Тапсырама 3. «Ассоциация» әдісі
Есту мүшесі гигиенасы алгоритмін құрып, құлақтың есту қабілетінің төмендеу себептерін анықтап жазады.
Адамның есту мүшесі мен гигиенасы арасындағы байланысты анықтайды.
Бағалау критерийі:
Білім алушы:
- Есту мүшесінің құрылысына сурет бойынша атау берді;
- Есту мүшесінің қызметін, кестеге толтырды;
-Есту мүшесінің дыбысты қабылдау жолын сәйкестендірді;
- Есту мүшесі гигиенасы алгоритмін жасап, құлақтың есту қабілетінің төмендеу себептерін сипаттады;
Дескриптор:
Білім алушы:
- Есту мүшесінің суреті арқылы құрылысын жазады;
- Есту мүшесінің қызметін кестеге толтырады;
- Есту мүшесінің дыбысты қабылдау жолын сәйкестендіреді;
- Есту мүшесі гигиенасы алгоритмін жасап, құлақтың есту қабілетінің төмендеу себептерін сипаттайды;
КБ: Оқушылар бір-бірінің жұмысын «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
- (СЖ) Зертханалық жұмыс «Дыбысты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу». (құлақтың есту қабілетін анықтау)
Мақсаты: Адамның есту жітілігін анықтау әдістерімен танысу, өздігінен анықтап үйрену.
Құрал- жабдықтар: Сағат, рулетка, сызғыш.
Жұмыс барысы: Есту жітілігі-бұл адамның құлағы арқылы қабылдауы мүмкін болатын дыбыстың ең төменгі қаттылығы.
Қолдарыңа механикалық сағат алыңдар.
Сағаттың дыбысын естігенге дейін оны құлақтарыңа жақындата беріңдер.
Сағатты құлақтарыңа тигізіп ұстап, енді оны дыбысы естілмей қалғанға дейін өздеріңнен алыстата беріңдер.
Бірінші және екінші жағдайдағы құлақ пен сағаттың арақашықтығын өлшеңдер (см)
Екі көрсеткіштің орташа шамасын есептеп шығарыңдар. Ол шама - есту сезімталдығы деп аталады.
Бұл зерттеуді оң және сол құлаққа кезек жасауға болады. Сағат пен құлақтың екі арасы неғұрлым алыс болса, соғұрлым есту сезімталдығы жоғары болады.
Енді сағаты бар қолыңды өзіңнен алыс ұстап, әзер естілген дыбысқа дейін қолыңды құлағыңа бірте-бірте жақындата бер, осы екі арақашықтықты өлшеңдер, бұл - есту шегі болып табылады.
Есту сезімталдығы мен есту шегінің орта шамасын есептеңдер. Ол шама сезімталдық шегін көрсетеді.
Жұмыс нәтижесіне баға беру: есту сезімталдығы-бұл есту шегіне кері шама. Есту қабілеті (жітілігі) қалыпты жағдайда сезімталдық шегі 10-15 см-ге тең келеді.
Есту жітілігі
|
Орташа шама
|
Есту сезімталдығы
|
|
Есту шегі
|
|
Сезімталдық шегі
|
|
Есту қабілеті жітілігі (нәтижесі)
|
|
Қорытынды:
Адам өмірінде есту жітілігінің маңызы қандай?
Неліктен музыканы қатты қойып тыңдау зиянды?
Суретті қараңдар: Суреттегі сандар бойынша ортаңғы және ішкі құлақтың құрылысын атаңдар.
Оқушылар зертханалық жұмысты жеке орындап нәтижелерін жеке –жеке дәптерлеріне жазады.
Оқушылар жұмыстарын өзара тексереді
Дескриптор:
- Есту сезімталдығы мен есту шегін өлшеп табады.
- Сезімталдық шегін есептеп шығарады
- Есту қабілетіне баға береді.
- Қорытынды сұрақтардың жауаптарын анықтады.
ҚБ: «Мадақтау» әдісі
М: Оқушылардың жұмыстары жиналып, кері байланыс жүргізіліп, «комментарий» жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |