  еркіндігі  құқығына  қатысты,  төрт  халықаралық  мандаттың  

интернетте  ойды  еркін  жеткізу  туралы  бірлескен  декларациясы,

xc

  мынаны 



хабарлайды:  

Интернет-контентке  қатысты  заң  ісі  құзіреті,  бұл  жағдайға  нақты  және 

айтарлықтай байланысы болғандықтан,әдетінше, автор сол жақта болып 

және сол жерде  бұған мемлекет арнайы бағыттаған контент жүктелетіні 

себепті,    мемлекетпен  шектетілуі  тиіс.  Жеке  тұлғалар  оларға  қай  жерде 

елеулі  зиян  келді  және  олар  оны  дәлелдей  алатын  заң  құзіретінде  ғана 

(«соттық туризм» ережесіне қайшы) істі қозғай алады. 

Жеке өмір құқығын қорғау үшін ойды білдіру еркіндігіне шектеу. 


 

35 


 Жеке  өмірді  қорғау  қажеттігі  жағдайында,  ойды  білдіру  еркіндігіне  шектеу 

қойылуы  мүмкін.  БАҚ  пен  блогерлер  әйгілі  адамдардың  жеке  өмірі  жайлы 

жаңалықтарға  көпшілік  қызығушылығын  қандыру  мақсатында  жеке  өмір  сүру 

құқығын бұзып, жаңа технологияларды қолданбаулары шарт. 

Сонымен қоса технологиялық инновация мемлекеттің жеке коммуникация және 

жеке  адам  өміріне  араласу  мүмкіндігін  жоғарылатады.  Журналистер  мен 

блогерлер  осал  және  онлайн-байланысқа  тәуелді  болғандықтарынан  бақылау 

нысанына  тез  айналулары  мүмкін.  Олар  үшін  олардың  коммуникациясына 

бақылау жүргізу апатты салдарға әкелуі мүмкін.

xci


 

Жеке өмір сүру құқығына қатысты, халықаралық стандарттар қандай? 

 Жеке өмір сүру құқығын қорғаушы, АСХҚП 17-бабына сәйкес, ешкім де өзінің 

жеке  өміріне  жөнсіз  немесе  заңсыз  араласып  болмаса  оның  беделі  мен 

абыройына  кір  келтіріп,немесе  корреспонденция  және  тұрғын  жайына  қол  

сұғушылардың қылығына ұшырамауы тиіс. 

Адам  құқығы  бойынша  БҰҰ  Комитеті  жеке  өмір  сүру  құқығы  өлшемдерін 

бекітті

xcii


:  

 



Жеке өмірсүру құқығы, мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар  

тарапынан ешқандай араласушылық пен қол сұғушылыққа жол берілмеуі 

кепілдігін беруі тиіс. 

 



Мемлекет осындай қол сұғушылық пен араласушылыққа, сонымен қатар 

осы  құқықты  қорғауға  тиімді  шектеу  ендіру  үшін  заңды  және  басқа  да 

шаралар  қабылдауы  тиіс.  Электрондық  немесе  басқадай  аңду,  телефон 

байланысы  мен  басқа  коммуникация  түрлерін  тыңдау  және  сөздерді 

жазуға тиым салынуы қажет. 

 



Тиісті заңнама мұндай араласушылықтың болуы мүмкін мейлінше толық 

және  нақты жағдайды қарастыруы шарт. 

 

Әрбір  нақты  жағдайда  жеке  өмірге  араласу  туралы  шешім,  анықталып, 



қаралған белгілі бір заң органымен шешілуі тиіс. 

 



Кез келген негізделген араласушылық әрбір нақты жағдайда тиісті және 

сәйкес болуы қажет. 

2013  жылы  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  «сандық  дәуірдегі  жеке  өмір  сүру  құқығы» 

атты  резолюциясын  қабылдады.  Ондағы  ережеде  «адамдар  оффлайн  ортада 

қандай  құқыққа  ие  болса,    жеке  өмір  сүру  құқығын  қоса  алғандағы,  онлайн 

ортада да сәл солай қорғалуы тиіс» деп бекітілген.

xciii

 

Интернеттегі  шифрлау  және  анонимдік,  ой  еркіндігі  құқығын  еркін  іске 



асыруды  қамтамасыз  ету  және  жеке  өмір  сүру  құқығының  белгісі  болып 

табылады. Олар ешқандай қиындатылып  немесе оларға тиым салынбауы керек 

және адам құқығы туралы заңнаманың үш бөлігіндегі ережелер қатаң сақталған 

жағдайда ғана шектелуі мүмкін.

xciv

 


 

36 


Фотосурет  жарияланған  жағдайда  жеке  өмір  сүру  құқығы  және  ойды 

білдіру еркіндігі құқығы арасындағы теңгерімді қалай сақтау керек. 

Адам құқығы жөніндегі Еуропалық сот (ЕАҚС): 

 

жеке  өмір  сүру  құқығы  және  ойды  білдіру  еркіндігі  құқығы  тең 



құрметке ылайық; 

 



көпшілік  алдындағы  қайраткерлер,  олардың  жеке  өмірі  қоғамдық 

өмірлеріне  әсер  етуі  мүмкін  жағдайды  есептемегендегі  кездерде,  

өздерінің жеке өмірлерін қорғау құқығына ие.  Көпшілік алдындағы 

қайраткерлерге,  мемлекеттік  қызмет  және/немесе  мемлекеттік 

ресурсты  қолданушы  тұлғалар,  ал  одан  да  кеңірек  алсақ,  барлық, 

саясат,  экономика,  мәдениет,  әлеуметтік  орта,  спорт  немесе  кез 

келген саладағы белгілі бір рөл атқарушы тұлғалар жатады. 

 



белгілілі  бір  жағдайларда  көпшіліктің  мүддесін  қорғау  үшін,  жеке 

өмір құқығына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл жерде тек саяси немесе 

қылмыстық  мәселе  ғана  емес,  сонымен  қатар,  егер  олар 

«демократиялық  қоғамда  пікірталас  тудыра  алатын»  фактілер  болса, 

артистер  мен  кең  танымал  адамдарға  да  байланысты    сөз  қозғалып 

тұр.


xcv

  

Фотосуретті  жариялауға  кез  келген  шектеу,  жеке  өмір  сүру  құқығын  қорғауға 



сәйкес және қажеттілігі болып, әрі заңмен негізделуі шарт. 

Фотосуретті  жариялауға      шектеудің  сәйкес  және  қажеттілігін  қарастырғанда 

келесі өлшемдерді сақтау қажет: 

 



Фотосурет,  қоғам  қызуғышылығын  білдіруші  пікірталасқа  ықпал 

ете ала ма? 

 

Фотосуреттегі қаншалықты жақсы танымал тұлға  (демек ол адам 



«көпшілік алдындағы қайраткер болып табыла ма»)? 

 



Осыған дейін бұл тұлғаға не болды? 

 



Жарияланымның  мазмұны, түрі және салдары қандай? 

 



Фотосурет жасалған кездегі жағдай қандай?   

 



Салынған ықпалшаралар үйлесімді ме?

xcvi


 

 

Германияға қарсы Фон Ганновер ісінде (2) ЕАҚС-қа қуынушы  - марқұм Ренье 

III  (Монако  князы)  қызы  және  оның  жұбайы,  олардың  жеке  өмірлерінің 

фотосуреттерін  баспасөзде  жариялауға  жол  бермей  және  ордер  алуға  неміс 

сотына  өтініш  берді.  Фотосуреттер  олардың  келісімінсіз  демалыс  кездеріндегі 

тау  шаңғысы  шипажайында  түсіріліп,  екі  неміс  журналында  басылып  та 

үлгерді.  Жергілікті сот екі  фотосуретке қатысты олар қоғамдық қызығушылық 

білдіріп,  пікірсайыс  тудырмайды  деп  тауып,  жарлық  қағазын  берді.  Бірақ, 

үшінші фотосуретке қатысты шектеу қоюдан бас тартты. Онда қуынушылардың 

демалыс  уақыттарындағы  Санкт-Морицтегі  тау  шаңғысы  шипажайында 

қыдырып жүрген кездері түсірілген және аталмыш фотосуреттің астында князь 


 

37 


Рененің денсаулығының нашарлығы жайлы жазылған мақала орналастырылған. 

Осы фотосуретке қатысты жергілікті сот,  басқарымдағы князь денсаулығының 

нашарлығы  көпшілік  қызығушылығын  тудырған  және  фотографпен  берілген 

тұжырым конституциялық тұрғыдан лайықты болған деп шешті. 

ЕАҚС, князь Рене ауыруына неміс сотымен берілген қоғамдық оқиға мәртебесі 

негізді деп есептеле алады және журналдағы мақала мен фотосурет  ханшайым 

мен  оның  жұбайының  жеке  өмір  сүру  құқығын  бұзған  жоқ,  ешқандай  ұятқа 

қалдыратын  және  қорлайтын  мазмұны  болған  жоқ,  ал  басылым  Монако 

князының  денсаулығына  қатысты  сол  сәттегі  көпшіліктің  жоғары  ынталы 

қызығушылықтарымен ақталды деп қаулы шығарды. 

Мұнымен  қоса,  қуынушылар  көпшілік  алдындағы  қайраткерлер  деген  шешім 

қабылданды.  Фотосуреттер  түсірілген  жағдайға  қатысты  айтсақ,  жергілікті 

соттар  тарапынан,  фотосуреттердің  жасырын  немесе  басқа  да  ыңғайсыз 

жағдайда  жасалғаны  жайлы  қуынушылар  ешқандай  дәлел  келтірмегендері 

есепке  алынды.  ЕАҚС,  қуынушының  жеке  өмір  сүру  құқығы  бұзылғандығын 

таппады  және  ұлттық  соттар  қуынушылардың  жеке  өмір  сұру  құқығы  мен 

басылымдағы ойды білдіру  еркіндігінің құқығы арасындағы теңгерімді  мұқият 

сақтаған деген шешімге келді.  

 

Фотосуреттер  жарияланымын  шектеу  жағдайындағы  тексерістер,  телефондағы 



әңгімені жолай ұстау тәсілімен алынған ақпараттар және сот шешімін жариялау, 

қылмыстық істі қарастыру туралы репортаджар сынды жеке өмір сүру құқығын 

БАҚ-тың бұзуына байланысты басқа да жағдайларда жүргізіледі. 

Мемлекет жеке өмір сүру құқығын қандай жолмен қорғай алады? 

Мемлекет  жеке  өмір  сүру  құқығын  тиімді  қорғайтын,  сонымен  қатар,  сот 

орындары  осы  құқық  пен  жеке  өмір  сүру  құқығы  арасындағы  теңгерімді 

сақтайтынын кепілдендіретін заңды қабылдауы тиіс.  

Еуропа  Кеңесі  Парламенттік  Ассамблеясы  мемлекеттерге  өз  заңдарындағы 

журналистерге  қатысты  азаматтық  сипаттағы  санкцияларына  ерекше  көңіл 

аударуды ұсынды.

xcvii


  

 

38 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет