Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1. Өсу және даму дегеніміз не?
2. Организімнің өсуіне және дамуына қандай факторлар әсер етеді?
3. Ішкі факторларға не жатады?
4. Тұқым өну үшін қандай жағдайлар қажет?
5. Тамыр қалай ұзарып өседі? Түсіндіреді.
6. Өсімдік ненің есебінен жуандап өседі?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
|
|