бақылап, нәтижесін көрсетті. Сонымен
салыстырып қарадық. Жас талшынды бүгінге
бөлісіп қайтқан.
№2 (02), 15 мамыр, 2014 жыл
Қ
арсақбайдың аңшылық
құрғанына қырық жылдан
асты. Аудандық аңшылар
қоғамының мүшесі болғанына да
біраз жыл болды. Осы аңшылық
ғұмырында әрқандай оқиғаның куәсі
болды. Осыдан он жыл бұрынғы
оқиға ерекше есінде қалыпты. Таң
ала кеуімнен тұрып, аңға шықты.
Түнімен жауған алғашқы қырбық
қар тобықтан асып қалыпты. Осы
сонарды пайдаланып, қанжығасын
майлап қайтпақ. Бірақ түске дейін
ештеңе ілікпей үйіне қайтпақ болды.
Қалың қарағайды жағалап ауылға
бет алды. Біраз жүргені сол еді, ал-
дынан кесе көлденең өткен ізге
кездесті. Із қалың қарағайды бетке
алған. Ізбен қоса қан тамшылары
көрінді. Жаралы марал деді, қуанған
Қарсақбай пышағын қонышынан
ш ы ғ а р ы п , қ а л ы ң қ а р а ғ а й д ы ң
ішіне кірді. Әудем жерде қарайып
бірдеңе көрінді. Жақындай келе
марал екенін анық көрді. Қансырап
келіп құлаған жері екен. Қарсақбайға
келдің бе дегендей, басын көтеріп
бір қарады да, қайта жатты. Көзінде
а я н ы ш ж а с ы б а р . П ы ш а ғ ы н
оңтайлап, бауыздауға ұмтыла берген
аңшының көзі маралдың іші бүлк
еткенін байқап қалды. Тұла бойы
тітіркеніп, арқасынан құмырсқа
жүгіріп өткендей болды. Ішінде
лағы бар, буаз марал екенін біле
қойды. Қолынан пышағы да түсіп
кетті. Маралдың қөзіне көзі түйіскен
Қарсақбайдың мейірімі оянып, көзі
жасаурады. Өйткені ойында “обал”
деген ұлық нәрсе тұр еді.
Осы оқиға Қарсақбайдың сана-
сынан көпке дейін кетпеді. Айлар
аттап, жылдар жылжыды. Қарсақбай
да егде тартып, біраз жасқа келді.
Қартайса да құр қарап жата ал-
мады. Немересіне аңшылықтың
қыр-сырын үйретті, қырық жылғы
тәжірибенің тәлімін көрсетті.
Б ү г і н г і а т қ а н т а ң е р е к ш е .
Жаздың жайма шуақ ақ таңы. Айна-
ла гүлденіп, жап-жасыл күйге енген.
Әсіресе, жайлаудың табиғаты кере-
мет. Шуағын шашқан күн де күліп
қарап тұрған секілді.
Қарсақбай бүгін ерте оянды. Неге
екені белгісіз табиғат өзіне щақырып
тұрғандай күйге енді. Біраз таза
Тамылжыған тамыз айы. Көліктері сабылысқан алып
шаһар: теңдессіз әсем, сөз жеткісіз сұлулық. Қоғамдық
көліктің іші ығы-жығы. Ешкімнің ешкімменен ісі жоқ.
Әрқайсысы өзінше, өзгеше бір әлем. Жүздері солғын,
көңілдері түсіңкі. Шаршаңқы. Көптің ішінде мен де.
Көздерім терезеде, көңілім алыстарда, қиялым көкте.
Келесі бір аялдамада...
Әне... Ол... Қолында гүлі... Жүзінде нұр, көңілінде
қуаныш...
Мен – өлең десе есі жоқ бейбақпын... Поэзия –
менің екінші атым. Ал, ол – менің өлеңімде ғана. Ал
өлеңім – өмірім... Ол – ақын... Оның өлеңдерінің
кейіпкерімін. Сырласпыз, доспыз, жүрегі бір жандармыз.
Бір-бірімізге өзіміздейміз. Оның жүрегінде мен бармын,
менің жүрегімде Ол.
Ол - сұңғақ бойлы, кең жауырынды, қасы-көзі қап-
қара, ашаң жүзді, бұйра шашты, қыр мұрынды – менің
жүрегімнің иесі, талай қыздың арманы, жігіттің серісі.
Ойлы көздерінде бір мұң бар. Сонда да оның күлкісі...
Мен ғана емес, көп қыздар ғашық оған. Талай жүректе
есімі бар. Алтын әріптермен... Өлеңді мендей түсінетіні
бар, түсінбек тұрмақ ұға алмайтыны бар – бәрінің ойында
Ол. Баяғы серілердің осы заманғы жалғыз көзіндей. Ол
бұл заманның емес, өткен заманның, Ақан сері, Біржан
салдардың замандасындай, тәкаппарлықтың, өрліктің,
биіктіктің, шынайылықтың, нағыз өнер адамына тән
еркелік пен серіліктің символындай.
Ал оның жанары алыста, көңілі көкте. Біртүрлі
қуанышты. Көздері ерекше нұрлы. Ол мені... Жоқ, олай
емес... Қолындағы гүл... менің сүйікті розам... Маған емес
тек...
Бұл гүлдің иесі нешінші бақытты жан екен?..
Нұргүл КЕҢЕСҚЫЗЫ,
қазақ филологиясы және
әлем тілдері факультетінің 2 курс студенті
К
өктемнің әдемі кеш-
терінің бірі. Терезенің
арғы жағындағы әлем,
тіпті керемет. Аспан қара түске
боялып болды. Байқасам, бүгін
жұлдыздар да жымыңдамайды.
Көзіме толықсыған ай да көрінбеді.
Кейбір сәттерде осылай далаға
қарап біраз отыратыным бар...
Адам кейде өз жүрегінің не
қалайтынын түсінбейді екен. Жан-
дүнием аласапыран болып жатыр.
Ауырып тұрғандай боламын, бірақ
тән ауруы емес жан ауруы сияқты.
Мүмкін, арман , мақсат, тәтті қиял
ауаға шығып серуендегісі келді. Реті
келсе аңшылық та құрып қайтпақ.
Үйдегі немересінің оянғанын күтті.
Жанына серік қылып оған да бірер
нәрсе үйретпек ойы болды. Немересі
оянған соң екеуі тау жаққа қарай
беттеді. Ұзақ жүрді. Немересі де жол-
да көрген нәрселерін атасынан сұрап
тыным таппады. Қарсақбай біраз дем
алайын деп, өзен жағасына отыра
кетті. Қарсақбай табиғаттың тылсым
күшіне беріліп, терең ойға шомып
өткен сайын бала ойына атасынан
басқа ешкім келмеді. Атасының қол
созып құтқаратынына сенді. Өзін
арыстанның апанында тұрғандай
сезінді. Ойына жаман нәрселер кел-
мес үшін ана-мынаны ойлап көңілін
аулады. Кейде ойына ұстап тұрған
жотасы сынып кетсе не болады деген
ойлар да маза бермеді. Сөйтіп жер
мен көктің ортасында тұрған бала
не ойларын білмеді. Кенет көзіне
жардың басынан бүжір-бүжір бірдеңе
көрінді. Анықтап қараса балаға төмен
қарап тұрған мүйізі бар жануар екен.
Бала аң-таң. Қандай жануар екенін де
білмейді. Бұрын соңды көрмеген жа-
нуар. Әлгі жануар баланың қиналған
жүзін көріп бірдеңе түсінген болу
керек. Әйтеуір мүйізін төменге шұлғи
берді. Бала жануарды көріп, атасын
көргендей қуанып кетті. Мүйізін
созып тұрған жануар бала жанары-
на достан да ыстық көрінді. Енді
жануардың қарағайдай мүйізінен
қалай ұстаймын деп ойланды. Екеуі
бір-бірін түсінгендей болып бірге
қимыл жасай бастады. Әупірімдеп
жануардың мүйізіне қолын тигізді.
Жануар мүйізінен ұстаған баланы
жер тіреп бар күшімен жар басына
алып шықты. Бала табанының жерге
тигеніне қатты қуанды. Арыстанның
апанынан шыққанына сене алмады.
Қанша қуанғанымен де көңілінде
бір күдік ой тұрды. Өзін құтқарған
адам емес, хайуан екенін көп ой-
лады. Жануар да кетпей қарап тұр.
Кейде адам адамға істей алмайтын
жақсылықты өзіне жануар істегеніне
сене алмады. Бұл қандай құдірет деді.
Бұл жануарда қайдан келген мейірім?
Өмірде де осындай жануарлар бар
екен-ау деп ойлады. Жанарына жас
толды. Қорқыныштан туған жас
емес, шүкіршіліктен туған жас. Осы-
дан бірер минут бұрын бір өлімнен
аман қалғанын сезінді. Жар басын-
да екеуі бір-біріне қимай қарасты.
Мейірім көзбен жануарға рахмет де-
гендей көз тастады. Сол сәтте ентігіп,
жүрегін қолына алған Қарсақбай
да келіп қалды. Немересі мен жа-
нуарды көріп бірдеңенің болғанын
сезді. Әлгі жануар неге екені белгісіз
Қарсақбай жанарына шоқтай ба-
сылды. Кенет жануар үркіп қаша
жөнелді. Қарсақбай немересінің
жанына жүгіріп келді. Не болғанын,
неге рұқсатсыз кетіп қалғанын
бәрін ентіге сұрады. Бала атасына
бар болған жағдайды айтып берді.
Қорқынышын қалай жеңгенін, ең
қызығы өзін сүйреп шығарған жаңағы
жануар екенін айтты. Қарсақбай
терең ойға батты. Немересінің бір
ажалдан аман қалғанына әлі де сене
алмай отыр. Мең-зең күйде. Бір кезде
бала Қарсақбайдан:
- Ата, мені құтқарған қай жануар
иесі? – деп, сұрады. Қарсақбай ұзақ
ойланды. Жануарды білмегеннен
ойланған жоқ, біліп танығаннан кейін
ойланды. Өткеннің ізі бар екенін де
сезді. Есіне бірдеңе түскендей:
- Бәсе, – деді, Қарсақбай.
Немересі түкке түсінбей:
- Не дейсіз ата, әлгі мейірімді жа-
нуар қайдан шықты? - деп, одан әрі
қызыға түседі. Қарсақбай күлімдеп:
- Ол «жаралы» марал, – дейді.
Немересі аң-таң болды. Жаралы
емес сияқты еді ғой деп ойлады. Ата-
сынан неге жаралы дегенін сұрады.
Қарсақбай болған оқиғаны бастап
кетті.
О с ы д а н о н ж ы л б ұ р ы н
аңшылықта жүріп бір жаралы марал
кезіктірген едім. Өлтіруге оқталдым,
бірақ арым жібермеді. Себебі, буаз
марал болатын. Содан жаралы ма-
ралды үйге әкелдім. Жарақатын
емдеп жаздым. Бір күні таңертең
барып қарасам марал дүниеге төлін
әкеліпті. Ботадай көзі мөлдіреп
бұрышта маралдың жаңа туған
лағы жатыр екен. Жанарында бір
мұң бар секілді. Жаралы маралға
жақындап қарасам үн-түнсіз сұлап
жатып қалыпты. Жаралы марал сол
жатқаннан қайтіп тұрмады. Жаңа
туған маралды қатайғанша мен асы-
рап бақтым. Күннен-күнге өсіп,
ойнақтап жүрді. Бір күні жас марал
көрінбей кетті. Ары іздеймін, бері
іздеймін жоқ. Дегенмен де күндердің
бір күнінде кететінін сезіп едім.
Өйткені ол жаратылысынан үйде
емес түзде өскен жануар. Олардың
үйреншікті жерлері де дала. Осылай
жас маралым кетті де қалды. Сол
маралдың қайтып келіп алдым-
нан шығатынын кім білген?! Сені
құтқарған сол жас марал, балам.
Көрмейсің бе мал екеш марал да
аяушылықты сезінеді. Кезінде мен
мейірім төккен марал, бүгін сені
ажалдан аман алып қалып отыр.
Дүние алма кезек деген осы екен
ғой, – деп, Қарсақбай сөзін аяқтады.
Маржан Әбіш,
«Қыз Жібек» газетінің
бас редакторы
СЕН МЕНІҢ
ЖҮРЕГІМДЕСІҢ...
кетті. Немересінің жар басына қарай
кеткенін де байқамай қалды. Ойын
баласы жардың басына қалай оп-
оңай шығып кетенін сезбеді. Жар
басында тұрған бала бар әлемді көріп
тұрғандай күйде болды. Қуанғаны
соншалық, өзінен басқа бақытты
адам жоқтай сезінді. Өмірдің бар
ғажабы осы деп ойлады. Жардың
басында қозы-лақтай ойнақтаған
бала жардың шетінде тұрғанын да
білмей қалды. Кенет баланың аяғы
жардың шетінен тайып кетеді. Бала
бағына орай жотадағы тастан ұстап
қалды. Бұрын-соңды бұндай бей-
маза күйге түспеген ол не істерін
білмей дал болады. Қорқыныштан
жаралған бала жүрек лүп-лүп соғып,
кеудеден шығып кетердей. Бағанағы
қуаныштың, бағанағы бақыттың
жұрнағы да қалған жоқ. Бар жан
дүниесін үрей билеп алды. Не жоғары
қарай ұмтыла алмайды, не төменге
құлағысы да келмейді. Дәл бір дау-
ылдан кейінгі жерге жұлынып түсейін
деп тұрған алма секілді. Бала жүрек
қанша қорыққанымен үміт сый-
лап тұрған бір тал жотаны жібермеу
керектігін түсінді. Төменге қарап
үрейін үлкейткен жоқ, тек жоғарыға
ұмтылды. Әрине, тектен-текке
аңшының немересі болған жоқ қой.
Қайсарлық қанында бар дүние. Уақыт
жетпей жүрме.Оны да білмеймін.
Менің ойымдағы жігіт жолыға ма
жоқ па ол да белгісіз. Өмірде сұрақ
белгісі көп екен. Көзіме жас келіп
отыр. Жыламағаныма да біраз уақыт
болып қалыпты ғой. Жылауға уақыт
болмады ма қалай ә? Өзі анда-сан-
да осындай болып тұрады менде.
Осы кезде сабақты да оқымаймын.
Зауқым жоқ. Дүние күйіп кетсе,
күйіп кетсін конспект жазбаймын. ..
Терезенің алдында қара түнге
қарап мен отырмын. Қарасам
қара түнде үндемейді. Мен де
үндемеймін. Бір-бірімізге үнсіз сыр
шертіп отырмыз. Телефонымда
ойнап жатқан «Түнгі сағыныш»
әні де жанымды тербей жөнелді.
Ж о л д а ғ ы м а ш и н а л а р д а ғ ы б і р
ержігіт қол былғап барады. Ойлаған
шығар мынау неғып отыр деп.
Қиял жандардың кейде ой ауруына
шалдығатынын қайдан түсінсін ол.
Неге қарапайым қыздар секілді
болмадым екен. Мұғалім болуды ар-
мандап, қалайды. Қалауы бойынша
білім алып жатыр. Жүректі жегідей
жеген уайым жоқ. Кей түндердің
кешінде еріксіз келетін жанардың
жасы да жоқ...
Сағат түнгі бір болып қалды.
Жан-дүниеме түнгі аспан да, өткен
машиналар да, қол былғаған адам
да, сарғайып майысып тұрған тал
да әсер етпеді. Менің елес, қиялмен
өміс сүргім келмейді. Қиялға бола
алға ұмтылғым келмейді. Бұрын
ондай болмаушы еді, бірақ қазір
кейін өкініп қалам ба деп қатты
қорқамын. Өмір қызық...Арманы-
на жетейін десе бір кемшілігі бо-
лып тұрады. Бірақ, сол жандардың
еңбегі, қажыр-қайраты керемет.
Неге бұлай? Неге өмір әділ емес.
Мүмкін, ол адам кемшілігі үшін ар-
манынан күдер үзіп қалатын шығар.
Осы кейіпті мен де киіп тұрған
сияқтымын. Дымым жоқ, неге сон-
ша тыраштанамын? Болмай қалса
өзіме оқ болып тиетінін ойламай-
мын. Бала көңіл бәріне жеткісі
келеді ғой. Неге екенін білмеймін,
әлі тоқтай алмай келемін. Ішімнен
итеріп тұрған не осы? Расымен-ақ,
өмірді мен сүю деп-ақ ұғыппын...
Моншақ қыз
ауруы шығар. Сөз жүзінде өзімді
бәріне берік етіп ұстасам да жа-
ным ауыратын секілді. Бірақ, оны
білдіре алмаймын. Ашықауыз бола
тұрып бұл сәтті жеткізе алмағаным
несі? Әлде өзімді өзім түсіне алмай
жүрмін бе?! Адамның қалағаны
орындалмаса қиын екен. Сырттай
тастай берік болғаныңмен, іштей
уыздайсың. Кейде ойланам бос
қиялға еріп жүрмін бе деп. Егер
шынымен де асқақ армандарым мен
мақсаттарымның барар жері құр
қиял болса, менің жоқ болғаным ғой.
Көтере алам ба... оны. Әлде махаббат
Проза
№2 (02), 15 мамыр, 2014 жыл
Қ о ғ а м д а о р ы н а л ы п о т ы р ғ а н ө з е к т і
мәселелердің бірі – семіздік. ХХ ғасырдың
соңынан бастап әлемдік аренада семіздікпен
күрес дүрбелеңі басталды. Бұл мәселе, әрине,
біздің елімізді де сырт айналып өтпеді. Статисти-
ка бойынша бүгінгі таңда Қазақстан халқының
40% – артық салмақтылар.
Семiздік немесе артық салмақ деп ағзада
майдың мөлшерден тыс көп болуын айтады. Со-
нымен қатар май барлық жерде жиналады: терi
асты жасұнықта, бүйрек айналасында, жүректiң
бетiнде, қабырғаларда, мойында. Ғалымдар зерт-
тей келе семіздіктің бірнеше себебін анықтаған.
Ол тұқым қуалаушылықтан, эндокринды ауру-
лардан, аз қимылдаудан және тамақ құрамындағы
майдың шамадан тыс көп болуынан, сонымен
қатар мидың нақты бөлшегінiң жарақаттануынан
пайда болады,
Денедегі артық салмақты жоюға кел-
генде адам баласы оңай әрі жылдам жолын
қарастырып, бірден дәрі-дәрмекке жүгінеді.
Бірақ оның арты неге апарып соғарын ойлап
сескенбейді, сезіктенбейді. Ал сол қолданатын
дәрі-дәрмектерді дәрігерлердің кеңесімен,
нұсқаулығымен пайдаланатындары да көп емес.
Халықтың басым көпшілігі интернет желісі
арқылы өздерін мазалаған сауалдарға жауап
іздейді.
Мен де ғаламторды бір шарлап қайттым.
Онда «Фуянькан», «Миаози» (бір айда – 5-10
келi), «Мяо Тяо» (бір айда – 7-8 келi), «Кило-
киллер Апполон» (ерлер үшiн) капсулалары
мен «Чжели бұрыш майы» кремi, «Цзю Минц-
зы» кофе шайы, «Ли да» тазарту шайы туралы
атаулары түсініксіз, алайда тез арықтатуға
көмегі мол деген жарнамалардан көзіңді алып
жүре алмайсың. Сайт беттерінде көптеп жа-
рияланауы қалыпты құбылысқа айналғандай.
Қарағанды қаласының тұрғыны 21 жастағы Бере-
ке Ердәулетқызы қытайдың арықтатуға арналған
«Си Шу» дәрісін пайдаланып, соңында қатерлi
iсiкке шалдығып, жарық әлеммен мәңгілікке
қош айтысқаны жайындағы ақпарат дүйім
жұртқа тарады. Біздің елімізде аталған тауар-
ларды тұтынып, оның зардабын да тартқандар
аз емес деп ойлаймын. Себебі, ауруханаға дер
кезінде қаралмай, емдік шараларды өз бетімен
жасайтындар қаншама?!
Арықтаудың шипасын қытайлық дәрілерден
іздегенше, аурудың алдын алған жөн. Семіздіктің
басты себебі – дұрыс тамақтанбау, күн тәртібін
сақтамау. Тез дайындалатын тағамдар сатыла-
тын орындар қарны аш адамға түстене салуға да,
кешкі асын іше сап жата қалуға да өте қолайлы.
Ал, сол тағамдардың қандай азық-түліктерден
жасалатыны, дайындалу жолы тұтынушыларды
ойландырмайды. Фастфуд өнімдеріне дәмін,
бояуын қанықтыратын арнайы қоспалар қосады.
Сондай-ақ, газдалған және энергетикалық су-
сындар қан құрамына сіңгеннен кейін майлы
тағамдардың қорытылуын тежейді. Бауырдағы
қант мөлшерін бірнеше есеге дейін көбейтіп,
қан айналымын баяулатып, жүрек соғысын на-
шарлатады.
Осы аталған ауруларды болдырмаудың ба-
сты кілті – салауатты өмір салтында. Күнделікті
жаттығулар жасап, калориясы төмен азықтарды,
жеміс-жидектерді пайдаланып, дәрумендерді
ағзаға сіңіру, уақытылы ұйықтау, осының
барлығы семіздіктің алдын алады.
Сұлулықпен қатар саулықты да естен
шығармай, өз еркімен қандайда бір диеталарға
отырудан, тез арықтаймын деп тамақтан мүлдем
бас тартуға, ашығып жүруге болмайтынын
ескеріңіздер. Басты байлық – денсаулық.
Достарыңызбен бөлісу: