Жалпы сыныппен жұмыс Оқулық бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау.
А деңгейі №163. Сағаттың минуттық тілінің ұшы 1 сағатта ұзындығы 31, 4 см шеңбер сызады.
Сағаттың минуттық тілінің ұзындығы неше сантиметр?
№167. Гүл егілген гүлзардың дөңгелек жиегінің ұзындығы 18,84 м. Гүлзардың ауданын табыңдар. Жауабы: 28,26 м2. В деңгейі №170. 1) Шеңбер ұзындығы 84 см доңғалақ 35 айналым жасағанда баратын қашықтықты өтіп шығу үшін шеңберінің ұзындығы 98 см доңғалақ неше айналым жасайды? Жауабы: 30 айналым. 2) радиусы 60 см бірінші доңғалақ 40 айналым жасағанда баратын қашықтықта екінші доңғалақ 48 айналым жасайды. Екінші доңғалақтың радиусының ұзындығы неше сантиметр?
Жауабы: 50 см. С деңгейі №179. Автомашинаның доңғалағының радиусы 37,5 см. Тас жолда жүріп бара жатқан автомашинаның доңғалағы 1 минутта 400 айналым жасайды. Автомашина сағатына неше километр жылдамдыұпен жүріп барады?
Жауабы: 56,52 км/сағ.
Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.
3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011
Қосымша 2
23 – 24 мин
Сергіту сәті.
Көзге жаттығу видео
25 – 37 мин
Жұптық жұмыс «Сұрақтар шеңбері » стратегиясы. Оқушылар «сұрақтар шеңбері» парағына бір есеп немесе сұрақ жазып, келесі топқа береді. Ол жұп жауабын айтады. Осылай жалғасып жұппен отырған қатар аяталғанша жалғасады, әр жұп өздерінің сұрақтарының дұрыстығын тексереді.
Сабақтың соңы
38 - 40 мин
Үйге тапсырма: Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера. №165 есеп