Ықпалдың түрлері.Ассимиляция құбылысы және диссимиляция туралы түсінік. Қарастырылатын мәселелер: - Дыбыстар өзгеруінің түрлері.
- Ықпалдың түрлері.
- Ассимиляция құбылысы және диссимиляция туралы түсінік.
Дыбыстар өзгеруінің: Комбинаторлық өзгерістер: - Көршілес дыбыстардың біріне-бірі тигізген ықпалымен байланысты болады: белгілі бір дыбыстың екінші дыбысқа алмасуы, кейде дыбыстың түсіп қалуы немесе тыңнан бір дыбыстың пайда болуы (игерулі өзгерістер).
Спонтандық өзгерістер: - Көршілес дыбыстардың бір-біріне тигізген ешқандай ықпалы болмайды, дыбыс өзгерісі өзге дыбыстың ықпалына емес, өздігінен құбылып отырады:шелек-челек, Айша-Ғайша, Ғалы-Қали-Әли. Бұл құбылысты игерусіз өзгерістер деп те атауға болады.
Ассимиляция: - бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз көлемінде түбір мен қосымша, сөздер аралығында тетелес келген көрші дыбыстардың үндесуін ассимиляция дейміз.
Ассимиляцияның түрлері: Прогрессивтік ассимиляция - Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа артикуляцпя жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін прогрессивтік ассимиляция дейміз.
Прогрессивтік ассимиляцияның төмендегідей ерекшеліктері бар: - І. а) Үнді дауыссыздар өзінен кейін үнді, ұяң дауыссыздардың келуін қалайды: Мысалы:шал-дың, шал-ға, шал-мен, тау-дың, тау-ға, тау-лы.
- б) с, ш дыбыстарының тіркесуі:
- Мысалы: мал-шы, мал-сақ, аң-шы, жан-са, ем-ші.
- в) т дыбысының тіркесуі:
- Мысалы: жөнел-т, ойлан-т, ағар-т
- г) [қ-ғ], [к-г] алмасулары:
- Мысалы: ай қабақ (айғабақ), мал қора (малғора), бір күні (біргүні).
Прогрессивтік ассимиляцияның төмендегідей ерекшеліктері бар: - ІІ. а) Ұяң дауыссыздар өзінен кейін тек ұяң дауыссыздар келуін талап етеді: Мысалы: жаз-ға, қыз-дың, қыз-бен
- б) [қ-ғ], [к-г] алмасулары:
- зк: жаз келді (жазгелді)
- зқ: қағаз-қалам (қағазғалам)
- жк: стаж керек (стажгерек)
- жқ: стаж қайда (стажғайда)
- Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін регрессивтік ассимиляция дейміз.
Регрессивтік ассимиляцияға дауыссыз дыбыстардың төмендегідей позициялық алмасулары кіреді: - [н - ң] дыбыс алмасуы: жонғыш (жоңғыш), жөнге (жөңге);
- [н - м] жанбады (жамбады), сөнбеді (сөмбеді), жанмен (жаммен);
- [з - с] қазса (қасса), сезсе (сессе)
- [з - ж] көз жүгірту (көжжүгірту), боз жорға (божжорға);
- [з - ш] тазша (ташша), сөзшең (сөшшең);
- [қ - ғ], [к - г] алмасулары:
- қж: ақ жауын (ағжауын); қд: ақ дала (ағдала); қз: жоқ зат (жоғзат);
- кж: Бекжан (бегжан); кз: Бекзада (бегзада); кд: көк дәрі (көгдәрі)
- [п - б] көп жер (көбжер), көп зиян (көбзиян); [с - ш] жұмысшы (жұмұшшұ), кесші(кешші).
Диссимиляция - (лат. dissimilatio – ұқсамау, өзгешелену) ұғымы - ассимиляцияға қарама-қарсы комбинаторлық өзгерістің бір түрі.
- Сөз ішінде қатар келген ұксас немесе бірдей дыбыстардың сөйлеу тілінде өзге дыбысқа айналуы.
- Алла - алда, молла - молда, балалар - балдар, коридор-колидор
Прогрессивтік ассимиляцияның төмендегідей ерекшеліктері бар: - ІІІ. а) Қатаң дауыссыздар өзінен кейін тек қатаң келуін талап етеді.Мысалы: тас-қа, тас-та, тас-пен
- б) [с-ш] алмасуы: ашса (ашша), шешсе (шешше).
Достарыңызбен бөлісу: |