Іс әрекетті зерттеу жазбалары
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Жаксиликова Гулнур Бердигалийкызы
Зерттеуге алынған оқушы : 2 “Б” сынып оқушысы Жұмабай Жандарбек
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың жазылым дағдыларын жақсарту жолдары
Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың болашағы – ұстаздардың қолында. Олай болса, еліміз дамыған 30 елдің қатарына ену үшін шығыспен шынайы, батыспен байыпты, түстікпен түсінікті тіл табыса алатын, өзіндік пікірі қалыптасқан, жан-жақты жетілген тұлға қалыптастыру ұстаздар қауымының еншісінде екені айтпаса да түсінікті.
Оқытушылар үшін іс-әрекеттегі зерттеу практикалық тәжірибені пайдалана отырып, одан әрі өсу және оқуды жалғастыру тәсілі болып табылады.Сонымен, іс-әрекетті зерттеу бұл- әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса, оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында іс-әрекетті орындау үдерісі.
«Алматы облысы Білім басқармасының Қарасай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 Б сынып оқушысы Жұмабай Жандарбекті іс-әрекетті зерттеу аясында зерттеуге алдым. Іс-тәжірибие кезіңінде зерттеу тақырыбымды анықтап алу үшін, өзім сабақ беретін 2 "Б"сыныбының білім сапасының төмендігін ескере отырып, зерттеу жүргізу керек екенін түсіндім. 2 "Б"сынып оқушыларынан сауалнама алғанымда ең төменгі көрсеткіш көрсеткен оқушы Жұмабай Жандарбек болды. Жандарбекті жан-жақты бақылап жүріп, оның жазу үлгілерінде өте көп қәтелер бар екендігін, сөздерді тасымалдап жазуға қыйналатындығын, ағылшын тілінде сөздерді дұрыс жаза алмауын және жазуда көп бояп жазатындығын байқадым. Сол себепті , мен зерттеу жұмысымды жазылым дағдысымен байланыстыру үшін “Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың жазылым дағдыларын жақсарту жолдары” тақырыбын таңдадым. Себебі: Үлгерімі төмен оқушының жазу барысындағы қәтеліктерін жөндеу және жазылым дағдысын дамыту мақсатында осы оқушыны зерттеуге алдым. Жалпы денсаулығы жақсы, түр келбеті : әдемі, орта бойлы . Мінезі бір қалыпты, сабақта белсенді емес, бірақ қәте болсада білгенін айтуға тырысады. Оқуды қабылдау , есте сақтау қабілеті жақсы. Жазу барысында ағылшынша сөздерді дұрыс буынға бөле алмайды, сөздерде көп қәтелеседі және жазуы орташа түсінікті.
Отбасында 8 адам тұрады : Әкесі , анасы , өзі, 5 бауыры. Жандарбек отбасында ең кенже бала. Ол отбасы мүшелерімен жақсы қарым –қатынаста. Осы оқу жылы қашықтық оқу форматта болғандықтан , сабаққа деген ынтасы бәсеңдеп кетті, жазуы нашарлады. Сабаққа кейде қатыспайды. Бұл әс-әрекетті зерттеу бойынша осы тақырыпты таңдауымдағы себебі
Оқушы туралы мәлімет
№
|
Оқушының
аты - жөні
|
Үлгерім деңгейі
|
Күтілетін жетістіктер деңгейі
|
Жетістіктер жөніндегі деректер
|
1
|
2 “Б” сынып
Оқушысы
Жұмабай Жандарбек
|
Үлгерімі төмен, жазу барысында көп қәте жібереді
|
Жазылым бойынша тапсырмаларды дұрыс орындай алмайды
|
Олимпиада
|
Достарыңызбен бөлісу: |