Қысқа мерзімді жоспар Апталық жүктеме 5 сағат, жылдық жүктеме 170 сағат. 2018-2019 оқу жылына арналған



бет192/229
Дата23.05.2022
өлшемі2,7 Mb.
#35371
түріСабақ
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   229
Өткенді қолдану
Мұғалім оқушының білім деңгейіне сай өздік жұмыс береді.
Оқулықта берілген 4-тапсырманың есебін балалар үш тәсілмен шығарады.
Оқулықтағы 5-тапсырмада оқушылар амалдардың орындалу ретін анықтап, өрнектің мәнін табады.
Оқулықтағы 6-тапсырма топпен орындалады.
Оқушылар өрнектер құрып, олардың шешімін табады. Оқулықтағы 7-тапсырманы жұптасып орындайды. Оқушылар өрнектер құрып, олардың шешімін табады. Әрбір жұп жұмыстың түрін өздері таңдайды. «Материал элементтерін бөлуді» жұптасып орындау барысында, бірінші оқушы барлық есепті өзі орындайды, ал екінші оқушы оны тексереді. Жұптасып орындау «операциясында», бірінші оқушы түсіндіреді, екіншісі оны жазады, бірінші келісе ме, жоқ па. Жұптасып орындауда «бірлесуді» таңдаған оқушылар жұмысқа бірге кіріседі, әрбір операция сайын өз есептерін салыстырып, тексереді, қарама-қайшылық туындаған жағдайда әрқайсысы өз есебінің дұрыстығын дәлелдеп, бір келісімге келуге тырысады. 8-тапсырмада оқушылар пішіннің қабырғаларының ұзындығын өлшейді, олардың периметрлерін табады. Дұрыс көпбұрыштың периметрін анықтағанда (барлық қабырғаларының ұзындықтары тең), оқушылар бір қабырғасының ұзындығын барлық қабырғаларының санына көбейтуді ұсынады. 9-тапсырма зерттеушілік сипатқа ие. Оқушылар үстел үстінде жатқан фломастерлердің санын анықайды.
Егер үш адам 6 талдан алғанда, тағы 2-еуі қалатын болса, онда фломастерлердің санын былай анықтауға болады:
6 ⋅ 3 +2 =20(дана.)
Егер үш адам 7 талдан алғанда, 1 фломастер жетпей қалса, ондай жағдайда өрнекті былайша құрамыз:
7 ⋅ 3 - 1 =20(дана.)
Өздік жұмыс
Оқулықта берілген 4-тапсырманы жазып, ретін сақтай отырып олардың мәнін табады, барлық есептерді разрядтан аттап екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу амалдарын және екі, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу, азайту алгоритмдерін пайдалана отырып орындайды.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   229




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет