Өткенді қайталау. Оқушылар оқулықтан №5 тапсырманы орындайды, теңдеуді шешеді. Мұғалім бұл теңдеулер деңгейінің қандай екенін сұрайды (қиындатылған). Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:
1. Теңдеуді оқы.
2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан.
3. Шығара алатын есептерді орында.
4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз.
5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.
Оқушылар теңдеуді алгоритмге сәйкес шешеді.
Оқулықтағы №6ә) тапсырмада оқушылар есеп шығарады.
Оқушылар 7а) тапсырманы орындайды, белгі периметрі мен тіктөртбұрыштың ұзындығы бойынша, периметрді есептеу формуласын қолдана отырып, оның енін табады. Белгілі ұзындық пен тіктөртбұрыштың есептелген ені бойынша, периметрді есептеу формуласын қолдана отырып, оның ауданын анықтауға болады.
Оқушылар 7ә) тапсырманы белгілі ауданы мен тіктөртбұрыштың ауданы бойынша, ауданын есептеу формуласын қолдана отырып, тіктөртбұрыштың ұзындығын есептеу: 95 : 5 = 19(см). Ені белгілі болса және тіктөртбұрыштың шыққан ұзындығы бойынша, тіктөртбұрыштың периметрін есептеу формуласын қолдана отырып, тіктөртбұрыштың периметрін анықтайды:
(19 + 5)⋅ 2 = 48(см)
№8 тапсырмада боялған бір бөліктің өлшемдері белгілі болса, тіктөртбұрыштардың ауданын анықтау керек. Оқушылар алдымен бір бөлігінің ауданын есептеп, содан кейін, бөліктердің ауданын есептеген формуланы қолданып, бір бөліктің ауданын бөліктер санына көбейтеміз.