- Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға мұғалім педагогикалық –психологиялық көмек көрсету арқылы сөйлеуге мүмкіндік беру.
- Оқушының ауызша жауап беруге деген ынтасын ескеру.
(немесе жазбаша , практика түрінде жауап беруге жағдай жасау)
Денсаулығын ескере отырып оқушыға жеке карточкамен жұмыс жасау. (жүріп тұруы қиын оқушы)
Көзі нашар көретін оқушыны алдыңғы орынға отырғызып, аудио тыңдату арқылы жұмыс жасау.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Біз өткен тақырыптарды компьютерлік графика векторлық және растрлық болып екі түрге бөлінетінін білдік. Екі графика әртүрлі мақсатта қолданылса да, олар әрқашан бір-бірін толықтырып тұрады. Алайда олардың арасында айырмашылықтар да бар. Бұл тақырыпта растрлық және векторлық графиканы салыстырып, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдайық.
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
Сабақтың ортасы
Топтық жұмыс.1-тапсырма. «Стикердегі диалог» әдісі
Векторлық графикадағы сурет үлкейтілгенде растрлық графикамен салыстырғанда неге сапасын жоғалтпайды? Себебін түсіңдір.
Дескриптор:
- Векторлық графикадағы сурет үлкейтілгенде растрлық графикамен салыстырғанда неге сапасын жоғалтпайтының себебін түсіндіреді.
ҚБ: жетон / 5 балл/
Жеке жұмыс. 2-тапсырма.
Оқулық § 2.7, 58-бет, «Тапсырма»
Дескриптор:
-берілген мектеп ғимаратының кескінін Paint.NET программасында орындайды;
- берілген мектеп ғимаратының кескінін Photo-Brus программасында орындайды;
-екі суреттің түс моделін қадағалайды;
-екі суретті *.jpg форматында сақтайды.
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:
Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.»
Сары түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.”
Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.»