Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата06.03.2017
өлшемі8,74 Mb.
#7632
1   2   3   4   5   6

Гүлім САДЫРБЕК

Студенттік медиа клуб мүшесі

Тоқымқағар. Жас адам жолға шыққанда 

жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал 

сойылып, сыйлы мүшелер салынып ет асы-

лып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, 

өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан 

жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі 

аман келсін деген жақсы тілек білдірудің 

белгісі.


Ақ құйып шығару. Халқымызда: «Үйге 

кірген жыланға да ақ құйып шығарады» де-

ген мәтел бар. Қазақтың ақ деп атайтыны: 

сүт, қымыз, шұбат, айран. Қалың өрт келіп 

қалғанын да алдынан ақ шашады, үйге жылан 

кіріп кеткенінде басына сүт не айран құйып 

үйден шығарып барып өлтіреді. Бұл қазақтың 

үйіне келген жауына да жамандық жасамай-

тын ұлттық мінезінен шыққан әдет.

А қ с а р б а с   а т а у .   Қ а у і п - қ а т е р г е 

ұшырағанында «А, Құдайым оңдасын! Мені 

осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп 

құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда 

«Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын 

қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам 

ауыл аймағын шақырып құдайы берген. 

Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа 

(қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа 

(сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын 

айтса, соны құдайыға союға тиіс.

Асату. Бұл дәстүр Сәбит Мұқановтың 

«Халық мұрасы» деген кітабында толық 

баяндалған. Дастарқан басында ет жеп 

отырғандар тоғая бастағанында, төрде 

отырған ақсақал қалған етті қолымен 

қонақтарға, жас балаларға асатады. 

Бұрындары ауыл балалары ет асаймыз деп 

қонақ келген үйдің қасында жүретін болған.



Қазан шегелеу. Жақын туыс, әзіл-

қалжыңы жарасқан адамдардың үйіне екі-үш 

адам бірге барып: «Осы үйдің қазанын шеге-

лей келдік» дейді. Бұл олардың түстеніп, ет 

жеуге келгендігі. Үй иесі оған әзілмен жауап 

қайтарып: «Жақсы болды, қазан шегелейтін 

адам таба алмай отыр едік» деп қонақжайлық 

танытады, әйелі ет асып қонақасы береді.



Ат тұлдау. Ер адам қайтыс болғанында 

мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, 

оны бос жібереді де, өлген адамның жылында 

сол атты әкеліп сояды.



Аунату.  Қазақтар үйіне келіп қонақ 

болған, қонып кеткен адамдардың отырған, 

жатқан жеріне «баламыз осы атасына тарт-

сын, бойына осы атасының қасиеттері 

қонсын» деп балаларын аунатып алатын 

болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік 

қаны тамған туған жеріне келгенінде халық, 

туған-туыстары, дос жарандары оны сол 

жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс 

Айтматовтың үйіне Мұхар Әуезов келгенінде, 

ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған 

көрінеді.



Аяғына жығылу. Кешірім сұраудың ең 

үлкені, кішіреюдің ең ауыр түрі – осы ғұрып. 

Оны орындағанда айыпты адам жанына 

абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тиісті 

адамның үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім 

сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі 

кінәлі болған адамның аяғына жығылып, 

оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім 



Арықтаймын деп, 

асқындырып алма

сұрап, жалынған. «Аяғына жығылу» - әрі 

ғұрып, әрі жазаның бір түрі.

Байғазы беру. Үлкеннің кішіге, яғни 

балаға беретін сыйы. Жас ұл-қыз, бойжеткен, 

бозбала жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда 

аға, апа, ата-әжесінен, туған-туыстарынан 

оған байғазы сұрайды. Олар байғазыға ақша, 

мал, мүлік, әйтеуір бір зат беріп, құтты бол-

сын айтады.

Босаға майлау. Жастар шаңырақ 

құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында 

жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің 

босағасына май жағу салтын жасайды. Ол 

осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің 

үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын 

майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.

Енші беру. Ата-анасы баласы балалы 

болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре 

алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек 

шығарады. Сонда малынан – мал, мүлкінен 

– мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. 

Оған келіннің төркінінен келген дүниесі 

қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ 

болып шыға келеді. Мұны енші беру деп 

атайды. Ата-анасы қайтыс болса, олардың 

малы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне 

еншібас беруге тиіс.

Ерулік беру. Ауылға басқа жақтан бір 

үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-

туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-

қолаң немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» 

деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы 

береді. Осылайша қазақтар танысын, таны-

масын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына 

тарта білген.



Жылу жинау. Бір бақытсыздыққа 

ұ ш ы р а ғ а н ы н д а ,   ү й   м ү л к і ,   м а л ы н а н 

айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-

көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай 

көмек көрсетеді. Мұны олардың ортасынан 

бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем – 

жылу жинау деп аталады. Арам жолмен 

шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. 

Олар: дүние-мүлкін қартаға салып ұтқызып 

жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп 

құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-

мүлкін жеп қойғандар.



Қалау айту. Біреудің жақсы малына, 

мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйдің иесіне 

немесе әйеліне, баласына соған лайықты 

бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануар-

ды «менің қалауым осы» деп сұрайды. Кейде 

үй иесі мұндай сыйлы, жөн-жоралғысымен 

келген қонаққа өзі сөз салып: «Бұл үйден 

қалаған бір затың бар ма? Қалауыңызды 

айтыңыз» деп сұрап, қалаған затын сый-

лайды.


Мойнына бұршақ салу. Ертеде баласы 

жоқ адамдар мойнына көгеннің бұршағын 

салып Құдайдан перзент сұрап жалбарынған, 

жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде 

ғана салады.

Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған 

ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бой-

ынша әйелдер атасына, қайнағасына, 

қайнысына, қайынсіңілісіне атын атамау 

үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу 

деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың 

кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай 

атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «ше-

бер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шаш-

баулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, 

бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар 

болса «жүйрігім» деп те ат қояды. 



Сүйек жаңғырту. Бұрындары құда-құдағи 

болған жақтар қайтадан қыз алысып, қыз 

берісіп құдалықты одан әрі жалғастырса, 

оны сүйек жаңғырту дейді. Бұл салт қыз бен 

жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр.

Артынан топырақ шашу. Халықта ел жек 

көрген қылмыскер немесе опасыздарға, 

қарғыс алғандарға көңілдері қалған кезде 

көпшілік олардың артынан топырақ шаша-

тын әдет бар. Бұл әрі жаза, әрі «қараң бат-

сын» деген қарғыстың «енді көзге көрінбе» 

деген аса қатты айыптаудың ауыр сабағы. 

Мұндай адамдардың елі атын атамаған, 

есімін еске алмаған.

Бес жақсы. Аты айтып тұрғандай бұл 

бұрынғы ізгі жақсылар мен би, бай, мырза, 

батыр, ел ағалары арасында жүретін жолы да, 

орны да ерекше қасиетті бағалы дәстүр деп 

саналады. Халық арасында жоғары құрмет 

пен марапат, сый-сияпаттың ең жоғары 

түрі де осы – «бес жақсы» дәстүрі арқылы 

көрсетілген.



Белкөтерер.  Жасы жеткен адамдардың 

тісі болмаған соң тамақ жей алмайды. 

Ал, кәрі кісілерге жақсы тағамдар қажет. 

Мұндай жағдайда осындай адамдарға арнап 

«белкөтерер» деген тағам жасалады. Бұл 

әрі жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол қазы, сары-

май, жент, қымыз , ақ ірімшік, бал сияқты 

тамақтардан әзірленеді. Мұны балалары, 

көрші-көлемдері, сыйлас кісілер дайындап 

әкеледі. 



Бет айғақ. Қылмыстық істерде қылмыс-

керді немесе ұрыны, тағы да басқа жат 

істермен жүргендерді ұстаған адамға сүйінші 

орнына берілетін ынталандыру сыйлығы бар. 

Ол «бетайғақ» деп аталады. Бет айғақ жасаған 

адамға билер кеңесінің тәртібі бойынша мал-

мүліктің,ақшаның бестен бір бөлігі беріледі. 

Бүйрек. Соғым сойғанда үлкенге сыбаға 

жіберу, соғым басына шақыру ежелгі жақсы 

дәстүрлердің бірі. Сонымен бірге мұндай 

кездерде балаларды да ұмытпаған. Жақын, 

таныс, көрші адамдар соғым сойғаннан 

кейін бір-бірінің балаларына әдейі арнап 

«бүйрек» жібереді. Яғни балаларға лайықтап 

жүрек, бүйрек араластырып шағын сыбаға 

жолдайды. Бұл да балалардың көңіл, мерейін 

өсіретін, ағайын-туысқа жақындататын 

халық тәрбиесінің бір түрі.

Шөп сындыру. Бұл әдетте жақсылық 

жағдайға, іске байланысты жасалатын ырым. 

Сараңдар жомарттық жасаса, қорқақтар 

батылдық жасаса немесе жұрт өзінен 

күтпеген жерден жақсы істер жасаса, естіген 

адам «мынау бір шөптің басын сындыратын 

іс екен» деп жерден шөп алып сындырады. 

Бұл көз, тіл тимесін деген ұғымнан шыққан.



Назерке ЖАНСҰЛТАН, 

қазақ филологиясы және әлем тілдері 

факультетінің 4 курс студенті

Қазіргі уақыттың заман ағымына 

байланысты ұлттық салт-дәстүрлердің  

қолданыстан шығып бара жатқаны көкейдегі басты ұлт 

мәселелерінің бірі болып отыр. Тіпті, кейбіреулері түрленіп қана 

қоймай, жаңадан еніп те жатыр. Осыдан біраз уақыт бұрын ғана салт-

дәстүрлеріміздің алар орны қандай еді?! Қазір қандай? Жалпы, салт-дәстүр 

ұлт тәрбиесінің айнымас тірегі екені бәрімізге белгілі. Мысалы, ата-ананы, үлкенді 

құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық 

қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. 

Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін 

қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да 

артық етпес.

Салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайдаланылып 

жүрген болса, кейбірі ұмыт қалып барады. Әсіресе жастарымыз біле 

бермейтін салт-дәстүрлеріміз көптің қасы. Солардың 

бірнеше түріне тоқтала кетсем:

9

9

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№5 (112)

15 мамыр


2014 жыл

Р У Х


Қара бұлттай төнген қаһарлы 

күндер өтіп, Рейхстагқа ту тігіп, 

Жеңіс тойын тойлағанымызға 

69 жыл болды. Бейбіт елді 

бидайдай қуырған небір 

шапқыншылықтарды басынан 

өткерген қазақ халқы Ұлы 

Отан соғысында да өзінің 

қайсарлығын, батырлығын, 

ержүректілігін танытты. 

қатысқан. Сол кездің өзінде 

теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» 

атанған еді. 

Сонымен қатар, ұшақтың 

м е х а н и г і   Д ә м е л і   Ж ә к е е в а , 

зенитті артиллерия расчеттінің 

командирі Ақлима Ақжолова, 

танкистер Жамал Байтасова, 

Күлкен Тоқбергенова, Гүлжәмилә 

Талқанбаева, пулеметші Жәмилә 

Бейсенбаева, «Қызыл әскер 

ақиқаты» атты майдан газетінің 

қызметкері Рахима Жанбекова, 

десантшылар Разия Сыздықова 

мен Қалзия Асанова, барлаушы 

Жәмилә Сәлімова, гвардиялық 

атқыштар дивизиясының сер-

жанты Шағлима Құсанова, әуе 

бақылаушылары Раушан Мазито-

ва, Нұрғайын Хамитова, Бибінұр 

Тынысбекова, майдан дәрігерлері 

Мәрия Сырлыбаева, Роза Момы-

нова, тағы-тағы сол сияқты қазақ 

қыздары Отан үшін жан қиярлық 

ерлік көрсеткен. Қазағымның қос 

шынарына айналған Әлия мен 

80 мыңы офицерлер еді. Олар 

ұшақпен аспанда самғады, танк 

жүргізді, барлауға да барды, майдан 

даласында мергендігін де танытты. 

Соңғы мәліметтерге қарағанда 

Қазақстаннан майданға 5183 қыз-

келіншек аттанған. Олар жаны 

нәзік болғанына қарамас тан сол қан 

сасыған майдан даласында өліспей, 

беріспеді. Қай майданда болса 

да батыр лығын, табандылығын, 

жігерлілігін, Отанға деген шексіз 

сүйіспеншілігін көрсетті.

Сол зұлмат заманда ел ба-

сына туған қиыншылықта ер-

азаматтардың жүгін арқалап, 

міндетін атқарып, уақыт сыны-

нан сүрінбей өтті, тарих сахна-

сында аттары алтын әріптермен 

қалды. Айталық, штурман, гвар-

дия лейтинанты Хиуаз Доспанова 

ұшқыштық өмір жолын Оралдың 

аэроклубында бастап, кейін әйгілі 

ұшқыш Марина Раскова басқарған 

46-гвардиялық полкінің құрамында 

300-ден астам әуе шайқастарына 

Мәншүктің ерліктерінің өзі неге 

татиды?! 

Ә л и я   М о л д а ғ ұ л о в а   1 9 4 3 

жылы Снайперлер дайындау ор-

талық әйелдер мектебін аяқтап, 

1943 жылдан бастап 54-ші арнайы 

атқыштар бригадасы 4-батальо-

нының снайпері болған. Жау 

әскерінің 30-дан аса сарбаздары 

мен офицерлерінің көзін жойған. 

1944 жылы 14 қаңтарда Псков 

облысының солтүстігіндегі Ново-

сокольники ауданында қаза тапты. 

Мәншүк Мәметова 1942 жылы 

тамызда өз еркімен Қызыл Армия 

қатарына алынып, 21-ші атқыштар 

диви зиясының құрамында ұрысқа 

қатысты. Аға сержант, пуле мет ші 

Мәншүк ұрыстарда өзінің мерген-

дігімен және тобында батылды-

ғымен көзге түсті. Невель қаласы 

үшін болған кескілескен шешуші 

ұрыс та қаһармандықпен көз 

жұмды.

Ұрыстың алдыңғы шебінде 



қасқайып тұрып ерлік көрсеткен 

Ес дәптер

1. Тұңғыш профессор инженер-

гидротехник әйел – Әмилә Арықова.

2. Қазақ әйелдері арасынан шыққан  

тұңғыш биология ғылымының докторы 

(1945ж. қорғаған) Нәйла Оразғұлқызы 

Базанова (1911-1994).

3. Қазақ әйелдері арасынан шыққан 

тұңғыш медицина ғылымының док-

торы   (1946ж. қорғаған) Гүлбаһрам 

Имамбекқызы  Тарабаева (1908).

4. Бүкіл шығыс әйелдері ішінен 

Кеңес Одағының Батыры атағын 

т ұ ң ғ ы ш   р е т   а л ғ а н д а р   –   Ә л и я 

Молдағұлова (1925-1943) мен Мәншүк 

Мәметова (1922-1943).

5. Социалистік Еңбек Ері атағын 

алған тұңғыш қазақ әйелі Ж.Рысқұлова 

(1947).

6. КСРО Мемлекеттік (бұрынғы 



Сталиндік) сыйлығын алған тұңғыш 

әйел – Күләш Байсейітова (1946).

7. Тұңғыш кәсіби биші – Шара 

Жиенқұлова (1912-1990). Өнер тарлан-

дарының бірі, қазақтың тұңғыш ба-

леринасы атанған биші – Қазақ ССР 

еңбек сіңірген әртісі Нұрсұлу Топалова.

8. Тұңғыш журналист – Нәзипа 

Құлжанова (1887-1933).

9. Санкт-Петербург әйелдер 

медицина институтын 1908 жылы 

бітірген тұңғыш дәрігер әйел  Гүлсім 

Жағыпарқызы (1880-1941), Мариям 

Сейітжағыпарқызы Асфендиярова. 

Ал, Аққағаз Досжанова – Мәскеуде 

бiлiм алған қазақтың алғашқы дәрiгер 

қыздарының бiрi. Томск қаласындағы 

дәрiгерлiк институтқа оқуға түсіп, 1921 

жылы бiлiм ордасын тәмәмдаған. 

10. Қазақ КСР Халық жазушысы 

атағын алған тұңғыш әйел – Тұрсынай 

Әбдірахманова (1984).

11. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген 

әртісі атағын тұңғыш алған әйелдер – 

Күләш Байсейітова, Б.Шамова (1934).

12. КСРО Суретшілер одағының 

мүшесі болған тұңғыш әйел – Айша 

Ғалымбаева.

13. КСРО Жазушылар одағының 

мүшесі болған тұңғыш әйел – Мәриям 

Хакімжанова.

14. Абай атындағы Мемлекеттік 

сыйлықтың иегері атанған тұңғыш 

әйел – Фариза Оңғарсынова.



«Қызым, саған айтам...» кітабынан

Қазақ 


тарихындағы 

айтулы арулар



2004 жыл, қазан – ҚР білім беру жүйесіне 

жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді 

қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер мен оқу-

әдістемелік жұмыстар жүргізу үшін үлкен 

Компьютерлік Технология Орталығының 

ғимараты салынып, пайдалануға берілді. 26 

компьютер класы бар, 450 компьютерден 

тұратын Орталық тестілеу, техникалық 

құралдарды оқыту, бағдарламалармен 

қамтамасыз ету, сапа, инновациялық техно-

логия бөлімдері құрылды.

2004 жыл, 21-22 қазан – шахматтан 

қыздар арасында Аида Мүслімова атындағы 

І турнир өтті. 

2004 жыл, 25 қазан – институттың 60 

жылдық мерейтойына орай, институт та-

рихы және қазақ әйелі әлеміне арналған 

тұңғыш «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық 

музейі ашылды.

2004 жыл, 8 қараша – қазақтың көрнекті 

ақыны, институттың филология фа куль-

тетінің түлегі Ақұштап Бақты герее ваның 

60 жасқа толуына арналған «Ақжайықтың 

шағаласы» атты әдеби кеші өтті.

2004 жыл, 17 қараша – Халықаралық 

студенттер күніне және Кіші Ғылым 

Академиясының тиімді жұмыс жоспарына 

сәйкес, Кіші Ғылым Академияларының 

«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің 

өркені: ғылым кеңістігіндегі бәсекеге 

қабілетті жас маман» атты 1 Республикалық 

Конгресі өтті. 



2005 жыл, 19 қаңтар – ҚР Білім және 

ғылым министрі Бірғаным Әйтімова инсти-

тутта болды.

2005 жыл, 27 сәуір – Халықаралық 

“ Б ө б е к ”   қ о р ы н ы ң   п р е з и д е н т і 

С.А.Назарбаева институтта болып, «Өзін-өзі 

тану» бағдарламасы бойынша дәріс оқыды.



2005 жыл, қыркүйек – институттың 

2004 жылдың 26 сәуіріндегі №671 бұйрығы 

бойынша педагогика және психология 

факультетінде дене шынықтыру және спорт 

мамандықтары ашылды. 

2 0 0 5   ж ы л ,   1 8   қ а р а ш а   –   Н е м а т 

Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», 

«Ежелгі дәуір әдебиеті» кітаптарының 

тұсаукесер рәсімі өтті. 



2005 жыл, 22 қазан – Ә.Нұршайықовтың 

«Мәңгілік махаббат жыры» атты кітабының 

тұсаукесері өтті. Кеште парламент депутаты 

Н.Сабильянов қонақта болды.



2005 жыл, желтоқсан – Д.М.Тасмаған-

беткелінімен кездесуде «Айналайын-

дарым менің», «Ұрпағым саған ай-

там», «Тәрбие туралы толғаныс» атты 

туындыларының тұсаукесер рәсімі бол-

ды. 


2005 жыл, қыркүйек – самбодан Мәскеу 

қаласында өткен жасөспірімдердің әлем 

чемпионатында 1 курс студенті Данара  

Тауасарова 3-орынды иеленді; ҚР Чемпи-

онатында 1курс студенті Бота Ағлабаева 

3-орынды иеленді.



2006 жыл, 28-29 наурыз – “XXІ 

ғ а с ы р д а ғ ы   қ а з а қ   м е к т е б і :   д а м у 

болашағы” атты республикалық ғылыми-

практикалық конференция өтті. 



2006 жыл, 12-13 сәуір – «Жаңа форма-

ция ұстазын кәсіби даярлаудағы ғылым мен 

білімнің интеграциялық байланысы» атты 

59–шы студенттердің ғылыми-практикалық 

конференциясы өтті.

2006 жыл – институтта EWНА Ко-

рея қыздар университетімен, Кангнам 

университетімен (Сеул қаласы), АҚШ-тың 

Айова штатының университетімен өзара бай-

ланыстар орнады. 

2006 жыл, 3 мамыр – ақын Күләш 

Ахметованың 60 жылдық мерейтойына 

орай институтта ақынның «Рухыммен өріп 

шыққан мұнарам» атты шығармашылық 

кеші өтті. 

2006 жыл, мамыр – Кореяның Кангнам 

қыздар университетінің ректоры Шинил Юн 

мен оқытушылары Қыздар институтында 

қонақта болды. 



2006 жыл, 1 қыркүйек – Гоголь көшесі, 

161-де орналасқан жаңа оқу ғимаратының 

ашылу салтанаты өтті. Институт ректо-

ры Ш.К.Беркімбаеваның бастамасымен 

Орталық бюджет қаражатынан 179 млн. 

теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден 

өтіп, қайта жобаланып салынған оқу 

ғимаратында 2 факультет: педагогика-

психология және музыкалық білім және 

мәдениет факультеттерінің студенттері дәріс 

алады.

(Жалғасы бар)

Болған ИЛЕБАЕВА, 

«Ақтұмар» тарихи-этнографиялық 

музейінің аға ғылыми қызметкері

БІЗДІҢ ТАРИХ

Соғыс жылдарындағы 

ЖАУҚАЗЫНДАР

Әлия мен Мәншүк, Хиуаздар – 

ерліктің символындай. Олардың 

есімі қазақ аспанындағы мәңгілік 

өшпес жарық жұлдызға айналды. 

Жүректері Отаным, елім, жерім, 

халқым деп соққан қарагөз батыр 

қыздар халық жадынан ұмытылмақ 

емес.

Қазіргі біздің азат күніміз осын-



дай батырлардың еңбек, қажыр-

қайраттарының арқасында келген 

дүние. Қазақ қыздары қай сар бол-

маса, жауға намыстарын ту етіп ат-

танар ма еді, ел-жер үшін бас тарын 

өлімге тігер ме еді?! Қаһарман ару-

лар – мәңгілік ба тыр лықтың сим-

волына айналған тұлғалар. 

Бұл ерік-жігердің түп тамыры 

бағзы замандағы түркі халқының 

анасына айналған Ұмай, Домалақ 

аналардан, билердің төресі Төле 

бидің келіні Данагүлден, сақ пат-

шайымы Тұмар ханшайымнан 

бастау алғаны анық. Жоғарыда 

аталған құндылықтар адам бой-

ына қан мен тек арқылы дари-

ды. Соғысқа қатысқан арулардың 

қан майданда жауға қарсы төтеп 

беруіне де осы киелі топырақтан 

сіңген батылдық пен өрелілік өзек 

болғандай.



Үміт ОҢЛАСЫН,

Студенттік медиа клуб мүшесі

Фашизмнің қара түнегі ел 

басына төнгенде Отанды, елді, 

жерді қорғауға ерлермен бірге 

мыңдаған қыз-келіншектер де өз 

еріктерімен майданға сұранған. 

Соғыстың соңғы сәтінде Кеңес 

Армиясында 600 мыңнан астам 

әйел жауынгерлер болса, оның 


10

10

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№5 (112)

15 мамыр


2014 жыл

Т А Ғ Ы Л Ы М



К.К.КУНАНТАЕВА, 

Профессор Казахского 

государственного 

женского педагогического 

университета,

Академик  НАН  РК                                            

12 мамыр күні Қазақ мемле кеттік қыздар педагогикалық университетінде 

тағы бір айтулы шара өтті. Дайындық бөлімі Қосымша білім беру 

бағдарламасы бойынша білім алушылар мен дайындық бөлімін аяқтап 

отырған тыңдаушыларға Сертификат тапсыру рәсімін өткізді.

1959-1964 жылдар аралығында 

Қыздар университетінің 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет