Сабақтың басы
0 – 5 мин
|
Ұйымдастыру. Амандасу.
Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып.
Бүгінгі сабақ барысы,
Сәтті болсын бәріңе.
Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларды сабақтың қол жетімді оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстырамын.
Топ ережесін басшылыққа ала отырып,топтық жұмыс орындайтындарын айтамын. Интервал, бірігу, қиылысу кескінделген қағаздар арқылы 3 топқа біріктіремін.
|
Презентация
|