Ис bestProfi



бет12/73
Дата12.06.2023
өлшемі0,87 Mb.
#100704
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73
Байланысты:
ҚР Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау


беру тәртібі

309. Тасымалдаушы мынадай салдарлардан жүк алушыға жеткізу немесе беру мүмкіндігі болмаған кезде жүкті ұстап қалады не болмаса өткізеді:
одан әрі тасымалдау кезінде жүктің мүмкін болатын бұзылуы немесе жоғалуы;
тағайындалған станция ауданында жоқ жүк алушының мекенжайына келген жүкпен не істеу керектігі жайында Жүк жөнелтуші нің нұсқауларын алмауы;
шартта көзделмеген жүкті жеткізу;
оның кімге тиесілі екендігін анықтау мүмкін болмаған (құжатсыз) жүктің табылуы;
жүк тасымалына ақы төлеуден және тасымалдаушыға тиесілі өзге де төлемдерден жүк алушының жалтаруы;
станцияда жүктің шекті сақтау мерзімдерімен артық болуы.
310. Жүкті өткізу, жүктерді Қазақстан Рееспубликасы мемлекеттік органдарына жіберу осы Қағидаларға, Заңның 52-бабына және Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 242-тармағына сәйкес іске асырылады.
311. Сату қоймасына келіп түскен барлық жүктер белгіленген нысандағы кітапқа жазылады.
312. Жүктер жүк тасымалдаушының жергілікті актісіне сәйкес сапа сараптамасын және бағалау құнын жүргізгеннен кейін сатылады.
313. Жүктерді бағалағаннан кейін оларды сату тасымалдаушының өкілі мен жүкті алатын тұлғаның өкілі жасайтын қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүргізіледі.
Жүктерді бағалау және қабылдау-тапсыру актілері үш данада жасалады, олардың:
біріншісі тасымалдаушыда қалады;
екіншісі жүкті алушы тұлғаның өкіліне беріледі;
үшіншісі сату қоймасында қалады.
314. Жүктерді сату тасымалдаушының шотына сатып алушы жүктің құнын алдын ала төлеуді жүзеге асырғаннан соң жүргізіледі.
Тасымалдаушыға тиесілі барлық төлемдер шегеріліп, сатылған жүк үшін тасымалдаушы алған сома депозит жағдайында талап-қуыным және талап мерзімі аяқталғанға дейін тасымалдаушыда сақталынады.
Жүк жөнелтушіден/жүк алушыдан жүкті сатқанынан түскен ақшаны қайтару туралы талап-қуыным болмаған кезде, ол Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында белгіленген талап мерзімі өткеннен соң тасымалдаушының табысы болып танылады.
315. Үй заттарында табылған ақшалай белгілер депозит жағдайында талап-шағым және қуыным мерзімі аяқталғанға дейін тасымалдаушыға қызмет көрсететін банкке енгізіледі.
Депозитті ресімдеумен байланысты шығыстар табылған ақшалай белгілер соммасынан төленеді.
Банктің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері ақшалай белгілерді қабылдағаны туралы тасымалдаушыға түбіртек береді.
Жүк жөнелтуші талап етпеген ақшалар үш ай мерзімі өткеннен соң тасымалдаушының шотына аударылады.
Үй заттарында табылған бағалы қағаздар, асыл металдар, тастар мен меруерт, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдар тізімдеме бойынша құндылықтардың атауы, олардың саны мен массасы онда көрсетіліп, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне аударылады.
Бұл ретте тізімдеменің бірінші данасы жіберілімге салынады, екіншісі жіберіліммен бір мезгілде жеке пакетпен жіберіледі, ал үшіншісі тасымалдаушының немесе сату қоймасының істерінде қалады.
18. Жүкті басқа мекенжайға жіберу, жүк жөнелтушіге қайтару


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет