Өткенді қайталау. Оқушылар оқулықтағы №5 тапсырманы орындайды, теңдеуді шешеді. Мұғалім бұл теңдеулер деңгейінің қандай екенін сұрайды (қиындатылған). Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:
1. Теңдеуді оқы.
2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан.
3. Шығара алатын есептерді орында.
4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз.
5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.
Оқушылар алгоритмге сәйкес теңдеуді шешеді.
Оқулықтағы №6(а) тапсырманың есебін тіктөртбұрыштың белгілі ауданы мен ені бойынша шығарады, тіктөртбұрыштың ауданының формуласын қолдана отырып, тіктөртбұрыштың ұзындығын есептейді: 36 : 4 = 9(см), тіктөртбұрыштың периметрін анықтауды және оны есептеу тәсілдерін естеріне түсіреді, тіктөртбұрыштың периметрін есептейді : (4 + 9) ⋅ 2 = 26(см)
№6ә) тапсырмада ауданы бірдей болатын шаршы құру керек. Бұл шығармашылық деңгейдегі тапсырма. Шаршы құру үшін оның бір қабырғасының ұзындығын білу жеткілікті, себебі шаршының барлық қабырғасы тең. Шаршының ауданы оның қабырғаларының екі еселенген ұзындығына тең. 36 = 62шаршының қабырғаларының ұзындығын анықтап, оқушылар оны сызады.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмала
ры.
Сабақтың соңы
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Бағдаршам» кері байланыс.
Оқушылар
дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?