5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Метал өндірісінің дамуының ежелгі адамдардың өміріне тигізген өзгерістері туралы суреттерден, бейне-баяннан көрсете отырып түсінік қалыптастыру. Қазақстан жерінен табылған тас дәуірінің ескерткіштері туралы мәліметтермен жұмыс жасай отырып, тас дәуірінің ерекшеліктерн білу.
Мұғалім слайдтардан көрсете отырып, ежелгі адамдардың мысты қалай өндіргендігі туралы түсіндіреді.
Қазақстан аумағында егіншілік пен малшаруашылығын дамытып, қоғамның дамуына да, дүниетанымдарының артуына да өзіндік маңызды ықпалын тигізді.
Темір құралдарының пайда болуымен мал шаруашылығы одан әрі дамыды. Малшыларда да мықты ер, темір үзеңгілер, темір ауыздықтар пайда болды. Темірден жасалған еңбек құралдары ағаш, сүйек, тері өңдеу істерін дамытты. Мұның бәрі қолөнердің егіншіліктен бөлінуіне әкелді. Қолөнердің дамуы өз кезегінде сауданың дамуына әсерін тигізді.
Аса беріктікті қажет етпейтін әсіресе тұрмыстық бұйымдар - қазандар, айналар мен құрбандық ыдыстары қоладан жасала берді. Зергерлік бұйымдар - сырға, сақина, білезік, алқа және т.б. әшекейлер мыстан, қоладан, алтыннан, күмістен соғылған. Ұсталық өнердің біртіндеп дамуымен темір бұйымдардың, әсіресе алдымен қару- жарақтардың, сонымен қатар құрал – саймандардың сапасы арта бастаған.
Қоланы әртүрлі еңбек құралдарын, шаруашылық, тұрмыстық бұйымдар, қару-жарақтар, әшекей бұйымдар жасауға пайдаланған. Ол едәуір қаттырақ, төмен температурада балқиды, түсі де әдемі жылтырап тұрады.
1-тапсырма