Өздік жұмыс.
№4 тапсырмаға арналған өздік жұмыс.
– Дизайнер сыйлыққа арналған тікбұрышты параллелепипед пішінді қораптар дайындады. Оған жазбасын жасауға көмектес. Қорапты өз талғамыңа қарай сәнде.
Оны орындау үшін қағаз, түрлі түсті суреттер немесе оюлы жапсырмалар және т.б. қажет.
Сонымен қатар тапсырмалар ұсынуға болады:
Мына жазбалардың қайсысы дұрыс?
Мына кішкене текшеге қайсы жазба сәйкес келеді?
Қиындықтарды түзету.
Мұғалім дұрыс орындалуын қадағалайды.
– Кімде қиындық туындады?
– Қай жерде сіз қателік жібердіңіз?
– Жіберілген қателіктің себебі неде?
– Өзіндік жұмыста кімде қиындық туындаған жоқ, өз әрекетіңіздің мақсатын айқындаңыз.
(Қосымша тапсырмаларды орында).
– Қиындыққа тап болғандардың жұмысының ендігі мақсаты қандай?
(Қателерді түзеу).
– Қатені түзеуде алгоритмді пайдаланамыз.
– Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын талқылап береді.
Өткен материалмен жұмыс.
Мұғалім баланың алға жылжу деңгейіне қарай оған жеке тапсырма береді.
Ойын текшесінің қабырғаларына 12-ден 17-ге дейін ұпай есебін қоя аламыз ба:
Қарама-қарсы жақтарында ұпайдың бірдей саны болды ма? (Иә немесе жоқ)
№3 тапсырманы осы кезеңде орындай аламыз ба?
Өзіндік жұмыс.
Мұғалім дәптерге орындайтын бағалау критерийімен тапсырма береді.
а және ә суретте текшенің жазбасы болып табылатын фигуралар бейнеленген. Жіңішке сызықтар – бұл бүктеу сызықтары. Жазбалардан текшені ойша жасап шық. Егер боялған төменгі бөлік болса, қайсысы үстіңгі жағы болатынын анықта. Оны жасыл түске боя.
а)ә)
Мен:
кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбасын танимын (текше, тікбұрышты параллелепипед);
солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктегі фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіре аламын;
Блум текшесімен сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыруды білемін.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|