Интонация, модальдылық, предикаттық белгілерді оқыту әдістері


Модальдылық ұғымының мәні, сөйлемге тән модальдылықты анықтайтын грамматикалық көрсеткіштер, оларды оқытудың мәні мен жолдары



бет4/5
Дата02.03.2023
өлшемі30,62 Kb.
#71335
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
2. Модальдылық ұғымының мәні, сөйлемге тән модальдылықты анықтайтын грамматикалық көрсеткіштер, оларды оқытудың мәні мен жолдары
Модальдылық (лат modus – өлшем, тәсіл) – философия мен логикада объектілердің (пікірдің субъектісі мен объектісі) арасындағы байланыстың сипаты. Пікірлерді модальдығына қарай бөлуді алғаш Аристотель енгізген. Кант пікірлерді модальділік бойынша ассерторика (шындық пікірлері), аподиктика (қажеттілік пікірлері) және проблематика (мүмкіндік пікірлері) деп ажыратқан. Қазіргі модальдық логикада модальділік бір жағынан, алетика (лебіздерге немесе предикаттарға қатынасында) және деонтика (іс-әрекеттерді білдіретін сөздерге қатынасында), екінші жағынан, абсолютті (шартсыз) және салыстырмалы (шартты) болып бөлінеді. Қазіргі логикалық семантикада модальділікке “ақиқат” және “жалған”, сондай-ақ “дәлелденеді” және “дәлелденбейді”, “терістеледі” деген ұғымдар да жатқызылады.
Модальдылық категориясы әр түрлі лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Модальдылықтың тілдегі көріністерін айқындайтын тәсілдерге рай, жақ, шақ түрлері, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі, кейбір шылау, модаль сөздер, демеуліктер, сөйлем типтері, интонация жатады. Модальдылық категориясы объективтік және субъективтік деп бөлінеді.
Объективтік модальдылық сөйлемде предикативтілікпен өте тығыз бірлікте көрініп, сөйлем мазмұнының шындыққа (реальды-ирреальды) қатысын сөйлеуші тарапынан жүзеге асырады. Сөйлеуші өз сөзін объективтік шындыққа көзқарасы негізінде құрайды. Модальдылық категориясы мен предикативтілік тығыз байланысты болғанымен, олардың өздеріне тән өзгешеліктері бар. Предикативтілік сөйлемнің мағыналық топтарға бөлінуіне әсер етпейді, ал модальдылық - сөйлемнің типтік жағынан түрленуіне әсер ететін құбылыс. Объективтік модальдылықты білдіретін тәсілдердің бірі — етістіктің рай категориясы. Рай категориясы синтетикалық және аналитикалық формалар арқылы беріледі (барғайсың, барсам екен, барғым келеді).
Модальдылық пен рай категориясы өзара байланысты болумен бірге өзіндік ерекшеліктері бар дербес категориялар деп танылады. Сөйлемнің модальдылығы мен райдың модальдылығы бір емес. Сөйлемнің модальдылығы айтылған пікірдің барлық жағына қатысты болса, райдың модальдылығы етістік баяндауышқа қатысты болады да, сөйлемнің модальды болуына әсер етеді. Рай, шақ және жақ формалары тығыз бірлікте келеді. Сөйлемнің мазмұны барлық уақытта жаққа қатысты іс-әрекетті шаққа байланысты көрсеткенде ғана ол объективтік шындыққа сай ретінде керінеді. Субъективтік модальдылық сөйлеушінің сөйлем мазмұнына әр түрлі жеке көзқарасын білдіреді. Субъективті модальдылық жасайтын тәсілдерге демеуліктер, модаль сөздер жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет