Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


Неліктен Сәлім Есеннің, айқайламауын



Pdf көрінісі
бет242/373
Дата24.11.2023
өлшемі4,57 Mb.
#125608
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   373
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-1

7.Неліктен Сәлім Есеннің, айқайламауын 
өтінді? 
A.
Атасын оятқысы келмеді 
B.
Есенмен дос болғысы келмеді 
C.
Бұлбүлдар әнін естігісі келді 
D.
Жұмысына бөгет жасады 
E.
Бұлбұлдарды шошытқысы келмеді 
8.
 
Есен неге ойланып калды? 
A.
Бұлбұлға ұя салуды жоспарлағандықтан 
B.
Қателігін түсінгендіктен 
C.
Бұлбұлға ренжігендіктен 
D.
Сәлімге ренжігендіктен 
E.
Асыраған бұлбүлдарын қимағандықтан 
9.
 
Мәтін мазмұнына сәйкес әнші құс нені 
ұнатады? 
A.
Қараңғылықты 
B.
Жазық даланы 
C.
Таулы аймақты 
D.
Шулы аймақты 
E.
Бостандықты 
11.Есеннің ауласындағы бұлбүлдар неге 
сайрамады? 
A.
Ағаштары аз болғандықтан 
B.
Маңайындағы құстар сайрамағандықтан 
C.
Тыныштығы бұзылғандықтан 
D.
Басқа құс болмағандықтан 
E.
Есенді ұнатпағандықтан 
10.Мәтіндегі негізгі ой берілген нұсқалар 
1.Құстар әнін тыңдау. 
2.Құстарға қамқор болу. 
3.Құстар тыныштығын сақтау. 
A.
Екіншісі мен үшіншісі 
B.
Барлығы дұрыс. 
C.
Барлығы бұрыс 
D.
Біріншісі мен екіншісі 
E.
Біріншісі мен үшіншісі 
12.
 
Есенге кандай қасиет жетіспейді? 
A.
Сабырлылық 
B.
Сыпайылық 
C.
Алғырлық 
D.
Пысықтық 
E.
өткірлік 


199 
Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне бұрылдым. 
Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың куәгері болды. 3-4 жасар 
ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға 
жауап іздеу мақсатында баланы бақылап біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. 
Әр-әр жерде орналасқан қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен 
кішкентай қызға көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза 
бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе алған соң
аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған үшеуі де қасыма жетіп 
келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. Қолымдағыны ұсынған 
соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп 
күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты. Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз 
изедім де орындыққа қайта отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған 
азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын 
арықтағы сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» 
кірісті. 
Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің. Ата- 
анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға мәжбүрлейді екен, бұл – 
сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл жер балалардың тұрақты мекеніне 
айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді. 
Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді өзінен көрсін 
деуші едік. Ал енді мына балаларға не айтуға болады?! Адам ата-ананы таңдап алмайды. Сол 
бір жауапсыз жандардың кесірінен бақытты шақтарын көшеден азық іздеумен алмастырып 
жүргендері өте өкінішті-ақ... Оқушы біткен жазғы демалыстың аяқталмауын тілеуде. Ал, мына 
балалардың екеуі мектептерін аңсап жүр. Арнаулы мектепке баратындардың ол жерде киер 
киімі ұқыпты, тамақтары тоқ, жатар орны таза. Мектеп жасына толмаған қалған екеуі ше? Олар 
не күн көреді? Жазда, жарайды, әрбір қарағаш оларға сая, кез-келген шүберек киім. Қыста ше? 
Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? Жоқ әлде, көмусіз аң-құстың азығына 
айналар ма екен? Бұл тұста қылышты кімге сілтерімді де білмеймін. Бала тәрбиесіне 
қарамайтын ата-анаға ма, жоқ әлде тек екеуді қамқорлығына алған үкіметке ме? Ата-анадан 
енді қайыр жоқ, ол белгілі жайт! Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса 
екен. Мендегі жалыз тілек осы! (365 сөз) 
F.
http://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/18005/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет