Іс әрекетті зерттеу жазбалары


Мұғалім оқушыға жазуды үйретпес бұрын өзіне мына сұрақтарды қойған дұрыс деп ойлаймын



бет3/5
Дата30.04.2022
өлшемі450,61 Kb.
#32884
түріСабақ
1   2   3   4   5
Мұғалім оқушыға жазуды үйретпес бұрын өзіне мына сұрақтарды қойған дұрыс деп ойлаймын:

  1. Оқушылардан не туралы жазуды сұрайсыз?

  2. Оқушыларға жазылым дағдысын қалай игертуге болады?

  3. Жазба жұмыстарын қалай түзетесіз?

  4. Жазуды үйретуде қандай қиындықтар кездесті?

Осы сұрақтарға жауап бергенде ғана жазылымдағы бағытын анықтай алады.

Жазылым дағдысы қарапайым стратегиялардан бастау алады. Олар:

-шимай жазу;

-сызбалар түсіру;

-сөздерді құрастыру;

-белгілеу;

-көшіру;


Тапсырмаларды осы бағытта құрған мұғалім еш қателеспейді.

2-сынып оқушыларының жазба жұмыстарын зерттей келе жиі кездесетін қателердің келесі түрлері анықталды:

1. Сөйлем құрылымындағы қателіктер


2. Сөйлемдерді өзара байланыстыра білмеу
3. Абзацтарды дұрыс байланыстыра алмауы.
4. Ағылшын тіліндегі артикльдердің дұрыс қолданылмауы.

Жұмабай Жандарбек ережелерді білгенімен, жазылым кезінде сол білімді жеткілікті қолдана алмайды. Ол үшін оқушының жұмыстарының алғашқы нұсқасы тексерілген соң, кері байланыс беріледі. Содан кейін оқушы сол кері байланысты ескеріп, жұмысты қайта қарастырып және терең талдау жүргізеді. Джон Фостердің «Кел жазайық» атты кітабы оқушыларға жазылым дағдысын дамыту жолында пайдалы құрал болды. Үйретуде оқушылар қандай жазу жұмысын жазса да, жазу үдерісінің бір екенін білдіру маңызды болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет