толтыру 207. Тасымалдаушының бос вагондарын тасымалдау осы Қағидаларға 19-қосымша сәйкес ГУ-27сп нысанды бір жерден екінші жерге жеткізу жүк құжатымен ресімделеді. 208. Мұнай және мұнай өнімдерін құю пункттеріне бара жатқан бос цистерналар, бункерлік үсті ашық вагондар былай ресімделеді: осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес ГУ-27дс нысанды бір жерден екінші жерге жеткізу жүк құжатымен - мөлдір мұнай өнімдері ағызып алынған бос цистерналарды тасымалдағанда; осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес ГУ-27дт нысанды бір жерден екінші жерге жеткізу жүк құжатымен - бункерлік үсті ашық вагондарды және қара мұнай өнімдері ағызып алынған бос цистерналарды тасымалдағанда. 209. Жүк жөнелтуші ол түсірген әрбір вагонға бір жерден екінші жерге жеткізу жүк құжаты ресімдейді және жүкті түсіру (ағызу) аяқталғаны туралы хабарламамен бірге бір мезгілде станцияға ұсынылады. Бір жерден екінші жерге жеткізу жүк қағазын ұсынбаған вагонды станция қабылдамайды. 210. Жүк алушы бір жерден екінші жерге жеткізу жүк құжатымен бірге бір мезгілде өзі түсірген әрбір вагонға бір жерден екінші жерге жеткізу жүк құжатының бос вагонды жөнелту станциясында қалатын түбіртегін толтырады. 211. Тасымалдаушы жүк алушыдан бір жерден екінші жерге жеткізу жүк құжатын алғаннан кейін, оның толтырылуының дұрыстығын, жүктен толық босатылуын (құйып алынуын) және вагонның тазартылуын растайтын бағанда жүк жөнелтушінің қойған қолының анықтығын және мөрдің (мөрқалыптың) болуын тексереді. 212. Келген вагонды қарап тексеру нәтижелері бар бір жерден екінші жерге жеткізу жүк қағазының сыртқы жағы, бұл вагон жүктен толық босатылмаған, вагон тазаланбаған және кезекті тиеуге жарамаған жағдайларда вагонға жаңа жүк тиелетін станцияда толтырылады. 213. Бір жерден екінші жерге жеткізу жүк құжатының барлық нысандарының типографиялық нөмірі бар және жүк құжаты мен жүк құжатының түбіртегінен тұрады. Бір жерден екінші жерге жеткізу жүк құжаты бос вагондармен ілесіп жүреді, ал осы жүк құжатының түбіртегі жүктен босату (құйып алу) және бос вагонды жөнелту станциясының істерінде қалады. 8. Жаппай тиелетін жүктерді бір жүк құжатымен маршруттық және