2. Демонстрациялық экспериментке қойылатын негізгі әдістемелік талаптар
3. Физикадан зертханалық сабақтар
4. Сыныптан тыс бақылаулар мен тәжірибелер
Оқушылардың сыныпта орындайтын зертханалық жұмыстары
1. Оқушылар көрсетілген тәжірибені түсінуге дайын болу керек, яғни тәжірибені жасамас бұрын осы тәжірибеден оқушылар қандай құбылысты немесе заңдылықты түсіну керектігін алдын-ала түсіндіріп берген жөн. Көбінесе тәжірибенің алдында мұғалім оның мақсатын айтып, схемасы болса тақтаға сызып, тәжірибеден не түйетінін айтып, содан кейін ғана тәжірибені жасауға кіріседі. Егерде тәжірибе күрделі болса, онда оны бірнеше бөлімдерге бөліп, әр бөлімнің мақсатын жеке-жеке түсіндірген дұрыс. Мысалы: Ом заңын қорытып шығару үшін көрсетілетін демонстрациялық тәжірибе.
Физикалық құбылыстарды зерттеуде оқушының бақылау және физикалық тәжірибе демонстрациялау үдерісінде танымдық әрекет мұғалімге басқаруға мүмкіндік береді. Егер мұғалім құрал-жабдықтарды, құрылғыларды жинап және талаптарға тиісті тәжірибелерді орындай білсе, сонда демонстрациялық тәжірибе сәтті болады.
Құрал-жабдықтарды білу дегеніміз:
- құрал-жабдықтардың атауын білу және пайдалану;
- құрал-жабдықтардың іс әрекетімен оның негізгі бөліктері;
- басқа құралдардың арасынан берілген құралдарды ажырата білу;
-құрал-жабдықтардың техникалық мүмкіншілігін білу оның эксплутатциялық сипаттамаларын, берілген өлшем шегін;
- басқа құрал-жабдықтармен бірге ұштастыру және құрал-жабдықтардың нұсқауы бойынша қолдану, шартын білу, керекті нәтижеге жету;
Қондырғыларды орната білу демонстарциялық эксперемент техникасының меңгеру дәрежесін көрсетеді. Мұндағы демонстрациялық эксперементке қойылатын талаптарды орындау және тәжірибені өткізу нәтижесін, жабдықтарды тиімді пайдаланунегіз болып табылады
Практика барысында келесі жабдықтарды құрастыру ережелері анықталған:
- берілген тәжірибеге нақты құрал-жабдықтарды таңдау;
- құрал-жабдықтарды дұрыс құрастыру, құрал-жабдықтарды демонстрациялық столда белгілі ойластырылған ретпен орналастыру, жабдықтардың элементтерін біріктіру;
- әр заттың мүмкіншілігін ескере отырып, тәжірибеге берілетін нұсқауларды орындап, тексеру;
- демонстрацияны орындау барысында, тәжірибелерді ретімен орындау.
Демонстрациялық тәжірибенің біліктілгі, яғни демонстарациялық эксперементтің әдістемесі мен техникасын меңгеру оқу процесін жан-жақты қамтиды, сонымен қатар мұнда мұғалімнің әрекеті мен оқушының қызығушылық танымдығын ұйымдастыру кіреді.
Тесіктері бар цилиндр ыдыс қолданылады. Цилиндрдің ішін сумен тез толтырып, тесік төмен болған сайын одан ағып шығатын судың жылдамдығының да артатынына және ағын алысқа ағатынына, яғни тесік тұрған жерде су қысымының көп болатынына бақылаушылардың назарын аударады.
Сурет 19
Әртүрлі сұйықтарда денелердің жүзуі
Белгілі бір жағдайларда дене сұйықтың ішінде жүзіп жүреді. Мұны мынадай демонстрациямен демонстрациялап көрсетуге болады.
Демонстрациялық үстелге біреуінде су, екіншісінде керосин, ал үшіншісінде сынабы бар үш ыдысты қояды. Суға мұзды салып, оның қалай жүзіп жүретінін бақылайды. Сонан соң оны судың ішінен алып, керосинге салады. Мұнда мұз бататынын байқайды. Ал сынапта ол қалқып жүргенін көреміз.
Осыдан кейін кезекпен кірпіш, тығын және алтын сақинаны саламыз (Сурет 28). Үш сұйықтада алтын сақинаның бататынын көреміз. Бақылаушылар неліктен? деген сұраққа, заттардың тығыздықтары кестесін қолданып жауап беру керек.
Кез келген дене температурасы оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығына байланысты. Денелерді құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысын – жылулық қозғалыс деп атайды.
Стаканға құйылған салқын суға жылдам еритін бояу тамызады.Судың боялуы бақыланады (Сурет 42).
Стаканға құйылған ыстық суға жылдам еритін бояу тамызылады (Сурет 43).
Сурет 42 Сурет 43
Әртүрлі дененің жылу өткізгіштігі әртүрлі болатын арнайы құралдың көмегімен демонстрациялауға болады.
Сурет 48
Дөңгелек немесе жарты дөңгелек түріндегі металл пластинаға бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан, өлшемдері бірдей ағаш, шыны, болат, алюминий, латун білеушелер бекітілген. Әрбір білеушеге пластилин көмегімен ұсақ шегелер жапсырылады. Оларды ыстық сумен қыздырғанда білеушелерге жапсырылған шегелердің түсу реті материал білеушелердің жылу өткізгіштігіне байланысты (Сурет 48).