(ТЖ) №2 тапсырма. «Кубизм» әдісі Кубиктің көмегімен әр топқа тапсырмаларды бөліп беріледі:
1. Суреттеңіз (жануарлар, саңырауқұлақ,бактерия мен өсімдіктер жасушаларының органоидтерін формасы мен құрылысы және топологиясы негізінде талдау );
2. Салыстырыңыз (жануарлар мен өсімдіктер жасушалары органоидтерінің арасындағы айырмашылықты талдайды);
3. Талдаңыз (Үш сызба сызыңыздар: 1) «эукариот жасушасының құрылысы»; 2) «прокариот жасушасының құрылысы»; 3)протисттер н/е саңырауқұлақтардың құрылысы);
4. Байланыстырыңыз (- саңырауқұлақтар мен өсімдіктердің ; - протисттер мен жануарлар жасушаларының ұқсас белгілерін байланыстыру);
5. Қолданыңыз (жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылымдық компонентерінің маңызына сызба толтыру);
6. Дәлелдеңіз («Жасуша – организмнің ең кіші құрылымдық, функционалдық бірлігі» эссе жазу).
Оқушылар таңдаған тапсырмаларын постер/буклет-брошюра түрінде қорғайда, объективті ойларын ұсынады.
Критерий: Жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылымдық компонентерінің органоидтерін талдайды
Дескриптор:
Жануарлар жасушаларының құрылымдық компонентерінің органоидтерін талдайды;
Өсімдіктер жасушаларының құрылымдық компонентерінің органоидтерін талдайды.