6. С++ – объектіге бағытталған C тілінің кеңейтілген түрі, оны 1980 ж. Бьярн Страус труп жасап шығарды.
7. Java тілін 1990-шы жылдары басында С++ тілін негізге ала отырып, Sun компаниясы шығарды. Ол С++ тілінен төменгі деңгейдегі мүмкіндіктерді алып тастап, қолданбалы програм- малар жасауды оңайлату мақсатында жасалды. Тілдің басты ерекшелігі – оның маши налық кодқа түрленбей, бірден плат- формалы-тəуелсіз байт-кодқа (əр команда бір байт орын алады) түрленуі болды. Осындай код виртуалды Java-машина (JVM) интерпретаторы көмегімен орындалады.
8. С# ("Си-шарп" деп айтылады) тілін Microsoft ком па- ниясының маманы Андерс Хейлзберг (Anders Hejlsberg) жаңа объектіге бағытталған программалау тілі ретінде С, C++, Java, Паскаль тілдерінің негізінде жасап шығарған. С# тілі Microsoft фирмасының .NET (дот-нет) архитектурасы үшін программ алар жазуға арнал ған тілі. .NET – программалау технологиясындағы жаңа плат форма, ол желіге қосылған компьютерлерге арналып жасалған. Бұл технология Visual Studio.NET деп аталады да, оның жұмыс ортасында Visual Basic, басқар ыл атын С++ жəне С# тілдерінде программалар жасау қарастырылған, бірақ ол осылар- мен ғана шектеліп қалмайды. С# тілінің мүмкіндігі Java тілімен қатарлас, осы екі тіл қазіргі алдыңғы қатарлы технологияларға жатады.
Программалау жүйесі – программалауды автоматтандыру құралдары. Олар программа лау тілінен, осы тілдің трансляторы- нан, құжаттамаларынан жəне де программаларды дайындау, əрі орындау құралдарынан тұрады.
Транслятор – бір тілді екінші тілге аудару программасы. Ол интерпретатор жəне компилятор сияқты екі топқа бөлінеді.
Интерпретатор – бұл командаларды аударып, оларды бірден орындауға арналған трансляторлық программа.
Компилятор – бұл алгоритмдік тілдің конструкцияларын толығымен машиналық кодқа түрлендіретін программа. Есептің нəтижесін алу үшін машиналық кодты орындау керек.
Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелері бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді.
Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады.
- оқу үрдісінде дидактикалық материалдарды дайындауды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау.
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде материалдарды дайындаудың үлгілерін пайдалану әдістемесін жасау.
- мұғалімдердің дидактиканы меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктілігін жетілдіру.
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін сабақта пайдалануға үйрету.
- мектептің материалдық-базасын нығайту.
Бірінші кезең – информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптерді білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды.
Екінші кезең – информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктерін оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Мақсаты:
- дидактиканың тиімділігін оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
- мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды болжау;
- білім беруді тапсырмалар жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру;
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
- педагог мамандардың сабақта дидактикалық функцияларды пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу;
- педагог мамандарды дидактиканың үлгілерін өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
Оқу сабағының түрі. Сабаққа пән дидактикалық функциялары