Қысқа мерзімді жоспар-9 Қазақстан тарихы



бет1/2
Дата11.04.2023
өлшемі278,1 Kb.
#81456
  1   2

Қысқа мерзімді жоспар-9
Қазақстан тарихы



Бөлім:

5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Педагогтің аты-жөні

Т.Нұрадинова

Күні:

03.10.2022

Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан аумағында металлургияның пайда болуы.
Зерттеу сұрағы: Қазақстан жерінде металды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру



Сабақтың мақсаты

Метал өндірісінің дамуының ежелгі адамдардың өміріне тигізген өзгерістері туралы суреттерден, бейне-баяннан көрсете отырып түсінік қалыптастыру. Қазақстан жерінен табылған тас дәуірінің ескерткіштері туралы мәліметтермен жұмыс жасай отырып, тас дәуірінің ерекшеліктерн білу.

Бағалау критерийлері

  • Қазақстан жерінен табылған тас дәуірінің 2 ескерткіші туралы дәптеріне 25-30 сөйлемнен тұратын әңгіме жазады.

  • металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген 2 әсерін көрсете отырып кестені толтырады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
кезеңі



Мыс пен тастан жасалынған заттардың түрлі суреттерін көрсетеміз.

Оқушыларды суреттерді топтастырады. Содан келесі сұрақтарды қоямыз:

  • Берілген заттарды (суреттерді) қандай белгілері бойынша топтастырдыңыздар?

  • Осы заттардың қандай қасиеттерін сипаттай аласыздар?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Суреттер арқылы жаңа тақырыпқа көшу



мадақтау

Тақырыптық суреттер



Жаңа сабақ

Мұғалім слайдтардан көрсете отырып, ежелгі адамдардың мысты қалай өндіргендігі туралы түсіндіреді.
Қазақстан аумағында егіншілік пен малшаруашылығын дамытып, қоғамның дамуына да, дүниетанымдарының артуына да өзіндік маңызды ықпалын тигізді.
Темір құралдарының пайда болуымен мал шаруашылығы одан әрі дамыды. Малшыларда да мықты ер, темір үзеңгілер, темір ауыздықтар пайда болды. Темірден жасалған еңбек құралдары ағаш, сүйек, тері өңдеу істерін дамытты. Мұның бәрі қолөнердің егіншіліктен бөлінуіне әкелді. Қолөнердің дамуы өз кезегінде сауданың дамуына әсерін тигізді.
Аса беріктікті қажет етпейтін әсіресе тұрмыстық бұйымдар - қазандар, айналар мен құрбандық ыдыстары қоладан жасала берді. Зергерлік бұйымдар - сырға, сақина, білезік, алқа және т.б. әшекейлер мыстан, қоладан, алтыннан, күмістен соғылған. Ұсталық өнердің біртіндеп дамуымен темір бұйымдардың, әсіресе алдымен қару- жарақтардың, сонымен қатар құрал – саймандардың сапасы арта бастаған.
Қоланы әртүрлі еңбек құралдарын, шаруашылық, тұрмыстық бұйымдар, қару-жарақтар, әшекей бұйымдар жасауға пайдаланған. Ол едәуір қаттырақ, төмен температурада балқиды, түсі де әдемі жылтырап тұрады.
1-тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет