жүктерді тасымалдау қағидаларына 13-қосымша ГУ-106 нысаны
Вагонның, контейнердің техникалық жай-күйі туралы акт
Толтырылды «
»
ж.
Станция
(станция мөрқалыбы)
Осы акт вагон, контейнерді қарап тексеру барысында жасалды:
№
анықталды:
т.
Вагон «
«осьті жүккөтергіштігі
Контейнер
вагон, контейнер түрі
жасалды
ж.
зауытта
вагонға, контейнерге жөндеу жүргізу орны және уақыты:
күрделі
деполық
жоспарлық-ағымдық
Ақаулық анықталды
Ақаулықтың пайда болу себебі <1>
Жоғарыда аталған ақаулықтың бар болуынан жүктің жоғалуының, бүлінуінің мүмкіндігі туралы қорытынды
Қолдар:
вагон депосынан
(лауазымы, Т.А.Ә., қолдар)
жұмыстар (керегін сызу керек)
станциядан
(лауазым, Т.А.Ә., қолы)
<1> ақаулық себептерін көрсеткенде, зақымдану сипатын оның шығу табиғатын көрсету керек, яғни ол жаңа ма әлде ескі ме, тозу себебінен бе әлде сыртқы қысым әсерінен болды ма, шанақ қаптамасының құрғауынан ба әлде жөндеу жұмыстары технологиясының бұзылуынан ба, бұл ретте жасалған қорытындыны дәлелдейтін жағдайлар көрсетілуі тиіс.
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына 14-қосымша Вагондар мен контейнерлерге арналған бекіту-пломбалау құрылғыларына арналған техникалық талаптар 1. Бекіту-пломбалау құрылғылары (бұдан әрі - БПҚ) Жүктерді тасымалдау нұсқаулығына сәйкес пломбылауға жататын контейнерлерді және темір жол жүк вагондарын: жабдықтарын, цистерналарды, хопперлерді, рефрижераторларды және басқаларды бекітуге және пломбылауға арналған, тасымалданатын жүкке БПҚ-ның зақымдалуынсыз қол жеткізуге жол бермеуі және бекітілетін құрылғылар (есіктер, тиеу және түсіру люктері) арқылы тасымалданатын жүкке санкцияланбаған кіруден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. 2. БПҚ жүк вагондарының және контейнерлердің бекіту элементтерінің құрылымдарына сәйкес болуы тиіс. 3. БПҚ құрылымы қамтамасыз етуі тиіс: 1) БПҚ-ны және оның құрамдас элементтерін бір рет пайдалану; 2) көрінетін элементтердің ең болмаса біреуін бұзбай БПҚ ашу мүмкіндігінің болмауы; 3) ашу күші мыналардан кем болмайтын: вагондар үшін (мамандандырылған темір жол цистерналары мен сұйытылған газдарды, қышқылдарды және басқа химиялық жүктерді тасымалдауға арналған цистерналар контейнерлерінен басқа) - 18 кН (1,8 тс); мамандандырылған темір жол цистерналары мен сұйытылған газдарды, қышқылдарды және басқа химиялық жүктерді тасымалдауға арналған цистерналар контейнерлері үшін - 3,5 кН (0,35 тс); контейнерлер үшін - 12 кН (1,2 тс); 4) қатты блоктау элементі бар БПҚ-ны (бұрандама үлгісіндегі) ажырау күші 30 кН артық болмайтын; тұйықталу күші 70 Н (7 кгс) артық болмайтын; 6) мамандандырылған темір жол цистерналары мен сұйытылған газдарды, қышқылдарды және басқа химиялық жүктерді тасымалдауға арналған цистерналар контейнерлерінен мамандандырылған темір жол цистерналары мен сұйытылған газдарды, қышқылдарды және басқа химиялық жүктерді тасымалдауға арналған цистерналар контейнерлерінен жұмыс істейтін бөлшектері тавотпен, солидолмен немесе басқа майлағышпен майланған ұшқын шығармайтын құрал-сайманның көмегімен БПҚ-ны алу мүмкіндігі; 7) санкцияланбаған ашу жағдайларында барынша мол деңгейде әдеттегі құрал-сайманмен бұзуға жататын өзектік құрылымдардың БПҚ-ның металл элементтері бетінің қаттылығы, 40 HRC-тен кем емес; 8) темір жол вагондары жұмысының пайдалану жағдайларында және контейнерлермен тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде пайда болатын механикалық жүктемелердің (дүмпулер, соққылар, діріл) ықпалы жағдайында жұмысқа қабілеттілік; 9) ашқан жағдайда анық көзге көрінетін іздерсіз БПҚ-ны қайта пайдалану мүмкіндігінің болмауы; 10) көпшілік пайдалану құрал-саймандарымен: слесарлық қоларамен, тістеуіктермен, атауыздармен, бұрауышпен, сомын кілтімен, балғамен, шеге жұлғышпен, монтировкамен, сүйменмен, зілбалғамен зақымдаудың көзге көрінетін іздерінсіз БПҚ-ны ашу мүмкіндігінің болмауы; 11) вагонда немесе контейнерде тұйықталған жағдайдағы БПҚ-ның құрамдас бөліктерінің бірін тікелей жалған жасау мүмкіндігінің болмауы; 12) тұйықталған жағдайдағы БПҚ-ның күйін көзбен көріп немесе қолмен бақылау мүмкіндігі; 13) арнайы құрылғылармен: алынғыштармен, қысқаш-тістеуіктермен, арқанды кесуге арналған қайшылармен және т.с. алу мүмкіндігі; 14) қолмен немесе қарапайым құрал-саймандармен орнату мүмкіндігі; 15) осы Техникалық талаптардың 8-бөліміне сәйкес Жүктерді тасымалдау нұсқаулығымен көзделген ақпаратты жазу; 16) жазылатын ақпараттың айқындылығы және оның пайдалану кезеңінде сақталуы; 17) вагондар мен контейнерлердің бекіту құрылғыларының қосарланған тесіктерінде орналастыру және сенімді ұстап тұру; 18) санкцияланбаған ажырату және БПҚ-ны қайталап орнату мақсатында жылжымалы құрамға орнату алдында елеусіз, жойылатын немесе бүркемелеуге көнетін өзгерістерді әдейі енгізуден қорғау. 4. Тұйықталған күйде тұрған иілгіш бұғаттаушы элементі (арқан тектес) бар БПҚ-ға рұқсат етілетін жүктемелерді (кергіш және айналатын) қоса беру кезінде, пайдалану процесінде де, сынаулар кезінде де, иілгіш элементтің түрінің өзгертуі (ұзаруы) салдарынан БПҚ ілмегінің сомалық ұлғаюы және БПҚ бекітуші (бекітетін) элементінің орын мүмкін болатын орын ауыстыруы 20 мм-ден артық болмауы тиіс. 5. БПҚ-ның жаңа түрлерін мамандандырылған зертхананың өткізген сынауларының нәтижелері бойынша берілген қорытындысы болған жағдайда пайдалануға рұқсат етіледі. 6. Климаттық факторлардың ықпалы бөлігінде пайдалану шарттары бойынша БПҚ УХЛ 1 МемСТ 15150-69 орындалуында жасалуы тиіс. (Қоршаған ортаның температурасы минус 60 С-тан плюс 55 С-ге дейін, 25 С кезіндегі салыстырмалы ылғалдығы 100%). 7. Пайдалану шарттары бойынша БПҚ механикалық факторларының ықпалы бөлігінде жүк вагондарының рессорланған бөліктерінде және автокөлікпен тасымалданатын бұйымдарға бекітілген құрылғыларға ықпал ететін механикалық жүктемелерді көтеруі тиіс. 8. Пайдалану кезіндегі діріл әсерлерінің рұқсат етілетін параметрлері:
11. БПҚ-ның барынша аз мүмкін болатын габаритті мөлшерлері мен массасы болуы тиіс. 12. БПҚ-ның олармен жұмыс істеуі кезінде қолдарын жарақаттамайтын жайлы және қауіпсіз сыртқы нысандары болуы тиіс. 13. БПҚ-ның құрылымы бекітудің жайлылығын және рампадан, тұғырықтан, жиылмалы басқыштан, жерден және басқалардан қарап тексеруді, соның ішінде жүру жолындағы және коммерциялық қарап тексеру пункттерінде тұйықталған күйді тексеруді қамтамасыз етуі тиіс. 14. БПҚ-ны құрал-сайманның көмегімен тұйықтаған жағдайда, олардың сабындағы күш 150 Н (15 кгс) артық болуы тиіс. 15. БПҚ-ны алу үшін арнайы құрылғылардың тұтқасында дамытылуы қажетті күш 200 Н (20 кгс)-тен артық болмауы тиіс. 16. БПҚ-ға жазылатын ақпарат әдеттегі жарықтандыру жағдайларында және 50 лк-дан кем жасанды жарықтандыру жағдайларында 1 м қашықтықтан оңай оқылатындай болуы тиіс. 17. БПҚ жұмысқа қабілеттілігін және Техникалық талаптарды қанағаттандыруын олардың қойылған күнінен бастап 12 ай ішінде және жасаған күнінен бастап 24 ай ішінде сақтауы тиіс. 18. БПҚ-ның құрылымы адамдардың қауіпсіз жұмысын және жарылу-өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. БПҚ-ны алу кезінде тасымалданатын жүктің жануын немесе жарылуын болғызбау үшін ұшқындардың пайда болуына жол берілмеуі тиіс. 19. БПҚ-ның әр түрін жүргізу құқығы ұлттық немесе Еуразиялық патенттік ведомствосының құжатымен расталуы тиіс (мәлімделген құрылымға басқа патент ұстаушылардың жоқ болуы). 20. БПҚ-ға осы Нұсқаулықпен белгіленген ақпарат жазылуы тиіс. 21. БПҚ-ға нөмір және мәтіндік ақпарат нысаны бойынша МемСТ-пен көзделген шрифтен ерекшеленетін шрифтпен жазылуы тиіс. Аталған шрифтің барлық параметрлері БПҚ-ға конструкторлық құжаттамада көрсетілуі тиіс. 22. БПҚ-ның бұзылмайтын элементіне осы Нұсқаулықпен қарастырылған ақпарат жазылуы тиіс. Осындай ақпарат БПҚ-ның құрамдас элементтеріне жазылуы мүмкін Теміржол көлігімен 1>1>