Ис bestProfi



бет9/73
Дата12.06.2023
өлшемі0,87 Mb.
#100704
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73
Байланысты:
ҚР Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау


тәртібі

232. Жүк тасымалдары, жүктерге ілесіп жүретін жолсеріктердің жүруі үшін төлемдер, вагондарды пайдаланғаны, тасымалдаушының құралдарымен өлшегені, сақтағаны үшін тиесілі төлемдер және осы Қағидамен және № 4 тарифтік басшылықпен (перйскурантпен) белгіленген өзге төлемдер мен алымдарды, егер шартпен өзгедей көзделмесе, төлеуші жөнелту станциясында тасымалдаушының тауарлық кассасына қолма қол ақшамен, төлем карталарын пайдаланумен немесе есеп айырысуларды ұйымдастыру шарты бойынша төлеушінің жеке шоттарынан (алдын ала төлемнің бар сомасынан) ақшаны есептен шығару жолымен тасымалдаушының есеп айырысу ұйымдары арқылы орталықтандырылып төлейді.
233. Жүк алушылар жүктердi уақтылы түсiрмеген (босатпаған) кезде тасымалдаушы вагондар айналымының технологиялық мерзімінен және жүктердi түсiру (босату) мерзімдерінен (технологиялық уақытынан) тыс жиырма төрт сағаттан артық кiдiртiлген вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төлемақыны арттырады, бірақ он еседен аспайтын көлемде арттырады.
Вагондар бос тұрған жағдайда, вагондармен және контейнерлермен қолдану төлемінің мөлшерін ұлғайту станцияда төлемті ұлғайты хабарламасы ілінген кезден бір тәуліктен ерте емес уақыттан бастап қолданысқа енгізіледі.
234. Осы Қағидамен және тасымалдаушының Тарифтік басшылығымен (прейскурантпен) белгіленген жүктің тасымалданғаны үшін төлемді және тасымалдаушыға төленуі тиіс өзге де төлемдерді жүк жөнелтуші, экспедитор, егер өзгесі шартпен көзделмесе, жүкті жөнелткенге дейін енгізеді. Тасу ақысы көрсетілген жүктің қабылданғаны туралы квитанцияны (халықаралық қатынастағы тасымалдар кезінде – жүк құжаттың телнұсқасы) жүк жөнелтушіге жөнелту станциясындағы тасымалдаушының өкілі тасымалдау құжаттарын ресімдеген кезде береді.
235. Жүктерді тасымалдау үшін түпкілікті есеп айырысуды жүк алушы жүктің тағайындалған станцияға келуі бойынша жүргізеді. Бұл ретте жүкті беру ресімделгенге дейін тасымалдаушының станциядағы өкілі өндірілген тасымалдау төлемінің дұрыстығын тексереді, жөнелту станциясында жол берілген жетімсіздіктерді, сондай-ақ сапар барысында және тағайындау станциясында пайда болған барлық төлемдер мен алымдарды ұсынады және есептейді.
Бұл жағдайларда артық төлем сомаларын қайтару шағым-талап тәртібінде жүргізіледі.
236. Жүк жөнелтушіде тасымалдаушының МАЖ-ына қол жеткізу болған кезде тасу ақысы көрсетілген жүктің қабылданғаны туралы квитанцияны электрондық түрде беру жол беріледі.
237. Жүк алушыдан қосымша тасу ақысын немесе алымдарды өндіріп алу қажеттілігі пайда болған (жолда немесе тағайындалған станциясында пайда болған) жағдайларда, өндіріп алу сол тәртіппен жүргізіледі.
Жүк түсірілетін вагонның параметрлері сол жүк қайта тиелетін вагонның параметрлерімен, жүк қайта тиелетін вагон шанағы параметрлерінің еселілігі жүк орындарының еселілігіне сай келмегенде, шекара станциясында жүкті жолтабанының ені басқа жолдағы вагоннан жолтабанының ені тіптен басқа жолдағы екі немесе бірнеше вагонға қайта тиеу кезінде, қайта тиелген жүктер үшін төлем дербес вагондық жөнелтілім ретінде есептеледі.
238. Тасымалдау тасымалдардың электрондық дерегін пайдаланып ресімделген кезде осы Қағидада аталған тасымалдар үшін есеп айырысу туралы белгілер тасымалдардың электрондық дерегінде қалыптастырылады
239. Жүру жолын тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша жүк тасымалдауға кедергілердің пайда болуына байланысты өзгерткен жағдайда тасымалдау үшін тасу төлемдері жүрудің өзгертілген жолы үшін есептеледі.
240. Бір жөнелтілімді жүру жолында бір вагоннан екі немесе одан көп вагонға тасымалдаушыға байланысты емес себептер бойынша қайта тиеген жағдайда вагондардың әрқайсысына тиелген жүк үшін тасу ақысы дербес вагондық жөнелтілім ретінде жеке есептеледі.
241. Жүк құжатындағы жүк атауының, оның айрықша ерекшеліктерін немесе қажетті сақтандыру шараларын қате көрсеткені, сондай-ақ оны тасымалдауға тыйым салынған жүкті жөнелткені үшін жүк жөнелтушіден тасымалдаушының пайдасына осы жағдайлармен келтірілген шығындарды өтеумен қатар тасымалдаудың бес еселенген құны көлемінде айыппұл өндіріледі.
13. Вагондарды беру-әкету шарттарын жасасу тәртібі және мұндай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет