49
сырын іздеп жүрмін. Жолда шал мен кемпірге, алып бәйтерекке жолықтым. Олардың
да тілегін әкелдім, - деп, жолда көрген- білгенін жеткізді. Данышпан басын шайқап:
-
Ай, балам-ай, үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған. Көршіңе береке
кіретіні - ақылды әйелі бар. Енді кейін қайт. Жолда кездескен бәйтеректің түбінде ат
басындай алтын көмілген. Соны қазып ал. Алтынды шал мен кемпірге беріп, қызын
сұра. Ақылды жар алсаң, берекең кіреді, - деді.
Бегайдар данышпанның айтқанын істеді. Бәйтеректің түбінен алтыңды қазып алды.
Оны кыздың қалыңмалына беріп, оған үйленді. Үзамай отбасына береке кіріп, ырысы
тұрақтайды. Осылайша, әйелі екеуі барша мұратына жетіпті.
Достарыңызбен бөлісу: