Құралдар: Шарлар, ақ қағаз, қалам, бэйджиктер



бет1/3
Дата27.06.2023
өлшемі44,49 Kb.
#103499
  1   2   3
Байланысты:
дөңгелек


Мақсаты: балаларға қараусыздық және қаңғырушылықтың нәтижесінде олар кездестіре алатын бала еңбегінің ең нашар түрі туралы ақпарат беру. Әртүрлі өмірлік жағдайларда олардың өздеріне шешім қабылдауды үйрететін және зорлық-зомбылыққа көмектесе алатын дағдыларды балаларда қалыптастыру.
Міндеті: балаға қатысты ең нашар бала еңбегінің түрлерімен, қанау, құлдық, зорлық-зомбылық түсініктерімен таныстыру.
Құралдар: Шарлар, ақ қағаз, қалам, бэйджиктер.
Тренингтың кезеңдері.
I кезең. Тренинг басында топты біріктіру және белсендіру үшін «Менің атым» және «Ырғақты қимылмен қол соғу» атты ширататын жаттығуларды жүргізу.
1. «Менің атым»
Қатысушылар өз аттарын атайды да , ол ат нені білдіреді, кім қойған және тағы сол сияқты мәліметтерді айтады.
2. «Ырғақты қимылмен қол соғу»
Бүкіл қатысушылар шеңбер бойымен тұрады да жүргізушінің артынан қозғалыстарды және сөздерді қайталап отырады.
Қояндар:
- Қояндар жүгіре жөнелді, (алақандармен қол соғады).
- Төмпешік сол жақтан, (қол соғыстар сол жаққа, у-у-у деп айғайлаймыз).
- Төмпешік оң жақтан, (шапалақтар оң жаққа, у-у-у деп айғайлаймыз).
- Құмның үстімен жүгірейік, (алақандарды бір-біріне уқалаймыз).
- Батпаққа жугіріп жеттік, (бетті шапалақтаймыз).
- Жүгіріп бара жатыр, жүгіріп бара жатыр – төмпешік (1 рет қол соғамыз).
- Жүгіріп бара жатыр, жүгіріп бара жатыр – 3 төмпешік ( 3 рет қол соғамыз).
Релаксация: «Өз аттарың туралы айтқанда қандай сезімде болдыңдар?» ,«Қояндар» жаттығуын жасағанда не көмектесті? Қандай кедергі болды? Жаттығудың психологиялық мәні? (оқушылар өз ойларын айтады).
II кезеңі. «Бала еңбегің қанау» жайлы жағдайлар. Мысалдарды талқылау:
1. Сенде үйде қиын ахуал. Және сен далаға, сені әрдайым күтіп отыратын достарыңа, кеткің келеді. Олармен бірге сен күні бойы қаңғырып жүріп, компанияларға жиналасың. Бір күні сәттілік түсті сендерге. Бір ересек жасөспірім сендерге шомылуға, күнге күюге ұсыныс жасайды. Және тағы да сол жерде кәуап сыйлайтындығы туралы айтады. Сендер сол жер таныс және қалаға жақын болған соң қуана келісім бердіңдер. Уәде берген жер сендер ойлағандай болып шыққан жоқ. Көл мен өзен осында жоқ, кәуап та. Соның орнына біреудің құрылып жатқан үйі немесе саяжайы болды. Және сендерге ерітінді илеу, ауыр шелектерді көтеру, кірпіштерді және суды тасуға көмектесу керек болды. Күні бойы шыжыған күннің астында жұмыс
істедіңдер. Ыстық тамақтың орнына су, нан және ішті ауыртатын, мерзімі өтіп кеткен консервілер болды. Сендер үйге қайтқыларың келді, бірақ жолды білмедіңдер. Осылай күндер өте берді... «Бала еңбегін қанау» деп осыны айтамыз. Осы жағдайда нені қолдануға болады? Сендер не істеуші едіңдер? Жауаптар тәсілдері.
2. Жаз. Ыстық. Іштерің пісті. Сен жолдастарыңмен күтілмеген және ез аулада отырсың. Басыңда «немен айналысайын?» деген сұрақ қана. Кенеттен сәулетті көлікпен бір ер адам мініп келіп, сендерге ақша табуды ұсынады. Сол үшін күндіз оның саяжайында жұмыс істеу керек, сосын жақын арада көл бар шомыласыңдар. Саяжайда әртүрліжидектер өседі. Соның бәрін сендерге ауыз тиюлеріңе болады. Оның көлігінде сендерге арналған көп газды сусындар бар. Бірақ, сонымен бірге, ата-аналарыңа және туысқандарыңа айтпауды сұрайды. Танымайтын ер адам кешке қайтадан апарып тастайтыны туралы айтты, ешкім байқап та үлгермейтінін да айтты. Ақшаны жұмыс бітісімен береді. Қызықтырды ма? Келісесің ба? Әлде жоқ па? Не болып қалуы мүмкін жайлы 3 жауап тәсілдерін ойластырыңдар (осы жағдайда қалай, не істеу керексіңдер).
Соңында қорытындылар жүргізіледі. Балалар жеке бастарының қауіпсіздік ережелерін шығарады,олар:
1. Мүмкіндігінше танымайтын адамдармен сөйлеспеу.
2. Танымайтын көлікке отырмау.
3. Мүмкіндігінше демалу, шомылу және т.б. қызығарлықтай ұсыныстарға келіспеу.
4. Тегін тек қана қақпандағы ірімшік бола алатындығы туралы біліп жүру.
III кезең. «Самолет» жаттығуы. Нұсқау: Қазір сіздер жұп болып бөлініп самолет жасауларыңыз керек. Ол үшін біреулеріңіз оң қолыңызбен, ал екіншіңіз сол қолыңызбен жасауларыңыз керек. Содан кейін самолетті мынандай сөздермен «ұшырамыз», «Біз бақытты баламыз»
Релаксация: «Бұл ойыннан қандай ой түйді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет