Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Білімді өзектендіру. «Математикалық диктант» ауызша жұмыс.
1. 499 бен 501 сандарға көршілес санды жазыңыз?(500).2. Ең кіші үш таңбалы санды жаз? (100).3. Ең үлкен үш таңбалы сандарды жазыңыз? (999)4.Сандарды жазыңдар:- 2 жүздік 4 ондық 1 бірлік;- 5 жүздік 3 ондық;- 7 ондық 9 бірлік;- 1 жүздік 8 ондық 6 бірлік;- 3 жүздік 7 бірлік.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау
Өздік жұмыс Оқушылар №2 тапсырманы орындайды, өрнектерді баған түрінде тізіп жазады, разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмімен сәйкес есептейді.
Оқушылар №3 тапсырманы орындайды, амалдардың орындалу ретін анықтайды, разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритміне сәйкес есептеуді баған түрінде орындап, көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды орындап, өрнектердің мәнін табады.
Қиындықтарды түзету Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Қай жерден қате жібердіңіз?
– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?
– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.
(Қосымша тапсырма орындау). – Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?
(Қателерді түзеу). – Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өзінің оқыту есебін айтады.
Мұғалім бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады.
Мен:
екі таңбалы санды біртаңбалы санға көбейту алгоритмін түсіндіруді;