Ис bestProfi


-бөлім өзгертілді ҚР 13.01.2012 жылғы № 542-IV Заңымен ( 12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)



бет10/18
Дата13.02.2023
өлшемі51,62 Kb.
#67579
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
ҚР Көлiк туралы заңы


4-бөлім өзгертілді ҚР 13.01.2012 жылғы № 542-IV Заңымен ( 12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)

15-бап. Көлiк құралдарына қойылатын талаптар

15-бап өзгертілді ҚР 13.01.2012 жылғы № 542-IV Заңымен ( 12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)


15-бап өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды

Көлiк құралдары көлiк саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген энергия тиімділігі, адам өмiрi мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарға сәйкес келуге, сәйкестiктi растау саласындағы құжаты болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
Көлiк құралдарының сәйкестiгiн растау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады .
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн көлiк құралдары әкелiнбеуге, сатылмауға және пайдаланылмауға тиiс.
15-1-бап. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу

Заң 15-1-баппен толықтырылды ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды


15-1-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (02.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Уәкілетті мемлекеттік орган көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды әзірлейді және бекітеді.
15-2-бап. Көлік-логистика орталықтары

4-бөлім 15-2 баппен толықтырылды ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды


15-2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды

1. Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын операцияларға байланысты халықаралық және өңірлік көлік-логистика орталықтары құрылуы мүмкін.
Халықаралық көлік-логистика орталықтары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларды орындауға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік және шекаралық операцияларды қоса алғанда, қарап-тексеруге арналған.
Өңірлік көлік-логистика орталықтары Еуразиялық экономикалық одақ шегінде жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларды орындауға арналған.
2. Уәкілетті мемлекеттік орган көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды әзірлейді және бекітеді.
16-бап. Көлiк құралдарын басқару құқығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет