топтама вагондармен тасымалдау тәртібі 214. Тасымалдауға вагондар топтарымен берілетін жүктер мынадай шарттар сақталған кезде: 1) жүктер біртекті болғанда; 2) жүктерді жөнелтуді бір жүк жөнелтуші бір жөнелту станциясында ұсынғанда; 3) жүкті жөнелту бір жүк алушының мекенжайына бір тағайындалу станциясына жіберілгенде; 4) жүк жөнелтуші, жүк алушы немесе тасымалдаушы жүктің массасы мен вагондардың санын жол жүру барысында өзгертпегенде бір жүкқұжатпен ресімделеді. Жүк жөнелтушінің жазбаша өтініші бойынша бір тағайындалу станциясына, бір алушының мекенжайына бара жатқан бір текті жүгі бар вагондарды жүк алушының және тасымалдаушының келісімі болған кезде бір жүк құжатымен маршрутпен (топпен) тасымалдауға жол беріледі. 215. Женелтілім маршрутты қалыптастырған кезде маршруттың ядросы да, маршруттың тіркеме бөлігіндегі вагондардың әрбір тобы да, сондай-ақ маршруттың тіркеме бөлігіндегі әрбір дара вагон жеке жүк құжатпен ресімделеді. Жолсерік алып жүретін жануарларды вагондар тобымен тасымалдауды бір жүк құжатпен ресімдеуге рұқсат етіледі. Осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес ГУ-27е нысанды жүк құжаты толтырылады. Бұл ретте жүк жөнелтуші оның атауындағы: жүктерді маршруттық жөнелтіліммен тасымалдағанда - «немесе вагондар тобы» сөздерін, жүкті топтама жөнелтіліммен тасымалдағанда - «маршрут немесе» сөздерін сызып тастайды. Орындардың саны мен жүктің массасы, сондай-ақ тасымалдау ақысы әр вагон бойынша жүк қағазында тиісті бағандарда, ал орындардың жалпы саны, бүкіл жөнелтілімнің массасы мен тасымалдау төлемінің жалпы сомасы - жүк қағазының бет жағында көрсетіледі. Бекіту-пломбалау құрылғылары туралы мәліметтерді жүк жөнелтуші топтың әрбір вагоны бойынша жүк құжатына қосымша берілетін парақта көрсетеді. Қосымша парақты жүк жөнелтуші үш данада толтырады және қол қояды. Жүк құжатында жүктің атауы тұсында жүк жөнелтуші «Бекіту-пломбалау құрылғылары туралы мәліметті қосымша парақта қара» деген белгі соғады. Жүк құжатымен қосымша парақтың үш данасын жүк жөнелтуші жөнелту станциясына береді. Станция қосымша парақтың барлық данасына жүк қағазының нөмірін қояды. Қосымша парақтың бірінші және екінші данасын жөнелту станциясы тиісінше жүк құжаты мен жол тізімдемесінің түбіртегіне қыстырады, ал үшінші данасы жүкті қабылдау туралы квитанциямен бірге жүк жөнелтушіге қайтарылады. Тасымалдауды тасымалдардың электрондық дерегін қолданып ресімдегенде, ГУ-27-У-ВЦ нысанды жүк құжаты осы Қағидаларға сәйкес толтырылады. Бұл ретте орындардың саны, жүктің массасы, бекіту-пломбалау құрылғылары туралы мәліметтер, сондай-ақ тасымалдау ақысы әр вагон бойынша көрсетіледі. Жүк қағаз тасымалдау құжаттарымен (электрондық құжаттардың көшірмелері) бірге немесе оларсыз (қағазсыз технологияда) темір жол көлігінде қабылданған тасымалдарды ұйымдастыру технологиясына сәйкес жүреді. 216. Маршруттық немесе топтама жөнелтілімнің бір жүк құжатымен жүретін жүктердің баратын жерін ауыстыруды тасымалдаушы жүк жөнелтушілердің (жүк алушының) өтінімі бойынша жүзеге асырады. 217. Жол жүру барысында вагонды (вагондар тобын) оның (олардың) ақаулығынан маршруттық немесе топтама жөнелтілімнен (бұдан әрі - негізгі жөнелтілім) ағытқан жағдайда, вагонды (вагондар тобын) ағыту жүргізілген станция ол жайында вагондарды (вагондар тобын) ағытудың себептерін, сондай-ақ жөнелтілімнің нөмірін жүктің тағайындалу станциясының атауы мен кодтарын, жүк алушының атауы мен кодын, оның пошталық мекенжайын, жүктің атауы мен кодын көрсетіп, екі дана ГУ-23 жалпы нысанды акт жасайды. Негізгі жөнелтіліммен келе жатқан жүк құжаты мен жол тізімдемесінің «Жол жүру барысындағы белгілер» бағанында ағытылған вагонның (вагондардың) нөмірі, ағыту станциясының атауы, ағыту себебі, жалпы нысанды актінің нөмірі және оның жасалған күні көрсетіліп, белгі соғылады. Енгізілген деректер станцияның тиісті қызметкерінің қолымен және күнтізбелік мөрқалыппен куәландырылады. Жүк құжатында (жол тізімдемесінде) орын жетіспегенде, жол жүру барысында ағытылған вагондар туралы мәліметтер жүк қағазының мөлшеріне тең болатын қосымша парақтарға жазылады. Аталған парақтардың жоғарғы бөлігінде «№ жүк құжатына (жол тізімдемесіне) № қосымша парақ» деп жазылады. Қосымша парақтар жүк құжатына және жол тізімдемесіне қыстырылады. Жүк қағазының «Магистральдық теміржол желісі операторының белгілері» бағанында «Ағытылған вагондар туралы деректердің жалғасын № қосымша парақтан қара» деген жазба жасалады.
ГУ-23 жалпы нысандағы актінің бірінші данасы жөнелтіліммен бірге келе жатқан, тасымалдау құжаттарына қоса беріледі, екінші данасы вагонды ағыту жүргізілген станцияның істерінде сақтауда қалады. Ағытылған вагон (вагондар тобы) туралы деректер негізгі жөнелтіліммен келе жатқан вагон парағынан да сызылып тасталады. Мұндай түзету вагонды (вагондар тобын) ағыту себептері көрсетіліп, станцияның тиісті қызметкерлерінің қолымен және тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыппен куәландырылады. Станция ақауларды жойғаннан кейін ГУ-23 жалпы нысандағы акт деректерінің негізінде әрбір ағытылған вагонға жаңа вагон парағы мен қосымша жіберу жол тізімдемесі жасалады, солармен мұндай вагон тағайындалу станциясына барады. Қосымша жіберу жол тізімдемесін жасағанда, «Алушы» бағанында «__________ДС» (жүктің тағайындалған станциясы) көрсетіледі, «Жүктің атауы» бағаны толтырылады, оның тұсында «______ тж ______________ станциясының негізгі жөнелтпесіне № ______ беру үшін (алушының атауы, оның пошталық мекенжайы) қосымша жіберіліп отыр» және бекіту-пломбалау құрылғылары туралы мәліметтер көрсетіледі.
218. Тасымалдануы тасымалдардың электрондық дерегі қолданылып жүзеге асырылған маршруттық немесе топтама жөнелтілімнен жол жүру барысында ақаулығы салдарынан вагон (вагондар тобы) ағытылған жағдайда ағыту жүргізілген станция тасымалдаушының МАЖ -сынан ГУ-27-У-ВЦ нысанды электрондық жүк қағазының қағаз көшірмесін сұратып алады. Жөнелтпе электрондық тасымалдау құжаттарының қағаз көшірмелерімен қоса жүріп келе жатқанда, ағыту станциясы ағытудың себебін көрсетіп, екі дана ГУ-23 жалпы нысандағы акт жасайды. ГУ-27-У-ВЦ нысанды негізгі жүк қағазының «Жол жүру барысындағы белгілер» бөлімінде және ГУ-29-У-ВЦ нысанды жол тізімдемесінде ағытылған вагонның нөмірі, ағыту станциясының атауы, ағыту себептері, ГУ-23 жалпы нысандағы актінің нөмірі және оның жасалған датасы көрсетіліп белгі соғылады. Енгізілген деректер станцияның жауапты қызметкерінің қолымен және күнтізбелік мөрқалыбымен расталады. Актінің бірінші данасы негізгі жөнелтілім келе жатқан электрондық тасымалдау құжаттарының қағаз көшірмелеріне қоса беріледі. Тасымалдаушының МАЖ -сынан алынған, машинамен басылған құжатпен тігілген екінші данасы станцияның істерінде қалады. Тасымалдардың электрондық дерегіне түзету енгізу үшін тасымалдаушының МАЖ -ына акті мен ағыту себебі көрсетілген, ағыту туралы ақпаратпен хабар беру тасымалдаушының МАЖ -ның жұмыс істеу технологиясына сәйкес жүргізіледі. Жөнелтілім қағазсыз технология бойынша тек тасымалдардың электрондық дерегімен ғана жүргенде, ГУ-23 жалпы нысандағы акт бір данада жасалады, ол тасымалдаушының МАЖ -ынан алынған машинамен басылған ГУ-27-У-ВЦ нысанды жүк құжаттың көшірмесімен бірге станцияның істерінде қалады. Тасымалдардың электрондық дерегіне акт және ағыту себебі көрсетіліп ағыту туралы ақпарат тасымалдаушының МАЖ -ының жұмыс істеу технологиясына сәйкес енгізіледі. Вагонның ақаулығын жойғаннан кейін станция қызметкері МАЖ -дан алынған ГУ-27-У-ВЦ нысанды машинамен басылған жүк құжатының және ГУ-23 жалпы нысанды акт деректерінің негізінде әрбір ағытылған вагонға электрондық қосымша жіберу жол тізімдемесін ресімдейді. Электрондық қосымша жіберу жол тізімдемесінің «Алушы» бағанында «____ДС» (жүктің тағайындалу станциясы), сондай-ақ вагонның нөмірі, коды және жүктің атауы, негізгі жөнелтілімнің нөмірі, жүк алушының коды мен атауы және оның пошталық мекенжайы туралы мәліметтер, бекіту-пломбалау құрылғылары туралы мәліметтер көрсетіледі. Вагонның тағайындалу станциясына дейін электрондық қосымша жіберу жол тізімдемесімен (қағазсыз технология) немесе оның қағаз көшірмесімен ғана жүруіне жол беріледі.
219. Тағайындалу станциясы маршруттық немесе топтама жөнелтіліммен келген жүкті бергенде жүк қағазында жол жүру барысында вагонның (вагондар тобының) ағытылғандығы туралы белгі (белгілері) бар тасымалдау құжаттарына қоса берілген ГУ-23 жалпы нысандағы актінің (актілердің) негізінде келмеген вагондардың нөмірлерін көрсете отырып коммерциялық акт жасайды. Жүк құжатының «Тасымалдаушының белгілері» бағанында «Жөнелтпе құрамында _______ вагонмен келді. Келмеген №№ ________ ___ вагонға № _______ коммерциялық акт жасалды» деген жазба жазылады. Тағайындалу станциясына қосымша жөнелту жол тізімдемесімен келген жүк жүк алушыға осы Қағидаларға сәйкес оған берілген коммерциялық актінің данасы мен жөнелтуге жүк құжатын көрсеткеннен кейін беріледі. Тасымалдаушының станциядағы өкілі коммерциялық актінің барлық данасының «Ж» бөлімінде және жөнелтуге жүк құжатының «Тасымалдаушының белгілері» бағанында жүктің қосымша жіберу жол тізімдемесімен келгендігі туралы қосымша жіберу жол тізімдемесінің нөмірін, вагонның, қосымша жіберуді ресімдеген станцияның нөмірін, қосымша жіберуді ресімдеу датасын және жүкті жүк алушыға берудің датасын көрсетіп белгі соғады. Коммерциялық актіде келмеген деп көрсетілген соңғы вагон келгеннен кейін жүк алушы коммерциялық актіні тағайындалу станциясына сақтау үшін қайтарады. Қосымша жіберу жол тізімдемесімен келген жүкті негізгі жөнелтілім келгеннен бұрын беру жүк алушының қосымша жіберу жол тізімдемесінде қолын қойғызып жүргізіледі. Бұл жағдайда негізгі жөнелтілім келгеннен кейін коммерциялық акт жасалмайды. Қосымша жіберу жол тізімдемесі бойынша тасымалдау ақысы алынбайды. 220. Тағайындалу станциясымен сапар барысында вагонның ажыратылғаны туралы белгі бар тасымалдардың электрондық дерегін пайдалана отырып, тағайындау станциясына негізгі маршрутпен немесе топтық жөнелтіліммен вагондар келгенде, вагонды (вагон топтарын) ажырату туралы ГУ-23 жалпы нысандағы актінің негізінде келмеген вагондардың (вагон топтарының) нөмірі көрсетіле отырып, коммерциялық акт жасалады. МАЖ -ға ақпарат беру МАЖ -ның жұмыс істеу технологиясына сәйкес жүргізіледі. 221. Тағайындалу станциясында келген вагондар санының немесе нөмірлерінің жөнелтіліммен бірге келген тасымалдау құжаттарында көрсетілген деректермен сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда жүкті беруді ресімдеу тасымалдау құжаттарын ресімдеу тәсіліне қарай (қағазда немесе электрондық түрде) осы Қағидаларға сәйкес тәртіппен жүргізіледі. 222. Маршруттық немесе топтама жөнелтіліммен келген жүкті бергенде тағайындалу станциясы жүк тасымалымен байланысты ақтық есеп айырысуды жүк құжаты (электрондық жүк құжаты) бойынша жүк құжатында көрсетілген вагондар саны үшін жүргізеді. Тасымалдардың электрондық дерегін қолданып маршруттық (топтама) жөнелтіліммен келген жүкті беруді ресімдеу осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі. 9. Құндылығы жарияланған жүктерді тасымалдау тәртібі 223. Жүк жөнелтушілер қажет болған жағдайда, тасымалдауға дайындалған жүктерді олардың құндылығын жариялап береді. Тасымалдауға ұсынылғанда, мына жүктердің құндылығын жариялау міндетті: 1) алтын, күміс және платина, сондай-ақ солардан жасалған бұйымдар; 2) бағалы тастар; 3) бағалы терілер, мысалы, құндыз, ақ тышқан, сусар, қара күзен, кәмшат, қаракөл, итбалық, теңіз мысығы, қара түлкі, скунс, бұлғын, сондай-ақ осылардың терісінен жасалған бұйымдар; 4) түсірілген фильмдер; 5) суреттер; 6) мүсіндер; 7) көркемдік бұйымдар; 8) антикварлық заттар; 9) үй заттары. Басқа жүктердің құндылығын жариялау жүк жөнелтушінің ынтасы негізінде жүзеге асырылады. Жүк құжатта олардың ұүндылығын көрсетіп үй заттарын тасымалдауға апарардың алдында жүк жөнелтуші әрбір жүктік орынға (жәшікке, қорапқа) орналастырылған үй заттарының атын, санын және бағасын жазып үш данада тізілімін жасап береді. Тізілімде жүк құжатта үй заттары орындардың жалпы саны мен құны көрсетіледі, ол жүк құжатта жарияланған керек көрсетілген құндылыққа сәйкес келуі тиіс. Тізілімнің бірінші данасы жөнелту станциясында, екіншісі - Жүк жөнелтуші де қалады, ал үшінші данасы үй заттарының арасына салынып, тағайындалған станцияға дейін бірге жеткізілуі тиіс. Ақтарма, үйілме, құймалы түрде, ашық жылжымалы құрамда, жолсеріктермен, жүк жөнелтушінің бекіту-пломбалау құрылғыларымен тасымалданатын, сондай-ақ тез бүлінетін және қауіпті жүктердің құндылығын жариялауға жол берілмейді. Сондай-ақ бір жүк құжатымен тасымалданатын жүктің бір бөлігінің құндылығын жариялауға жол берілмейді. 224. Жүктердің құндылығы олардың бағасы негізге алына отырып, жарияланады. Жүктің құны сатушының шотында көрсетілген немесе шартта көзделген баға негізге алына отырып анықталады, ал олар болмағанда, ұқсас жағдаяттарда осындай тауар үшін әдетте алынатын баға негізге алына отырып белгіленеді. 225. Жүк жөнелтуші тасымалдауға құндылығы жарияланған жүктерді берген кезде, тасымалдаушыға жүк құжатымен бірге жөнелту станциясында осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес ГУ-112 нысанды құндылығы жарияланған жүкті тасымалдауға арналған тізілімді береді. Бір жүк құжаты бойынша құндылығы әртүрлі жүктер берілген кезде олардың айырмалық ерекшеліктері, орындарының саны мен олардың құндылығы тізілімдемеде жеке жолмен көрсетіледі. Құндылығы жарияланған жүктерді тасымалдауға арналған тізілімдеме үш данада жасалады, олардың біреуі жүк жөнелтушіге қайтарылады, екіншісі вагонның, контейнердің ішіне көрінетін жерге бекітіледі немесе ұсақ жөнелтіліммен тасымалданған кезде жүк орындарының біреуіне салынады, ал үшінші данасы тасымалдаушыда жөнелту станциясында қалады. 226. Егер жүк жөнелтушінің жүктің құндылығын асырып жіберді деуге негіз болса, тасымалдаушы құндылығын қарап тексеру үшін тасымалдауға берілген жүкті ашуды талап етеді. 227. Жүк жөнелтуші берген тасымалдау құжаттарын ресімдеген кезде, тасымалдаушының жөнелту станциясындағы өкілі: жүк жөнелтушінің тізілімдемені дұрыс толтыруын тексереді, онда теміржол жүк құжатының нөмірін көрсетеді, «Тізімдеме қабылданды» деген жолға қол қояды, жөнелту тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыбын қояды. Егер тізілімдеме бірнеше парақта жасалса, күнтізбелік мөрқалып және жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының жөнелту станциясындағы өкілінің қолдары әрбір параққа қойылады. 228. Жүктердің жарияланған құндылығы үшін жүк жөнелтуші тасымалдаушыға тарифтік басшылыққа сәйкес алым төлейді. Алынатын алымның мөлшері тасымалдау құжаттарында көрсетіледі. 10. Вагон таразыларында жүктерді өлшеу дәлдігінің нормалары 229. Вагон таразыларында жүктерді өлшеу қателігі стандарттармен, басқа да нормативтік техникалық актілермен, техникалық регламенттермен, вагон таразыларының өндіруші-заводтарының техникалық шарттарымен және техникалық куәліктерімен орнатылған шектерден аспау қажет. Вагон таразыларында жүктерді өлшеу дәлдігінің нормалары осы Қағидалардың 22-қосымшасында көрсетілген. 11. Жүк салмағының табиғи кему нормалары 230. Тасымалдау кезінде табиғи қасиеттердің салдарынан массасы кемуге ұшырайтын жүктерге қатысты, тасымалдаушы жүк жүріп өткен қашықтыққа тәуелсіз, кем шығудың төменде пайызбен көрсетілген нормадан асатын бөлігіне ғана жауап береді: 1) тасымалдауға тапсырылған жүктердің шикізат немесе сұйық (ылғал) күйіндегі массасының екі пайызы; 2) құрғақ жүктер массасының бір пайызы. Ақтарылып, үймеленіп немесе құйылып тасымалданатын жүктер үшін егер олар сапар барысында аударылып тиелетін болса, аталған нормалар әрбір асқын тиеу үшін 0,3 % өседі. Тасымалдау кезінде табиғи қасиеттердің салдарынан массасы кемуге ұшырамайтын жүктерге қатысты, тасымалдаушы жүк жүріп өткен қашықтыққа тәуелсіз, кем шығудың жүк массасының 0,2% асатын бөлігіне ғана жауап береді. Егер бір жүкқұжат бойынша жүктің бірнеше орны тасымалданатын болса, онда кему әрбір орын үшін есептеледі, егер оның массасы жүкқұжатта жеке көрсетілген болса немесе өзге тәсілмен анықталған болса. 231. Аралас тасымалдар кезінде жүк салмағының табиғи кему нормалары тасымалдауға қатысатын әрбір көлік түрі үшін біріңғай өлшемде осы көлік түріндегі барлық арақашықтыққа қолданылады. 12. Тасымалдау және тасымалдау төлемі бойынша есеп алысу