Сабақтың ортасы
|
Өздік жұмыс
№2 мен №3 тапсырмаларды балалар өз беттерінше орындайды. 3-тапсырмада оқушылар өрнектің мәнін тауып, тура теңдік пен теңсіздікті құрастырады.
Қиындықты түзету
Оқытушы есептің дұрыстығын тексереді.
Кімде қиындықтар туындады?
– Қай жерде қате жібердіңдер?
– Жіберілген қатенің себебі неде?
– Өздік жұмыста қателік жібергендер, өз іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау).
–Есептеу барысында қиындық туындағандар, ары қарайғы жұмысқа мақсаттарың қандай?
(Қатемен жұмыс).
– Қатемен жұмыс амалын қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.
Оқытушы балалардың таңдауы бойынша дәптерге есеп орындауды ұсынады.
Мен істей аламын:
Жазбаша көбейтумен, бөлумен келген есептердің шешімін табуда бірнеше амалдарды қолдана аламын.
Өткенді қолдану
Оқытушы баланың білім деңгейіне қарай өздік жұмыс береді.
Өздік жұмыс
5-тапсырма бойынша оқушылар өрнектер жазады, сандық өрнектердің мәнін табады. Оқушылар шартты толықтырып, осы қысқа жазба бойынша жанама шартпен екі түрлі есеп құрастырулары керек.
Есептің шарты жанама түрде берілгенін және мұндай есептердің қалай шешілетінін қандай сөздерден анықтауға болатынын оқушылардан шамалап сұрауға болады. 6-тапсырманы көбейтудің терімділік және ауыстырымдылық қасиеттерін қолдана отырып шығарады. Зерттеушілік сипаттағы тапсырманы орындаған кезде, оқушылар шартқа сәйкес санды таңдап алады. 6 саны үшке де екіге де бөлінеді.
6:2=3
6:3=2
6 саны 10-нан кіші.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|