Қысқа мерзімді жоспар Сабақ жоспары



бет4/6
Дата09.10.2024
өлшемі142,57 Kb.
#147249
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
01.10.20246сыныпМатематика

Пракикалық тапсырма№2.
Радиусы 8 см-ге тең шеңбер салады; салынған шеңберді қиып алады, диаметрінің бойымен бүктейді және қияды. Шыққан әрбір жарты дөңгелекті екіге бөледі, содан кейін бүктеп тағы екіге бөледі және осылай тағы бір рет орындайды. 16 бөлік пайда болады. Оларды суретте көрсетілгендей тіктөртбұрыш тәрізді етіп құрастырады.
Оқушыларға шыққан тіктөртбұрыштың ауданын табуды ұсыныңыз. «Дөңгелектің ауданы шеңбердің ұзындығының жартысын радиусқа көбейткенге тең» немесе «дөңгелектің ауданы шеңбердің ұзындығының жартысын диаметрдің жартысына көбейткенге тең» заңдылықтарын көре алады. Содан кейін оқушылар өздері немесе мұғалімнің жетекшілігімен S = R2 формуласын қорытып шығарады.
3-есеп. Радиусы 5 м дөңгелектiң ауданын табу керек.
Шешуi. R=5м; (м2). Жауабы: 78,5 м2.
Шар.
Жердiң дәл моделi болып табылатын глобус, ойын добы, жеңiл атлетикада лақтырылатын ядро және т.6. шар деп аталатын фигура жайында түсiнiк бередi. Шардың бетi сфера деп аталады. «Сфера» грек сөзi, ол қазақша «доп» дегендi бiлдiредi (204-сурет). Сфера нүктелерiнiң барлығы шар (сфера) центрі деп аталатын нүктеден бiрдей қашықтықта жатады.

Сфераның кез келген нүктесiн шардың центрiмен қосатын кесiнді шардың (сфераның) радиусы дәл аталады.
Шардың центрi арқылы өтiп, сфераның екi нүктесiн қосатын кесiнді шардың (сфераның) диаметрі деп аталады.
Шарды жазықтықпен қиғандағы кез келген қима дөңгелек болады (205-сурет). Ал сфераны жазықтықпен қиғандағы кез келген шеңбер болады.
Жер - шар тәрiздес дене. Сондықтан оны Жер шары деп атайды.



Глобус, ойын добы, ядро т.б. шар деп аталатын фигура. Шардың беті Сфера деп аталады. «Сфера» грек сөзі. Қазақша «Доп» дегенді білдіреді. Шардың қимасы дөңгелек болады. Сфераны жазықтықпен қиғандағы қимасы шеңбер болады. Жер шар тәріздес.

https://www.youtube.com/watch?v=9C-Y2HFg_zc
Қосымша 1

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.


3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011

http://www.myshared.ru/slide/624892/



21 – 30 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет