Қырғыз әдебиеті



бет4/4
Дата17.11.2022
өлшемі1,1 Mb.
#50811
1   2   3   4

«Манас» жырының Шоқан Уәлиханов жазып алған нұсқасы соңғы кезге дейін ғылымға белгісіз болып келген еді. Академик Ә.Марғұлан ұзақ жылдар бойы сарыла іздеп, архив қазыналарынан «Манас» жырының Шоқан жазып алған нұсқасын тауып, ол туралы ғылыми еңбек жазды.«Манас» эпосы көптеген тілдерге аударылған. Ол қазақ тіліне де аударылып, төрт кітап болып жарық көрді.Қырғыз халқының әдебиет тарихында халық ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың алатын орны ерекше зор деуге болады. Тоқтағұл өзі өмір сүрген дәуірдегі ( ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезі) қырғыз елінің қоғамдық, әлеуметтік, саяси өміріндегі көптеген мәселелерді өз жырларына өзек етті.Төбесінен төнген ажалдан да тайсалмай, қашанда әділдікке жүгінетін Тоқтағұл ақынды кезінде Сібірге айдатып жібереді. Ерлік пен өрлікті, қайсарлық пен өжеттікті өз толғауларына өзек еткен қырғыз ақыны Тоқтағұл жырлары қазақтың жалынды ақыны Махамбет өлеңдерімен үндес, сарындас болып келеді. Тоқтағұл ақын қырғыз бен қазақ халықтарының сан ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан достығын нақтылы түрде, тарихи деректерге сүйеніп, мейлінше шеберлікпен жырлайды.

  • «Манас» жырының Шоқан Уәлиханов жазып алған нұсқасы соңғы кезге дейін ғылымға белгісіз болып келген еді. Академик Ә.Марғұлан ұзақ жылдар бойы сарыла іздеп, архив қазыналарынан «Манас» жырының Шоқан жазып алған нұсқасын тауып, ол туралы ғылыми еңбек жазды.«Манас» эпосы көптеген тілдерге аударылған. Ол қазақ тіліне де аударылып, төрт кітап болып жарық көрді.Қырғыз халқының әдебиет тарихында халық ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың алатын орны ерекше зор деуге болады. Тоқтағұл өзі өмір сүрген дәуірдегі ( ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезі) қырғыз елінің қоғамдық, әлеуметтік, саяси өміріндегі көптеген мәселелерді өз жырларына өзек етті.Төбесінен төнген ажалдан да тайсалмай, қашанда әділдікке жүгінетін Тоқтағұл ақынды кезінде Сібірге айдатып жібереді. Ерлік пен өрлікті, қайсарлық пен өжеттікті өз толғауларына өзек еткен қырғыз ақыны Тоқтағұл жырлары қазақтың жалынды ақыны Махамбет өлеңдерімен үндес, сарындас болып келеді. Тоқтағұл ақын қырғыз бен қазақ халықтарының сан ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан достығын нақтылы түрде, тарихи деректерге сүйеніп, мейлінше шеберлікпен жырлайды.
  • М.Әуезовтің аса бағалы еңбектерінің бірі – қырғыз халқының атақты эпосы «Манас» жөніндегі монографиясы. Ғалым «Манас» жайындағы зерттеулерін де үздіксіз жүргізді, өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары бастау алған ізденіс нәтижесінде ол елімізге ең танымал манастанушылардың қатарынан орын алды. Манастанушы маман жырдың шығу тегі, тақырыптары, көркемдік ерекшеліктері және жырды орындаушылар жайында терең де тиянақты ойлар айтты, яғни манастану ғылымын жаңа сатыға көтерді.
  • Бүгінгі сөз қырғыз-қазақ әдеби байланысы туралы болмақ. Мұнан артық терең сөз жоқ. Мен бүгін осы байланысты жалғастыратын және оны қолдаушы адамдардың бірі болғанымды мақтан тұтамын.
  • Ия, өз уақытында бұл туралы көптеген ғылыми зерттеулер жазылған. Мысалы, Халил Бапаевтың "Қырғыз-қазақ, қазақ-өзбек әдеби байланыстары"(1975), Батма Кебекованың "Қырғыз-қазақ фольклорлы байланыстары"(1982), Абдылдан Ақматалиевтің "Қырғыз-қазақ ақындық шығармашылығының байланыстары"(1985), академик Әбділдажан Ақматалиевтің "Шыңғыс Айтматов және қырғыз-қазақ әдеби байланыстары"(1981), "Шыңғыс Айтматовтың және түркі халқының әдебиеті"(1988), ілімпаз Болот Акматовтың "(1930)ж - қазақ-қырғыз әдеби байланыстарының көптүрлілігі"(2000), "20-шы жылдардағы қазақ-қырғыз әдеби байланысындағы жаңа дәуір" (2000), "Мұхтар Әуезов және Ұлы қырғыз жазушылары" (2005). Бұл тізім туған-туыстар, бауырлас халықтар арасындағы әдеби байланыстың қаншалықты терең, жоғары, кең екендігін толық дәлелдейді.
  • Басқаны айтпағанда, Шөже, Қатаған, Сүйімбай, Эсенаман, Майкөт, Қалмырза, Сарба, Жамбыл, Тоқтоғұл, Қалық, Кенен, Осмонқұл, Исмаил сияқты ақындар төкпелік айтыс өнерінде ең үздік болып табылады. "Төкпелік кезеңінің гүлдену дәуірі алда емес, артта қалды деп ойлаймын", – деп белгілі жазушымыз көрегенділікпен болжағанымен, бұл өнердің бүгінгі көрінісі де жаман емес. Қырғыздар бүгінде қазақ айтыс ақындарын үлкен ықыласпен тыңдайды.
  • Егерде біздің мәдениетте екі шың бар десек, сол екеуінің де тең сақталуына, өміршеңдігіне бір туған қазақ елінің зор үлесі бар. 19-ғасырдың аяғында Шоқан Уалиханов қырғыз манасшыларының аузынан “Манастың” ең алғашқы үлгілерін қағазға жазып алып, жарыққа шығарса, бұл ісімен ұлы эпостың жазбаша сақталуына себеп болса, сол кезеңде “Манас” тақырыбын жауып, ескіліктің қалдығы деп айтуға, жазуға, іздеуге тиым салынып, тағдыры қыл үстінде тұрғанда, 1952-жылдағы “Манас” турасындағы конференцияда қазақтың мықты ұлы Мұхтар Әуезов қорғап, артық ауыз сөздерге араша түсіп, сақтап қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет