Қортынды: Қорыта келе, балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде сюжеттік-рольдік ойындар маңызды орын алады. Өз ойындарында балалар отбасының тұрмысын, елдің жағдайын, адамдардың жұмысын, жалпы, күнделікті өмірде көретін және еститін құбылыстарды бейнелейді. Ойын-баланың жеке басын дамытуда, сөздік қорын молайтуда, қоршаған ортамен танып-білуінде, өздігінен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыруда, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда сюжетті-рөлді ойындар ерекше орын алады: Ойын барысында балаға әр түрлі жағдайда кездескен адамдардың роліне енуге қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасалды. Үлкендердің берген нұсқауына қарап олар өздерінің көзқарасын білдірді, мәселелерді шешіп үйренді және бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыланды. Ұйымдастырылған әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім тауып, бойларына сіңірген рухани-құндылқтарды көрсете білді. Осылайша бұл сюжетті-рольді ойын баланың өзінде ой – ниет туғызуға, ойындық әрекеттер баланың әлеуметтік тәжірбиесіне байланысты болып, таңдаған ролін анықтауға, рольді ережемен ойнауға үйретті.
Күтілетін нәтиже: 1.Балалардың бойында жаңа міндеттер мен мәселелерді шешу талпыныстарын оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелейді. 2. Сюжеттік-рольдік ойындардың арқасында балалар өз істеріне баға бере білуге үйренеді. Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ойын нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, әлеуметтік дағдыларды меңгереді.
Қолданылған әдебиеттер Нормативтік құжаттар:
1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму». Астана, 2016ж.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты Негізгі құжаттар 1. А.Ж.Едігенова «Ойыната отырып тәрбиелеу», 2010ж 2. Усова А.П. Роль игры в организации жизни и деятельности детей. «Дошкольное воспитание», №10. 2004ж
3. В.И., Сохин Ф.А. Мектепке дейінгі педагогика. . А «Мектеп», 1982. Қосымша әдебиеттер:
1.Отбасы Журнал «Балабақша» 2009 жыл
2. Тіленбаева Н.Б. Дидактикалық ойынның маңызы// Отбасы және балабақша.- 2007жыл № 7 Интернет-ресурстар