25-1-баппен толықтырылды ҚР 31.01.2006 жылғы № 125 Заңына сәйкес 25-1-бап өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы № 188-IV Заңымен ( 29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз) 1. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап) 25-2-бап. Тексеру жүргiзудiң мерзiмдерi Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз) 25-2-бап алынып тасталды ҚР 17.07.2009 жылғы № 188-IV Заңына сәйкес 26-бап. Көлiк саласындағы халықаралық қатынастар 26-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен ( 09.07.2004 ж. редакцияны қараңыз) Уәкiлеттi мемлекеттiк орган көлiк саласындағы мемлекетаралық қатынастарда келiсiмдер мен шарттар жасау құқығына ие бола отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республиканың мүддесiн бiлдiредi. Тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа мемлекеттердiң заңды және жеке тұлғаларымен сыртқы экономиканы және ынтымақтастықты дамыта отырып, өнiмдер (жұмыстар, қызметтер, экспортын (импортын) жүзеге асыра алады. Қазақстан Республикасының Президентi "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қаулы етедi: 1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi: - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне Қазақстан Республикасының заң құжаттарын "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендiру туралы ұсыныстар табыс ететiн болсын; - Қазақстан Республикасының көлiк кодекстерiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн; - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Заңға сәйкестендiрсiн. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы