Интернеттегі ойды еркін білдіру құқығы: еуропалық стандарттар


 ТАРАУ  Интернет-БАҚ  журналистері  және  азаматтық  журналистер,  блогерлердің



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата02.01.2017
өлшемі0,88 Mb.
#1012
1   2   3   4   5   6

ТАРАУ 

Интернет-БАҚ  журналистері  және  азаматтық  журналистер,  блогерлердің 

ой еркіндігі құқықтарының шектелуі. 

Ойды білдіру еркіндігігіне  шектелу. 

Ойды білдіру еркіндігінің заңды шектеулері қандай? 

АСҚХП  3  тармағы,  19  бабы  ойды  еркін  білдіру  құқығын  іске  асыру  «заңмен 

белгіленіп және қажет болып табылатын кейбір шектеулермен ұштасуы қажет» 

мүмкіндігін екендігін қарастырады: 

(а) өзге тұлғалардың беделі мен құқығын құрметтеу үшін; 

(б)  тұрғындардың  адамгершілік  немесе  денсаулық,  қоғамдық  тәртіп, 

мемлекеттік қауіпсіздік қорғаны үшін. 

 

Бұл  қағидадағы,  ойды  білдіру  еркіндігіне  құқықты  заңды  шектеу  келесі 



талаптарға сәйкес келуі тиіс: 

 



болжалды  және  қол  жетімді,  айқын,  заңмен  қаралған  болуы  (заңдық 

өлшем); 


 

АСҚХП  (б)  және  19    (3)  бабында  аталған  заңды  мақсаттардың  бірін 



көздеу, атап айтқанда: (i) басқа тұлғалардың беделі мен құқығын қорғау 

үшін  немесе  (ii)  тұрғындардың  адамгершілік    немесе  денсаулық, 

қоғамдық  тәртіп,  мемлекеттік  қауіпсіздік  (легитимдік  өлшем)  қорғаны 

үшін. 


 

қажеттілігіне қарай болжалды мақсатқа қол жеткізуге қажетті неғұрлым 



тиісті шектеу құралдары және дәлелі болу (қажеттілік өлшемі). 

 

Бұдан басқа, кез келген ойды еркін жеткізу құқығын шектеуші заңнама, мұндай 



заңнаманы  орынсыз  қолдануға  қарсы  құрал  мен  наразылық  мүмкіндігін  қоса 

алғандағы,  теріс    пайдаланушылыққа  қарсы  тиісті  кепілдемемен,  кемсітушілік 

те,  негізсіз  де  болып  табылмауы  үшін,    қандай  да  болмасын  саяси, 

коммерциялық  немесе  басқа  да  ықпал  әсеріне  қатыссыз  органмен  іске 

асырылуы тиіс.

xxvii


  

Ақыр  соңында,  саяси  және  азаматтық  құқық  туралы  Халықаралық  пактімен 

кепілденген,  адам  құқығын  қорғау  ережесі,  ешкімге  де  АСҚХП-мен 

мойындалған, еркіндік пен қандай да бір құқықты жоюға бағытталған қандай да 

болмасын әрекеттер немесе істермен айналысу  құқығын бермейді

xxviii


Еуропалық  адам  құқығы  бойынша  сотымен  (ЕАҚС)  шешілген,  Ахмет 



Елдеримнің Түркияға қарсы Ісі 

xxix


 , Интернетте өз ойын еркін жеткізуді шектеу 

саласындағы  сөз  еркіндігінің  халықаралық  стандарттарын  қолданудың  үлгісі 

болып  табылады.  Іс  Түркиядағы    Google  сайттарын  шектеу  туралы  сот 

шешімінің  нәтижесінде  блогын  көру  мүмкін  болмаған  аспирант  тарапынан 

көтерілген.  Сот  шешімі  өзге  адамның  ойын  білдіру  құқығын  шектеуге 

шығарылған  ,  ал  аспирант  қосымша  салдар  болды.    ЕАҚС  түріктік  заңнама 

ешқандай  сот  шешімін  бермегенін  (заңдық  өлшем  сақталмаған)    атап  өтіп, 


 

11 


соңғысының  пайдасына  шешті.  Мұнымен  қоса,  еуропалық  судьялар  осы 

аспирант  сынды  үшінші  жақ  тұлға  ойының  еркіндік  құқығына  шектеу  тым 

асыра әсер ететінін бекітті (д. қажеттілік өлшемі сақталмаған). ЕАҚС сонымен 

қатар, түрік билігі заңсыз мазмұнмен күрес үшін қиылысу шараларын шығаруға 

онша  талпынбады,  себебі  олар  Google  сайтын  онда  заңсыз  мазмұнды 

орналастырғаны және оны жою туралы соңғысын ескертпеген. 

 

Интернетте  ойды  білдіру  еркіндігі  шектеуіне  қандай  ұстанымдар 

қолданылады?  

 «Оффлайн  ортада  не  қолданылса,  онлайн  ортада  да  сол  қолданылады»  -  бұл 

қағидат  2012  жылы  Интернеттегі  адам  құқығы  туралы  резолюциясының  адам 

құқығы бойынша Кеңесінде бекітілген 

xxx

. Қағидадат болжамында айтылғандай: 



 

АСҚХП 19-бабы 3- тармағына сәйкес болуы тиіс (Жоғарыдан қараңыз). 



 

 Ойды  білдіру  еркіндігі  құқығы  АСҚХП-мен  мақұлданған,  кез  келген 



еркіндік  пен  құқықты  жоюға  бағытталған  онлайн-әрекетке  қатысатын 

адамдар тарапынан талап етіле алмайды (Жоғарыдан қараңыз).  

 

Онлайн  ортада  ойды  білдіру  еркіндігінің  қажеттілігі  туралы  шешімді 

қабылдау үшін қандай факторлардың маңызы бар? 

 

Онлайн  ортада  ойды  білдіру  еркіндігінің  қажеттігі  туралы  шешім 

қабылданғанда төрт фактор ескеріледі: 

 

1. Айтылу түрі                  



Халықаралық  құқыққа  сәйкес  кейбір  айту  түрлері  қорғаудың  жоғары  деңгейін 

ақтайды.  Мысалы,  қоғамдық  қызығушылықты  білдіретін  ақпарат,  еркіндік, 

саясат  жайлы  айтатын  БАҚ.  Осы  айтулар  түрін  шектеу  керек  пе  дегенді 

шешуде, мемлекет оны қарастыру барысындағы еркіндікпен шектелген.   



Столл  Швейцарияға  қарсы  ісіндегі

  xxxi

,  құпия  деп  саналатын  дипломатиялық 

стратегиялық  құжаттамаларды  жариялағаны  үшін  айыптауға  қатысты,  ЕАҚС 

журналистердің  жалпы  мүдделік  ақпараттарды  таратуына  араласуы  үшін, 

мемлекеттің өкілдігі  шектеулі деп атап өтті. 

 

Бұл мысалдан айырмашылығы, коммерциялық айтылымдар (мысалы, жарнама) 



немесе  зиян  келтірер  сөздерге  (кәмелетке  толмағандарды  қорғау  мақсатында)  

аз қорғаныс беріледі. 

Бұл айтылуларға  мемлекеттің шектеу қою қажеттілігін өз қалауынша шешуіне 

айтарлықтай кең өкілеттілігі бар. 

 


 

12 


Авторлық  құқықты  бұзғаны  үшін  қылмыстық  жауапкершілікке  қатысты,  

Нейдж  және  Сунде  Колмисопилер  Швецияға  қарсы

 

xxxii

  ісінде,  ЕАҚС 

интеллектуалды  жеке  меншікке  құқықты  қорғауды  қамтамасыз  ету  және 

қылмыстың  алдын-алу  мақсатында  (авторлық  құқықты  бұзу)  ойды  білдіру 

еркіндігіне құқықты шектеуге мемлекеттің мол өкілдігі бар деп бекіткен. 

Тура  сол  сияқты,  сайтында  айтарлықтай  тұрпайы  фотосуреттер  орналастырып 

және онымен қоса сайтқа кірушілердің алдын-ала тексерісі болмаған сайт иесін 

түрмеге  қамауға  қатысты,  Перрин  Великобританияға  қарсы

  xxxiii

,  ісінде,  ЕАҚС 

денсаулық  және  адамгершілікті  қорғау  үшін  мемлекеттің  ойды  білдіру 

еркіндігін шектеуге зор өкілдігі бар деп бекітті.

 

 

   



2. Мазмұны 

Жергілікті  заң  шығару  орындары,  қандай  мазмұн  заңсыз  болып  есептелетінін 

анықтаулары қажет.  

Қағида бойынша, ұйғарынды шектеу нақты және ерекше болуы тиіс; белгілі бір 

сайттар  мен  жүйелердің  қызметіне  жалпы  шектеулер  АСҚХП  жағдайымен 

үйлесімді  емес.    Сонымен  қатар,  АСҚХП  19-бабы  3-тармағымен  мемлекет 

қолдауымен  мемлекет  немесе  саясат  жүйесін  сынға  алатын  сайттағы 

материалдарды жариялауға тыйым салуға келіспейді.

xxxiv

  

Мемлекеттік  мекемелер,  реттеуші  органдар  немесе  сот  интернет-баспаның 



мазмұнын  қарастырғанда,  олар  бұл  мазмұнның  қоғамдық  тәртіп,  азаматтық, 

ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге,  өзге  тұлғалар  құқығына    және  басқа 

заңды көзқарастарға  қалай әсер ететінін қарастыруы тиіс.

 xxxv


  

3. Мәнмәтін 

Ойды білдіру мәнмәтіні оны шектеу қажеттігін бағалау барысында маңызға ие 

болады. Мысалы, жастарды қорғау ерекше көңілді талап етеді, өйткені олардың 

Интернеттегі осал тұстары өте жоғары. 

 

K.Ю.  Финляндияға  қарсы

 

ісіндегі,



  xxxvi

  Мемлекеттің  жасөспірімді  сексуалдық 

зорлыққа  ұшындырған  интернет-хабарламаның  авторын  жауапқа  тартып  және 

тексеруге  қабілетсіздігі  салдарынан  дербес  құқықтылықтың  бұзылғандығына 

түскен  шағымға  қатысты,  ЕАҚС  мемлекеттің  педофилдерден    балалар  үшін 

интернет-қорғауды ұсыну бойынша міндеттері бар екенін бекітті. 

 

 

ЕАҚС  бұл  жағдайда  Финляндияның  ұлттық  заңнамасы  онлайн  хабарлама 



қалдырған адамның тұлғасын ашуды қамтамасыз ете алмағандығы салдарынан, 

әйел немесе еркек екені актіде көрсетілмегенін атады. 

 

4. Ашық форум ретіндегі Интернет  



Интернетті  балалар  мен  жасөспірімдердің  осал  тұстарындағы  нақты  мәнмәтін 

көзқарасы  тұрғысында  бақылау  қажеттігіне  қарамастан,  мемлекет  АКТ 

(ақпаратты  коммуникациялық  технология)    саяси  партиялар  және  мемлекеттік 

емес  ұйымдар,  адамдардың  қолдануын  (соның  ішінде  интернет-форумдар, 



 

13 


блогтар,  саяси  чаттар,  жедел  хабар  алмасу  және  басқа  да  азаматтық 

коммуникациялар)  көтермелеуге  міндетті.

xxxvii

  Онлайн  ортада  пікір  білдіруге 



қойылған  кез  келген  шектеу  қоғамдық  қызығушылықты  білдіретін  мәселелер 

бойынша пікірсайысқа кері әсер етпеуі, сонымен қатар оған қоғамның қатысуын 

шектемеуі қажет. 

Онлайн 

ортада 

ойды 

білдірудің 

еркіндігін 

шектеудің 

нақты  

сипаттамалары бар ма? 

Интернетте  ойды  білдіру  еркіндігіне  шектеу  сипаттамасының  нақты  екі  түрі 

бар: 

1.

 



 Интернетте ойды білдіру саяси билік пен әр түрлі құқықтық дәстүр салдары 

болып  табылатын  көптеген  жергілікті  ережелерге  байланысты:  сол  себепті, 

мемлекеттерге  онлайн  ойды  білдіру  еркіндігін  шектеудің  жалпы  маңызын 

бағалау қиынға соғады. 

2.

 

Тіпті  Интернетте  ойды  білдірудің    белгілі  бір  түріне  рұқсат  етілмесе  де, 



ондай  шектеу  қойылмаған  шетелдік  заңмен  қорғанып,  бәрібір 

жауапкершіліктен  құтылуға  немесе  ұлттық  заңды  айналып  өтіп  кетуге 

болады.   

 

Бұл  жағдай  нацистік  ескерткіш  заттарын  Yahoo!



  xxxviii

  ақпаратты  порталының 

алпауыт интернет-іздеушісінде сатуға қатысты. АҚШ-қа қарағанда, Францияда 

мұндай  тауарды  сату  рұқсат  етілмеген.  Нәтижесінде  Францияда  Yahoo-ны 

өзінің онлайн аукционында нацистік заттарды сатуға қолдау көрсеткендері үшін 

сотқа  берген.  Дегенмен  де,  француз  заң  орындары  Yahoo-ны  өз  заңдарын 

бұзғандығы  үшін  сотқа  бергеніне  қарамастан,  АҚШ  соты  Yahoo-ға  қарсы 

шешімді қабылдамады.  



Мемлекет   теле-радио  хабар  таратушы  БАҚ  және  баспадан  жеке  онлайн 

ортадағы ойды білдірудің еркіндігін реттеуге міндетті ме? 

 «Оффлайн ортада не қолданылса, онлайн ортада да сол қолданылуы тиіс» деген 

қағидат, блогерлер, азаматтық журналистер мен интернет-БАҚ баспалық немесе 

теле-радио  хабар  таратушы  БАҚ  деп  қаралуы  тиіс  деген  сөз  емес.  Көптеген 

халықаралық  сарапшылар  және  құқық  қорғау  ұйымдары,  БАҚ-ты  реттеудің 

құқықтық  базасы  онлайн  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен  теле-радио  хабар 

тарату,  баспалар  арасындағы  ерекшеліктерді  есепке  алулары  қажет  деп 

санайды.


xxxix

  Бұл  ой,  дегенмен,  мемлекет  Интернетті  ұстауды  реттеу  заңын 

қабылдауы  тиіс  дегенді  білдірмейді.  Ондай  заң  қажет  емес,  себебі  зарарлы 

мазмұндар қазірде-ақ басқа заңдармен және өздігімен реттетеледі.

xl

 

Ойды еркін білдіру құқығына қатысты дербес жауапкершілік. 



БАҚ 

және 

журналистер 

жауапкершіліктері 

мен 

міндеттерінің 

ерешеліктері неде? 

АСҚХП  19-  Бабы,  3-тармағы  ойды  білдірудің  еркіндігі  құқығын  іске  асыру, 

ерекше  міндет  пен  ерекше  жауапкершілік  жүктейтінін  қарастырады. 

Журналистердің  ақпаратты  бұқараға  тарату,  басқа  адамдардың  құқығын 

құрметтеу,  журналистік  этиканы  сақтау  және  т.б.  міндеттері  мен 

жауапкершіліктері бар. 



 

14 


Интернет-БАҚ 

және 

азаматтық 

журналистер, 

блогерлердің 

жауапкершіліктері мен міндеттерінің ерекшеліктері неде? 

Журналистермен  салыстырғанда,  блогерлер  мен  азаматтық  журналистер 

этикалық  кодекстер  және  журналистік  стандарттарға  сүйенуге  міндетті  емес. 

Дегенмен, өз қалауларына қарай, олар  кәсіптік стандарттары немесе БАҚ-тың 

дәстүрлі  стандарттарына  сүйене  отырып,  өздерінің  этикалық  кодекстарын 

қабылдаулары  мүмкін.  Егер  олар  мұны  жасаса,  кәсіби  журналистердей  әрекет 

ете алады. 

Егер  блогерлер  тіпті  этикалық  кодекстерді  жазбаса  да,  олар  жауапкершіліктің 

келесі нормаларын ұстанулары қажет: 

Журналистердің  дербес  жауапкершіліктері:    Кәсіби  журналистер  жеке 

блогтарын  жүргізіп  немесе  азаматтық  журналистер  ретінде  іс  жүргізе  алады. 

Тіпті  сондай  жағдайда  да,  олар  журналистер  ретінде  өздерінің  кәсіптік 

міндеттерін сақтаулары тиісті. 

ЕАҚС-пен қаралған,  Азербайжанға қарсы Фатулаев ісі,  жалпыға  қол жетімді 

интернет-форумда  жасалған  өсек  жалаға  қатысты.  Және  де  Интернетте 

ақпаратты  жариялау  барысында,  журналистерге  сонымен  қатар  олардың  ойды 

еркін  білдіру  құқығын  іске  асыруға  байланысты  белгілі  бір  міндеттер  

қолданылатынын білдіреді. 

 

БАҚ-тың  интернет-мұрағаттарымен  байланысты  жауапкершіліктері:  БАҚ 



өздерінің  онлайн-мұрағаттары  үшін  жауапкершілік  атқарады,  себебі  олардың 

білімдік  және  зерттемелік  құндылықтары  бар.  Сонымен  қатар,  сондай 

жауапкершілік блогерлерге де қолданылуы мүмкін. 

Бизнесменге  жабылған  газет  санкциясына  қатысты  жалаға  байланысты  Таймс 



Газеті  Ұлыбританияға  қарсы  ісінде

  xli

,  ЕАҚС    мақала  жала  туралы  шағым 

нысаны  болғандықтан,  Интернет-мұрағаттағы  мақаланы  тиісті  біліктілікпен 

жариялауды  БАҚ-тан  қажетті  және  сәйкес  шешімде  талап  етті.    Мұндай 

жауапкершілікті 

ақтау, 

онлайн-мұрағаттарда 



ағарту 

және 


зерттеу 

құндылықтарының  барлығына  негізделеді,  сол  себепті,  олардың  мазмұндары 

әдепті болуы шарт. 

 

Дәстүрлі  БАҚ-қа  жүктелетін  міндеттер  интернет-БАҚ  пен  азаматтық 



журналистер, блогерлерге де қолданыла ма ? 

Дәстүрлі  БАҚ  сияқты,  интернет-БАҚ  та  жалпы  этикалық  және  кәсіптік 

стандарттарды ұстанулары тиіс. 

Блогерлер  мен  азаматтық    журналистер  кәсіби  журналистердің  этикалық 

кодекстарымен тығыз байланыста болулары шарт емес. Егер олар журналистік 

стандарттарды  ұстануға  келіссе,    болмаса  дәстүрлі  БАҚ  құсап  кәсіби 

стандарттарын  жасаған  болса,  онда  бұл  қосымша  артықшылықтары  есебінде 

қаралуы мүмкін.  

Түптеп  келгенде,  журналистердің  міндеттері  мен  жауапкершіліктерінің  көлемі 

адамның қолданатын техникалық құралы және нақты жағдайына тәуелді.

xlii

 Бұл 


қағида  блогерлерге  де  қолданылуы  шарт.    Блогерлердің  «міндеттері  мен 

 

15 


жауапкершіліктерін»  анықтау  барысында,  әсіресе  деректерге  қатысты, 

блогерлердегі бар техникалық құралдар мен ресурстар есепке алынуы тиіс. 

 


 

16 


 

3  БӨЛІМ 

Интернеттегі ойды білдіруді реттеудің қағидаттары 

Жалпы қағидаттар 

 Адам  құқығы  мен  Интернетті  реттеу  тығыз  байланысты.  Интернетке  қатысты 

ерекше  қағидаттардың  бірқатары  халықаралық  ұйымдардың  мойындауларына 

ие.  Бұл  қағидаттар  жергілікті  саясат  пен  заңдарды,  сонымен  қатар  олардың 

орындалуы мен іске асырылуын анықтаулары қажет. 

1.

 



Онлайндағы  адам  құқығы,  оффлайндағы  адам  құқығындай  қорғанысқа 

ие.  Интернетпен  басқару  механизмі  адам  құқығы  аясындағы 

халықаралық заңнамаларға сәйкес өзара байланыс және өзара тәуелділік, 

бөлінбейтіндік, олардың жан-жақтылығын растай отырып, барлық негізгі 

құқық пен еркіндікті қорғауды қамтамасыз етулері қажет.

xliii


 

 

2.



 

Онлайн-контентті  шектеу,  басқа  ресурстағы  контент  шектеуі  аясынан 

шықпауы қажет.

xliv


  

 

3.



 

Ақпаратты алдын-ала бақыланбауы керек.

xlv

 

 



4.

 

Интернетті  реттеу  қолданушылар  мен  техникалық  жұртшылық, 



азаматтық  қоғам,  жеке  меншік  секторы,  үкіметтің  толық  қатысуын  

қамсыздандырып,  олардың  міндеттері  мен  рөлін  ескере    отырып,  есеп 

бере және айқын, ашық өткізілуі тиіс.

xlvi


 

 

5.



 

Интернетке  қатысы  бар  саясат  пен  заңдар,  интернет-трафиктің  бөгетсіз 

трансшекаралық ағымына кері әсер етпеуі тиіс.

xlvii


 

 

6.



 

Интернетке  қатысы  бар  саясат  пен  заңдар,  мәдени  және  тілдік 

әртүрлілікті сақтай отырып, тіл мен сөзге қатыссыз жергілікті контенттің 

дамуына септігін тигізуі қажет.

xlviii

 

 



7.

 

Мемлекет  Интернеттегі  заңның  ұлықтылығын  қамтамасыз  етіп  және 



Интернеттегі қылмыстардан қоғам мен азаматтарды қорғауы шарт.

xlix


 

Нақты қағидаттар 

 

Интернет-журналистер,  азаматтық  журналистер,  блогерлерге  қатысты 



нақты қағыдаттар 

 

1.



 

 БАҚ  экоқұрылымының  әрекет  етуші  жаңа  тұлғалар  мен  сандық  медиа 

арқасында  болып  жатқан  дамуы,  градиентті  және  сараланған  тәсілді 

салыстырушы БАҚ-тың жаңа түсінігін анықтауды қажет етеді. БАҚ-тағы 

классификацияның 

жаңа 


түрлері 

коммуникациялық 

жағдайға 

байланысты. Жалпы ақпарат құралдарының жаңа классификациясы үшін 

көрсеткіштері  мен  өлшемдері  ішкі  заңнамамен  анықталуы  қажет.Олар 

өздерінің  бұқаралық  ақпарат  құралдары,бұқаралық  ақпарат  мақсаты,  

редакциялық бақылау немесе кәсіптік стандарттар, тұрғындармен жұмыс 

және қоғамдық үмітке ынталылықтарын қосулары қажет. БАҚ-тың жаңа 



 

17 


анықтамасы,  сандық  бұқаралақ  ақпарат  құралдарының  (интернет-БАҚ 

және  блогерлер),  егер  олар  белгіленген  өлшемдерге  келетін  болса 

(мысалы,  журналистер  дереккөзінің  құпиялылығын  қорғау  құқығы), 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  нақты  құқықтарынан  пайда  көру 

мүмкіндіктері үшін қажет.

l

  



 

2.

 



Қызмет көрсетуден бас тарту тәуелсіз веб-шабуыл болып есептеледі.

li

 



 

3.

 



Дәстүрлі 

бұқаралық 

ақпарат 

құралдарымен 

қатар, 

қоғамдық 



қызығушылық  танытатын  мәселелер  бойынша  пікірсайыстар  өткізуші 

блогерлер  және  интернет-  платформалар,  әлеуметтік  бақылаушылар 

рөлін ойнайды.

lii


 

Қызмет жеткізушілерге байланысты, нақты қағидаттар 

 



Қызмет  жеткізушілер  (интернет-провайдерлер  сияқты)  шектеулер  мен 

сүзгілер құру үшін нұсқаулықтар енгізулері қажет.

 liii

 

 



 

Қызметті  жеткізушілер  мемлекеттік  саясатқа  ықпал  етуші  әрекеттердегі 



әлемдік қоғамдыстық  есеп берушілік және  айқындықты қамтамасыз  ете 

отырып,  техникалық  және  пайдалану  мәселесіндегі  жетекші  рөлді 

сақтауы тиіс.

liv


 

Интернет-қолданушыларына байланысты, нақты қағидаттар 

1.

 



 Адамдарға  интернетті  басқаруға  қатысу  құқығын  қоса  алғанда,  белгілі 

бір интернет-құқық берілуі шарт, мұнымен қоса олар жеке ұйымдар мен 

мемлекет  тарапынан өз құқықтарына тиімді қорғау  ала отырып, заңсыз, 

қажетсіз  немесе  сәйкес  келмейтін  араласушылыққа  ұрынбай  өз 

құқықтарын жүзеге асыра алатындай болулары керек.

lv

 



 

2.

 



Қолданушылардың,  өздері  таңдаған  құрылғыларды  қолдана  отырып, 

қызметтер  мен  ұсыныстарға  (ақылы  және  ақысыз),  интернет-контентке 

жоғары қол жетімділік мүмкіндіктері болуы қажет.

lvi


 

 

3.



 

Адамдар өз интернет-сайттарының атауларын таңдау мүмкіндіктеріне ие 

болулары  керек.  Домендік  атаулар  және  атау  жолағы  сынды  интернет-

сайттардың атауына қатысты пікір білдіру еркіндігі, сөз еркіндігі құқығы 

нормаларын  қолдану  шеңберінен  шықпауы  қажет.  Бұл  құқық    жеке 

сектор  интернет-компаниялары  қызметтерінің  талаптары  мен  жалпы 

ережелерінен басым болуы қажет.

lvii


  

 

 

 

 

 

 

 

18 


4 БӨЛІМ 

Онлайн-контентті реттеу және БАҚ  конвергенциясы 

БАҚ  конвергенциясы дегеніміз не? 

Сандық  технология,  соңғы  тұтынушыларға  сапалы  ақпаратты  беретін, 

қабылдағыш  стандарттарына  сәйкес  икемделіп,  сандық  биталарына  өзгеретін 

дыбыс  пен  бейнені  білдіреді.  Сандық  технологиялар  БАҚ-қа  өз  контентін 

(мазмұнын)  әр  түрлі  платформаларда  орналастыруға  мүмкіндік  берді:  мысалы, 

газеттер өз мазмұндарын Интернетте сақтай алады және олардың веб-сайттары 

оқушы  қауымға  онлайн  форум  арқылы  жаңалықтар  жеткізуші  немесе  басқа 

оқушыларымен  өзара  қатынас    мүмкіндік  беретін  интерактивті    және  бейне 

атқарымдарын ұсына алады. Тура сол сияқты, телерадиокомпаниялардың баспа 

БАҚ-пен бәсекелесуші мәтіндік сайттары болуы мүмкін. 

Сандық  технологиялар  қосымша  қызметтерлің  туындауына  әкелді.  Бұрын  бір 

тәсілмен жасалынатындар, енді бірнеше жолдармен жасалынуы мүмкін болды. 

Мысалы,  адамдар  соңғы  жаңалықтармен  өз  ұялы  телефондары  немесе  ДК, 

ноутбук  болмаса  планшеттері  көмегімен    таныса  алады.  Мұнымен  қоса, 

адамдардың  қазір  нені  қай  уақытта  көргілері  келетінін,  сонымен  қоса  өз 

контентін түрлендіру мүмкіндіктері бар. 

Сандық  технологияларды  қолдану  және  Интернетті  дәріптеу,  «БАҚ-ты 

конвергенциялау» сынды әйгілі үдерістің туындауына әкелді. Бұл үдеріс медиа-

контент  пен  коммуникациялық  және  ақпараттық      технологиялар  арасындағы 

өзара байланысты білдіреді, сонымен қатар БАҚ-дың өз араларындағы және де 

БАҚ-пен  телекоммуникациялық  технологиялар  (телефондар,  спутниктік 

теледидарлар, интернет) арасындағы шекараларды жояды. 



 Интернет-БАҚ-ты реттеу қажет пе? 

Дәстүрлі  БАҚ  жайындағыдай,  Интернет-БАҚ-ты  реттеу  қоғамдық  құқық 

ережесін  немесе  ұлттық  қауіпсіздік  мәселесін  бақылау,  авторлық  құқық  пен 

заңды  қызығушылықтарды,  жеке  өмір  мен  беделдің  дербес  құқықтылығы 

сынды  құқықты  қорғау  үшін  қажет.  Сонымен  қоса  Интернетті  реттеу  сөз 

еркіндігіне  тосқауыл  қойып,  ықпалды  веб-сайттар  мен    іздеу  жүйелеріне   

интернеттегі ойды еркін білдіру жетістігін өз қалауынша анықтауға жол бермей, 

демократикалық үдерісті жеңілдетуге көмегі болғанда ғана ақталуы мүмкін. 



Конвергенция БАҚ-ты реттеуде қандай мәселелер туындатады? 

БАҚ    конвергенциясы  БАҚ  қызметін  реттеудегі  әрекет  етуші  моделінің  түпкі 

мәселесін көтереді.Бұрындары БАҚ тек бір платформаны (газеттер, журналдар, 

теледидар, радио) қолданып және кең көлемдегі бұқара немесе жеке клиенттер 

арасында  таратып,  оған  балалар  қол  жетімділігі  және  т.б.  аудиторияларға 

олардың  ықпалы  деңгейіне  байланысты    әр  түрлі  реттеу  деңгейінің  нысаны 

болды.  Конвергенция  БАҚ-қа  өз  контентін  таратуға  әр  түрлі  платформаларды, 

сонымен  қатар  онлайн  мәтіндер,  бейне  және  аудио  материалдарды  қолдануға 

мүмкіндік  берді.  Мұнымен  қоса,  қазіргі  кезде  әр  қалаушы  онлайн-контентке 

жеңіл  қол  жеткізе  немесе  сондай  контент  жасай  алады.  Журналистер  мен 

журналист емес адамдар арасындағы айырмашылықтар білінбей бара жатыр. 

 


 

19 


      БАҚ-ты конвергенттік ортада реттеу

 мәселесіне: 

 

Кім  бұқаралық  коммуникацияны  бақылауға  тиіс:  стандарттарын  жасап 



және олардың орындалуын бақылау? 

 



Әр  түрлі  БАҚ-тың  мазмұнына  болашақта  қандай  стандарттар 

қолданылуы  тиіс?  Баспа  және  хабар  таратушы  бұқаралық  ақпарат 

құралдарына 

қолданылатын 

стандарттар, 

интернет-БАҚ-қа 

да 

қолданылуы  мүмкін  бе?  Адамдар  интернет-контентке  қарағанда, 



теледидар  бағдарламалары  үшін  неғұрлым  жоғары  деңгейлі  қорғауды 

күте ме? Шегін қай жерден жүргізу қажет? 

 

Кімдер  интернет-ортада    журналистер  және  журналистер  емес 



(азаматтық  журналистика)  болып  табылады?  Интернет-журналистермен 

қандай құқық кепілденуі қажет? 

 

Реттеуші органдар арасында  конвергенция қажет пе? 



 

Қоғамдық  қызығушылыққа  құндылығын  білдіретін,  дұрыс  әрі  бәсекеге 



қабілетті сандық БАҚ-ты қалай қамтамасыз етуге болады? 

 



Каковы  государственные  пошлины  для  Конвергенттік  БАҚ-қа 

мемлекеттік  баж  салығы  қандай?  Мемлекетте  дәстүрлі  БАҚ-тың 

конвергенттікке  өту  үдерісіне  араласуы  тиіс  пе?    Олар  жаңа  медианың 

дамуына себепкер болулары тиіс пе?  

 

Конвергенттік ортада БАҚ-ты қалай реттеу қажет? 

 Заңнамадан еркін аймақ ретіндегі интернет болмайды. Бақылау қажет, мысалы 

үшін,  Интернет  арқылы  таралатын  терроризмге  арандатушылық,  балалар 

порнографиясы,  және  т.т.  қатысты  жалпы  келісім  бар.  Дегенмен,  мемлекет 

Интернеттегі диффамация туралы заңнаманы қолдану туралы, провайдерлердің 

жауапкершіліктері  және  басқа  коммуникациялық  құралдарын  қолдану  жайлы 

ешқандай келісімге әлі жеткен жоқ. 

БАҚ  конвергенциясын  реттеу  моделіне  ерекше  тәсіл  әзірге  жоқ.  Кейбіреулер 

бұл  жерде  радикалдық  тәсіл  қажет  деп  есептеп,  ережелер  мен  реттеулерді 

өзгертуге  шақырады;  кейбірі  қазіргі  кезде  қалыптасқан  статус-кво-ны  қолдаса, 

қайсібірі өздігінен реттелу мен бірлесіп реттеуді ұсынуда. 

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы конвергенциясы туралы қандай заңнамалық 

шешімге  қол  жеткізілсе  де,    одан  тәуелсіз  түрде  олар  БАҚ      плюрализмі  және   

еркіндігі, ой еркіндігіне құқықты қамтамасыз етулері қажет. 

 

Журналистердің 



тексерілмеген 

интетнет-дереккөздерін 

қолдануларына 

қатысты,  Украинаға  қарсы  «Әділ  іс»  редакция  алқасы  және  Штекель  ісінде,  

ЕАҚС  ойды  еркін  білдіру  құқығын  Интернеттегі  журналистердің  ойларын 

білдіру еркіндіктерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті нормативті 

базаны жасауға мемлекетке оң міндеттер жүктеуші ретінде түсіну қажет екенін 

мойындады.

lviii

  

Украиндық  «Әділ  іс»  газеті  жергілікті  басшыларды  қылмыстарымен 



айыптайтын анонимдік хатты  веб-сайтта жария етті.   

 Газет, 


хаттың  Интернетте  жарияланып  және  оның  тексерілмегенін 

 

20 


көрсеткенімен,  украиндық  сот,  бұл  шенеуніктердің  атына  кір  келтірді  деп 

тапты. Жергілікті сот, украиндық заңнама журналистерді басқа БАҚ-пен жария 

етілген  сілтемелік  материалдары  үшін    азаматтық  жауапкершіліктен 

босатылатындарын атады. 

ЕАҚС,  Интернеттен  алынған  ақпаратты  қолдануды  украиндық  заңнама  шала 

түсіндіреді, нәтижесінде, газет бұл қорғаныс нормасының олардың ісіне қатысы 

жоқ екенін болжалдай алмады деп бекітті.  ЕАҚС ойды еркін білдіру құқығын 

Интернеттегі  журналистердің  ойларын  білдіру  еркіндіктерін  тиімді  қорғауды 

қамтамасыз  ету  үшін  қажетті  нормативті  базаны  жасауға  мемлекетке  оң 

міндеттер жүктеуші ретінде түсіну қажеттігін бекітті.

lix

  

 



Бұқаралық коммуникацияны кім бақылайды? 

Жаңа  медиа-технологиялар  интерактивті  қосылулар  мүмкіндігін  береді. 

Коммуникациялық  құрылым  ғалами,  жекешеленген  және  бағынышты  емес. 

Интернетті  ешкім  бақылауда  ұстап  және  қолдап  тұрмағандай,  миллиардтаған 

жекешеленген  компьютер    операторлары  және  желілері  бір  бірімен  қандай 

түрде  байланысатындарын  өздері  шешіп,  соның  нәтижесінде  істеп    тұрғандай 

көрінеді. 

Интернеттің жекешеленген құрылымы, БАҚ шет елде жұмысын атқарып жүріп, 

мемлекеттік  шектеулерден    құтылып  кетулері  мүмкін  дегенді  білдіреді. 

Дегенмен  де,  мемлекет  контентті  цензуралап  немесе  стандарттарды  сақтауды 

қамтамасыз ету үшін, интернет-провайдерлары сияқты  интернет-делдалдарына 

талаптар қою жолымен, Интернетті бұрынғыдай бақылай алады. Мұнымен қоса, 

интернет  жүйесі  ұлттық  деңгейде  орталықтандырылуы  мүмкін  болғандықтан,  

мемлекет  интернеттің  архитектурасы  мен  бағдарламалық    кодын  бақылай 

алады.  

2011  жылғы  бүкіл  египеттік  интернеттің  жабылуы,  мемлекеттің  интернетті 

бақылауында  ұстауының  дәлелі:  Египетте    2011  жылы  үкімет  интернетті  үзіп 

тастады,  олар  азаматтық  наразылық  акциясы  кезінде  адамдардың  оны  кеңінен 

қолдануы,  мемлекет    мүддесіне    қауіп  төндіреді  деп  күдіктенді.  Желіден  үзу, 

өкіметтің  интернет-трафикке  елге  кіруіне  және  одан  шығуына  сервер  арқылы 

көмектесетін,    қосымша  интернет-қызметтер  қабаты  бар,  ұлттық  брандмауэр 

құруы арқасында мүмкін болды. 

Келесі жағынан, интернет-провайдерлары сияқты, жеке интернет-делдалдары да 

Интернеттегі  ақпараттар  ағынын  өздігінен  бақылай  алады.  Өзінің 

демократиялық  сипатына  қарамастан,  интернет  сөз  еркіндігіне  жеке  шектеу 

немесе жеке субъект тарапынан қарсы-бәсекелестік өткізілуі қаупін сақтайды. 

 

Интернеттегі мәтіндік мазмұнға қандай ережелер қолданылуы тиіс? 

Сөз  еркіндігі  көзқарасы  тұрғысынан  заңдар  баспалық  БАҚ-тың  мазмұнын 

реттеуге  міндетті  емес  деген  жалпы  түсінік  бар.  Мұндай  мазмұндар  ар  мен 

бедел,  жеке  өмірге  қол  сұқпаушылық,  ұлттық  қауіпсіздікті  қорғау  және  т.б. 

немесе  өздігінен  реттелуі  туралы  жалпы  заңға  сәйкес  болуы  шарт. 

Демократиялық елдердегі  баспалық БАҚ  мазмұнына қойылар талаптар, БАҚ –



 

21 


тың  өздері  қабылдаған  этикалық кодекстарында  жазылған.  Талап  репортаждар 

(мәселе  тексерудің  әділетсіз  әдісі,  сөйлеген  сөздерде  өшпенділікке  уәждеу, 

диффамация  жайлы)  немесе  әлеуметтік  мәселелерден  (куәгерлер  мен 

қылмыскерлер,  есеп  беруге  байланысты  үшінші  жақтан  сыйлық  болмаса  ақша 

алу және т.б.) келген зияннан үшінші жақ тұлғаны қорғауға  топталған. 

Онлайн-контент қорғаушылары, баспалық БАҚ контентінің қорғаушыларындай 

демократиялық  мақсатқа  қызмет  етеді.  Осындай  жолмен,  онлайн-контентті 

реттеу  үшін  қосымша  арнайы  заңның  қажет  еместігін  бекітуге  болады.  Бұның 

орнына, БАҚ өзін-өзі реттеуші немесе жалпы заңды, мысалы, жала немесе жеке 

өмір құқығын реттеудің мәні бола алады. 

Басқа  жағынан,  кейбір  жағдайларда  БАҚ  плюрализмін  қамтамасыз  ету  үшін 

құқық  ережесіндегі,  олардың  контенттерінің  сапасы  мен  нақтылығын, 

балансын, растығын көтермелеу уәжді екенін растауға болады. Мысалы, барлық 

онлайн БАҚ-тың тек  үкіметті  немесе оппозицияны қолдау жағдайы, БАҚ-тың 

әр  түрлілік  пікіріне  қайшы  келеді  және  ондайға  жол  берілмеуі  тиіс.  Мұнымен 

қоса,  қоғамдық  теле-радио  хабар  таратушылар  өздерінің  веб-сайттарындағы 

орналасқан  ақпараттардың  үйлестірілген,  әділдігін  сақтауға  міндетті  болулары 

мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет