Интонация (лат. intono) –сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөзді, сөз тіркесін сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі.
Интонация
Интонация (лат. intono) –сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөзді, сөз тіркесін сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі.
Қарқындылық – (лат.intensio - қарқын) дыбысты, әсіресе дауысты дыбысты айтуда өкпеден шығатын фонациялық ауаның күшеюі мен солғындау дәрежесі
Екпін
Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Екпін
сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Сөз iшіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
Ой екпіні — сөйлемдегі бір сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады. Ой екпіні тұрақты емес. Мысалы, Бүгін әкем ауылға кетті. Әкем ауылға бүгін кетті. Бүгін ауылға әкем кетті.
Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.
Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.
Логикалық және тіркес екпіні – ауыз-екі сөйлеуде логикалық екпін сөйлеушінің қай сөзге айрықша назар аударуды қажет санап тұрғанын ажыратуға мүмкіндік береді.
Фразалық екпін
Фразалық екпін – фразаның аяқталғанын білдіретін және оның коммуникативтік типін айқындайтын интонациялық просодикалық бірлік.
Кейде осы мағынада «интонациялық орталық» термині қолданылады.
Фразалық екпінді бастапқыда логикалық екпін деп атаған. Бірақ фразалық екпін туралы мұндай түсінік бейтарап және әдейі басыңқы әсермен айтылған ой-тіркестерді бір-бірінен ажырату мүмкіндігін бере алмайды. Мысалы: «Менің сырт киімімді әперіп жіберіңізші» және «Менің сырт киімімді әперіп жіберіңізші».
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3