Өзіндік жұмыс
Параллелепипедтің жазбасын құрастырудың алгоритімін қалпына келтіру. Оны қағазға сипаттап, жазбасын қию.
1. Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу. Жазбаны құрастырушы тіктөртбұрыштардың қандай өлшемдері болуы мүмкін екенін жазу.
2. А4 қағазға 3 жұпты тіктөртбұрышты үлгіде көрсетілгендей сызып шығу:
3. Тіктөртбұрыштың екі қарама-қарсы жағын желімдеу үшін 3 жұп «қанаттар» жасау және тіктөртбұрыштардың бүйіріне үшінші жағына тағы біреу жасау.
4. «Қанаттарды» кесіп, сызық бойынша бүктеп, жапсыру.
Қиындықтарды түзету.
Мұғалім дұрыс орындалуын қадағалайды.
– Кімде қиындық туындады?
– Қай жерде сіз қателік жібердіңіз?
– Жіберілген қателіктің себебі неде?
– Өзіндік жұмыста кімде қиындық туындаған жоқ, өз әрекетіңіздің мақсатын айқындаңыз.
(Қосымша тапсырмаларды орында).
– Қиындыққа тап болғандардың жұмысының ендігі мақсаты қандай?
(Қателерді түзеу).
–– Қатені түзеуде алгоритмді пайдаланамыз.
– Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын талқылап береді.
Мұғалім дәптерге бағалау крийтерийлерімен тапсырма береді.
Суретте барлық текшелер бірдей. Жазбада жетіспей тұрған әріптерді табыңыз.
Мен :
солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіре аламын;
тікбұрышты параллелепипед пен текшені танимын;
кеңістіктік геометриялық фигуралардың жазбасын дайындай аламын (текше, тікбұрышты параллелепипед);
оның моделін құрастыруды білемін.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|