Интерпретатор, компилятор


Жоғары деңгейдегі программалау тілдері



бет2/5
Дата24.06.2022
өлшемі20,47 Kb.
#37255
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Жоғары деңгейдегі программалау тілдері нақты бір компьютерлік архитектура ерекше ліктерін есепке алмай жұмыс істейді, сондықтан олар процессорға сəйкес транслятор жазылған басқа компьютерлерге оңай көшіріледі.
Жоғары деңгейдегі программалау тілдерінде программа жазу машиналық тілдерге қарағанда анағұрлым жеңіл. Жоғары деңгейдегі программалау тілдері:
1. Фортран – өткен ғасырдың 50-ші жылдары жасалған, ма- шиналық тілге компилятор арқылы аударылатын алғашқы тіл. Мұнда программалаудың бірсыпыра маңызды түсініктері жүзеге асырылған еді. Осы тілде статистикалық есептерге арналған қарапайым кешендерден бастап, жер серіктерін басқаруға арналған есептерге дейін көптеген кітапханалық програм ма лар жасалған болатын, сондықтан ол көптеген мекемелерде осы кезге дейін пайдаланылып келеді.
2. Кобол – өткен ғасырдың 60-шы жылдары басында жасалған, эконом и калық есептер шығаруда қолданылатын, машиналық тілге компилятор арқылы аударылатын тіл. Коболда сыртқы мəлімет сақтау құрылғыларында сақталатын көлемді мəліметтерді өңдеудің қуатты мүмкіндіктері жүзеге асырылды.
3. Паскаль – өткен ғасырдың 70-ші жылдары аяғында швейцар математигі Никлаус Вирттің программа лауды үйрету мақсатында қолдану үшін арнайы жасаған тілі. Ол адамның алгоритмдік ойлау қабілетін қалыптастыратын, көпшілікке түсінікті қысқа программа жазуға қолайлы, алгоритмдеудің негізгі тəсілдерін көрсетуге жəне де ірі жобаларды да жүзеге асыра алатын тіл болды.
4. Бейсик (Basic) – бұл да өткен ғасырдың 60-шы жылдары программалауды үйренушілерге арна лып жасалған қарапайым тіл болды. Бұған да арнайы компиляторлар мен ин терп ретаторлар жасалып, ол көпшілікке кең тараған, игеруге жеңіл прогр аммалау тілдерінің бірі болды.
5. C – 1970-ші жылдары шықты, ол алдымен көпшілікке ар- налып жасалм аған тіл еді. C тілі нақты процессорға тəуелді емес, қысқа, əрі тиімді прог раммалар жасайтын ассемблер орнына пайдалану үшін жоспарланған тіл болатын. C тілінің көптеген қасиеттері Паскаль тіліне ұқсас болғанымен, оның компьютер жадымен тікелей жұмыс істей алатын жаңа мүмкіндік тері бар еді. Осы тілде көптеген қолданбалы жəне жүйелік программалармен қатар Unix операциялық жүйесі де жазылып шыққан болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет