Қырғыз әдебиеті - қырғыз халқының әдебиеті.
Қырғыз бен қазақ халқының өзара мәдени байланысы әріден басталады. Оған негізінен қазақ және татар тілінде ертеректе жарық көрген мерзімді баспасөз бен кітаптар дәнекер болды. Революцияға дейінгі көзенде Тоғолоқ Молдо, Абұлқасын Жұташиев, Ысақ Шайбеков, Қалық Акиев т. б. ақын-жыршылардың есімдері кеңінен танымал болды.
Олардың ішінен өзінің білімділігімен, үлкен талантымен Тоғолоқ Молдо ерекше көзге түсті. Қырғыздың ұлы жаңашыл ақыны, қырғыз әдебиетіндегі мысал жанрының негізін жасаушы, алғашқы ақын-жыршы Байымбет Абдразманов (Тоғолоқ Молдо) Абай Құнанбаевтың замандасы болды. Ол сонымен бірге қазақ поэзиясы, қазақ ақын-жырауларын да жақсы білді. Абай шығармаларын «Далауәлаяты газетінен», «Айқап» т. б. қазақ басылымдарынан оқыды. Тоғолоқ Молдоның ақын-жыршы дәрежесінде қалыптасуы жөнінде айтқанда қырғыз әдебиеті зерттеушілері оның бастамасын Шығыс әдебиетінен, орыс классик. Әдебиетінің прогрессивтік дәстүрін өзіне сіңіре білген Абайдың шыншыл поэзиясынан іздейді.
Тоғолоқ Молдо Абай шығармаларын жоғары бағалады, ынтыға оқыды, кейбірін жатқа айтты. Әділетсіздікті сынайтын Абай өлеңдерін мысал ретінде әркез келтіріп жүрді. Өмір мен адамгершілік жайында Пушкин, Абаймен Тоғолоқ Молдо көп жырлады.Тоғолоқ Молдо мен Абай шығармаларында ұқсас сәттер көзігіп отырады.
Абайдың сегіз жолдан түратын «Сегіз аяқ» өлеңінің үлгісінде Тоғолоқ Молдо да жазды. Бұл Абай поэзиясының тек қазақ әдебиеті емес, қырғыз әдебиетінің бастамасы да екенін керсетеді. Тоғолоқ Молдо Абай өлеңдерін бойына сіңіре білді, соларқылы орыс әдебиетімен, оның алдыңғы қатарлы өкілдері Александр Сергеевич Пушкин, И. А. Крыловпен танысты. Қырғыз Республикасының Халық ақыны Аалы Тоқомбаев та өзінің әдеби еңбегінің алғашқы күндерінен бастап Абайды сүйді, онан үйренді.
Ол Ұлы ақынның өлеңдерін түгелге жуық аударды. Тоқомбаев 30-жылдары Абайдың көптеген өлеңдерінжеке кітап етіп шығарды. Ақынның өз өлеңдері де Абайдың өлеңдерімен сайма-сай келіп жатады. А. Тоқомбаевтың: «Алмадай жер, Айланан ал Елдин канин ичесин. Қыйналып жан, Шорголап кан Акбада сен тутосун...» - деген жолдары Абайдың «Бай сейілді...» өлеңінің үлгісімен жазылған. Мұндай ұқсастықтар Абайдың «Бойы бұлғаң...», А. Тоқомбаевтың «Туткун Марах» өлеңдерінде де кездеседі. Қырғыз жазба әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жоомарт Боқонбаев аз ғүмырында Абайдың «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...», «Желсіз түнде жарықай...» т. б. өлендерін қырғыз тіліне аударды. Абайдың ақындық ықпалы Т.Уметалиев, М.Элебаев, А.Османов өлеңдеріненде айқын байқалады. Алыкул Османов Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан «Татьянаның хатын», «Онегиннің Татьянаға хатын», Д. Боқонбаев Крылов мысалдарын, М. Ю. Лермонтов пен Гете өлеңдерін аударғаңда да қазақ ақынының аудармашылық үлгі- дәстүрін сақтаған. «Абай аудармаларын пайдалана отырып, қырғыз жазушылары қырғыз әдебиетіңде аударманың жаңа дәстүрін жасады»,-деп жазды Тоқомбаев 1954 ж. жарық көрген «Қазақ елінің Ұлы ақыны» атты кітаптағы «Абайдың жырлары» мақапасында. Қырғыз әдебиет зерттеушілері қырғыз бен қазақ әдебиеті байланыстарының мәселелерін қарастырды.