Қазақ әдебиетінен 5-сыныпқа арналған тест сұрақтары
қыркүйек айы
1. «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебайдың әкесін табыңыз.
A) Байбөрі Ә) Сарыбай Б) Қарабай В) Қазанғап Г) Ерназар
2 Түйе атасын табыңыз.
А) Ойсылқара Ә) Шопан ата Б) Зеңгі баба В) Қамбар ата
Г) Шекшек ата
3. Мәтелді табыңыз.
А) Балалы үй – базар. Ә) Отан оттан да ыстық. Б) Жері байдың - елі бай.
В) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.Г) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
4. Керқұла кімнің аты?
A) Ер Төстік Ә) Сарыбай Б) Кендебай В) Жаман Г) Ер Тарғын
5. Төрт түлік жырларында жылқының иесі қалай аталады?
А) Ойсылқара Ә) Шопан ата Б) Зеңгі баба В) Қамбар ата
Г) Шекшек ата
6. . Абай Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары?
А) 1804-1945 Ә) 19835-1905 Б) Уәли бай В) 1845-1904 Г) 1865-1902
7. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.
Батыр туса – ел ырысы, …
A) Жаңбыр жауса – жер ырысы. Ә) Ел үмітін ер ақтар. Б) Айласыз батыр алдырар.
В) Ел – ырыстың кілті. Г) Батыр елдің сәулеті.
8. Жау келгенін білген соң,
Бұл әскерді көрген соң ...-қай жырдан үзінді?
А) Қамбар батыр
Ә) Ер Тарғын
Б) Тайбурылдың шабысы
В)Жекпе-жек
Г)Алпамыс батыр
9. Мақалдың жалғасын белгілеңіз.
Ер бір рет өледі, …
A) Қорқақ мың рет өледі.
Ә) Ерді намыс өлтірер.
Б) Ер атағын ел сақтар.
В) Ел үшін өледі.
Г) Батыр майданда шынығады
10. Халық ауыз әдебиетінің түрлері:
А) Әңгімелер, прозалар айтыс, ертегі
Ә) Өлең, жаңылтпаш, шығарма
Б) Ертегі, аңыз, батырлар жыры, айтыс т.б
В) Ереже, өлең, аңыз
Г) өлең, аңыз, әңгіме
11. Тұрмыс–салт жырларының түрлерін табыңыз.
A) аңыз әңгіме, ертегі
Ә) әдет-ғұрыпқа байланысты, төрт түлікке байланысты
Б) батырлар жыры, лиро-эпостық жыр
В) шешендік сөз, нақыл сөз
Г) мақал-мәтел, жұмбақ
Достарыңызбен бөлісу: |