Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Білу және түсіну сұрақтарына жауап береді:
1.Нефрон дегеніміз не?Ол қандай екі бөліктен тұрады?
2.Ультрафильтрация және кері фильтрация , реабсорбция, үдерістеріне анықтама беріңдер.
3.Нефрон капсуласы мен ирек өзек не үшін керек екенін түсіндіріңдер.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді, бақылайды.
|
«ДЖИГСО» әдісі: Топтық жұмыс. Мәтінді оқып, топта талқылайды. Топтар арасында ақпарат алмасады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді.
|
Презентация
Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ
|
Жеке жұмыс
|
Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді.
|
1.Нефрон бөліктері мен оларда жүретін үдерістер арасындағы байланысты анықтайды.
2. Кәдімгі физикалық абсорбция және бүйрек өзегіндегі реабсорбция үдерістерін салыстырады.
|
Дескриптор:
1. Сүзілу үдерісінің тоқтау және кері сүзілу үдерісінің моделін жасайды. Олардың әрқайсысы бұзылған кезде мүмкін болатын барлық жағымсыз үдерістерді болжайды.
2. Меңгерген білімдерді пайдаланып, пікірді тексереді: « Бірінші реттік сүзілу кезінде нефрон капсуласында қанның барлық сұйықтығы шамамен 50 рет болады екен. Яғни қанның барлық сұйықтығы бүйректе әрбір 30 минут сайын тазартылады». Ол үшін есептеулер жүргізеді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ
|
Жұптық жұмыс
|
Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады. Нұсқау, бағыт-бағдар, қолдау көрсетеді.
|
1. Қан плазмасы, бірінші және екінші реттік зәр құрамын талдайды. Олардың айырмашылықтарының қалыптасу себептерін анықтайды және олардың физиологиялық мәнін сипаттайды.
2. Оқулықтағы суретте қандай үдеріс бейнеленген? Нефронның түрлі бөлімдерінде жүріп жатқан үдерістердің айырмашылықтарын айтады.
|
Дескриптор:
1. Талдау жасайды.
2. Суретті дәптерлеріне салады және айырмашылықтарын атайды.
Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы, түрткі сұрақтар қойып, қолдау көрсетеді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, құрал-саймандары, АКТ
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|