Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
|
Сабақтың ортасы
|
Өздік жұмыс
№2 және 3-тапсырмаларды оқушылар өз беттерінше орындайды.
Қиындықты шешу
Оқытушы тапсырманың дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындықтар туындады?
– Қай жерде қате жібердіңдер?
– Жіберілген қатенің себебі неде?
– Өздік жұмыста қателік жібергендер, өз іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау).
–Есептеу барысында қиындық туындағандар, ары қарайғы жұмысқа мақсаттарың қандай?
(Қатемен жұмыс).
– Қатемен жұмыс амалын қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.
Оқытушы бағалау критерийі бойынша дәптерге есеп орындауды ұсынады.
Мен істей аламын:
Теңдеуді шешуде көбейтужәне бөлу алгоритмдерін қолдану.
Өткенді қолдану
Мұғалім оқушының білім деңгейіне қарай өздік жұмыс береді.
Өздік жұмыс
4-тапсырма бойынша балалар есептерді шешулері қажет. Тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардан санның үлесін және үлесі бойынша санды табу алгоритмін сұрайды.
5-тапсырма топпен орындалады. Оқушылар өрнек бойынша есептің шартын құрулары керек.
Кітаптағы 6-тапсырма жұппен орындалады.
7-тапсырманы шығармашылықпен орындау арқылы оқушылар балалардың төмендегі ретпен тұрғандығын біледі: Нұржан, Алмас, Гаухар, Кәмшат, Болат.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|