тасымалдарды жоспарлау 41. Үшінші елдерге тасымалдау дегеніміз ТМД-ға қатысушы мемлекеттерді, сондай-ақ Грузия, Латвия, Литва, Эстонияны қоспағанда, басқа елдерге тағайындалған жүктерді тасымалдау. 42. Үшінші елдерге халықаралық теміржол қатынасында жүк тасымалдарын айлық жоспарлау Қағиданың осы тарауында белгіленген жүктерді тасымалдауды жоспарлау тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. 43. Үшінші елдерге халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды айлық жоспарлауды жүк жөнелтушілер жүктің түрлері және тағайындалған елдері бойынша теңіз порттары мен шекаралық станциялардың белгіленген мамандандырылуын сақтай отырып, жүктердің тиісті түрлерін тасымалдаудың жалпы жоспарлары есебінен жүзеге асырады. 44. Тасымалдаушы жоспарланып отырған ай басталғанға дейін 3 күн бұрын жөнелту станцияларына тасымалдарға қатысушы транзиттік теміржол әкімшіліктері бойынша төлемдерді жүзеге асыратын экспедиторларды көрсетіп, жүк жөнелтушілер бойынша үшінші елдерге халықаралық қатынаста жүк тасымалдарының келісілген көлемдерін хабарлайды. 45. Қазақстан Республикасының теңіз порттарына тағайындалуымен жүкті ағыза отырып және одан әрі экспортқа (үшінші елдерге халықаралық қатынаста) жүк тасымалдарын келісуді тасымалдаушы портпен және жүк тасымалдауға қатысушы барлық қатысы бар порт маңындағы әкімшіліктермен дербес жүргізеді, ал Қазақстан Республикасының теңіз порттары арқылы халықаралық қатынаста үшінші елдерге (экспортқа) тасымалдау, сондай-ақ тасымалдауға қатысушы порт маңындағы теміржол станцияларының қатысы бар теміржол әкімшіліктерімен жоспарланып отырған ай басталғанға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, жүк жөнелтушіні, жөнелту станциясын, жүктің атауын, жүктің көлемін вагондармен және тоннамен, порт маңындағы станцияның атауын, порттағы жүк жөнелтушінің атауын, тағайындалған елдің атауын көрсете отырып жүзеге асырады. 46. Үшінші елдерге халықаралық теміржол қатынасында қосымша жоспар бойынша жүк тасымалдарына өтінімдерді келісуді тасымалдаушы келесі тәртіпте жүргізеді: 1) тасымалдаушы шекаралық теміржол станциялары арқылы жүк тасымалдарын үшінші елдердің темір жолдарымен Ресей Федерациясының теміржол әкімшілігі арқылы келіседі; 2) тасымалдаушы Ресей Федерациясының, Украинаның, Түрікменстанның, Грузияның, Әзербайжанның, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының портмаңындық теміржол станциялары арқылы жүк тасымалдарын Ұлттық инфрақұрылым операторы арқылы қатысы бар темір жол әкімшіліктерімен келіседі. 47. Тасымалдаушы экспортқа арналған жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімнің орындалуын есепке алуды жеке есепке алу карточкалары бойынша жүргізеді. 3-параграф. Жүктерді экспортқа/импортқа