Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) Өздік жұмыс Оқушылар оқулықтан №2 тапсырманы орындайды, есептейді. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу амалдары алгоритміне сәйкес баған түрінде жазып есептейді.Оқушылар бөлу амалын көбейтумен, көбейтуді – бөлумен тексереді, жазбаша есептің алгоритмдеріне сәйкес әрекет етіп тексеру жүргізеді.
Оқушылар №3 тапсырманы орындайды, амалдар бойынша жазбаша орындайды, олардың тізбек қатарын сақтап, екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу амалдарын қолданып, сәйкес алгоритмдер бойынша үш таңбалы сандардың қосу мен азайту амалдырын орындайды.
Қиындықтарды түсіндіру. Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Қай жерден қате жібердіңіз?
– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?
– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.
(Қосымша тапсырма орындау). – Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?
(Қателерді түзету). – Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өзінің оқыту есебін айтады.
Мұғалім бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады.
Мен:
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін түсіндіремін;
Разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін қолдануды білемін.
Дескриптор: Есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарын орындау біліктері, безендіру, түсініктеме беру, дәлелдеу, оқу тапсырмаларын шешуде болжамдар айтып, оларды тексеру қажеттілігін түсіну үшін математикалық көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбалар, схемалар, т.б.) түсіну және пайдалану білігі дамиды.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.