Қысқаша дәріс курсі


Тақырып 11. Мәліметтерді ГАЖ-да талдау және үлгілеу



бет24/34
Дата03.11.2022
өлшемі460 Kb.
#47257
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Тақырып 11. Мәліметтерді ГАЖ-да талдау және үлгілеу
1.Табиғи үдерістерді болжау мен үлгілеу
2.Мәліметтерді қайта құрылымдау операциялары
Геоақпараттық жүйелерінің базасындағы технологияны ірі масштабты жалпы географиялық, тақырыптық жəне мониторинг жүргізу мақсатындағы, сонымен қатар, басқару міндеттерін шешуді көздейтін арнайы карталар жасауға пайдаланған қолайлы. Мұндай карталар жүріп жатқан үрдістердің динамикасын бақылап, ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып отыруды талап етеді. Олар əртүрлі масштабта жəне проекцияда құрылған карталарды, аэроғарыштық түсірілімдер мен жергілікті жерде жүргізілген геодезиялық түсіру жұмыстарының нəтижелерін, сонымен қатар, алуан түрлі дерек көздерін қолданатындықтан жобалық түрлендіруді қажет етеді. Жоғарыда аталған карталар қолданбалы сипатымен, қарапайымдылығымен, күрделі дизайнерлік өңдеуді қажет етпейтін рəсімделуінің стандартты болуымен ерекшеленеді. ГАЖ белгілі бір аумаққа нысандардың кесте (электронды карталар, слайдалар, фототүсірулер, диаграммалар) мəтін-кесте түріндегі сипаттамалары бар кешенді ақпараттық база жасауға мүмкіндік береді. Нысандардың артибутивті деректер базасымен үйлестірілген ГАЖ карталар электронды түрде қолданылады жəне жедел карта ретінде қағазға бастырылып шығарылады. Картографиялық көзқарас тұрғысынан алғанда ГАЖ-үлгілеу, басып шығару, картографиялық шығармаларды құру, бақы лау, əртүрлі шешімдер қабылдау қызметін атқаратын, кес теалық, тақырыптық деректер базасымен жұмыс істеуге арнал ған автоматтандырылған жүйе. ГАЖ деректерді тез іздеуге, аэро ға рыш тық фотосуреттерді өңдеп, түрлендіруге жəне оларды сан дық карталармен үйлестіруге, 216 проекциясы мен масштабын өзгер туге, əртүрлі үлгілерді қолдана отырып кеңістіктік өзара байла ныс ты анықтауға, сонымен қатар, кең көлемді ақпараттарды син тез деуге мүмкіндік береді. Картографиядан айырмашылығы ГАЖ басымдық деректер мен алуан түрлі формада ұсынылған нəти же лерді (карталар, кестелер, кестетер, фотосуреттер) талдау ға арналған. Геоақпараттық жүйелерге төменде көрсетілген жүйе тармақтары енеді: 1) деректерді жинау (əртүрлі дерек көздеріндегі деректерді алдын-ала талдау); 2) деректерді сақтау жəне іріктеу; 3) деректерді манипуляциялау жəне талдау; 4) қорытынды шығару. Сəулеті (деректерді ұйымдастыруы) жағынан ГАЖ бірнеше түрге бөлінеді. Жабықтүрлері қолданылуы қарапайым жəне арзан болуымен ерекшеленгенімен,пайдаланушымен сараланбайды. Көптеген қосымшалар мен көбейткіштерден тұратын арнайылары белгілі бір ауқымды міндеттерді шешу мақсатында құрылады. Соңғыларын орнату есебінен олардың бағасы қымбаттайды. Ашық түрі өте қымбат болғанымен, қосымша шығынсыз ұзақ пайдалануға болады. Сонымен қатар, ГАЖ кəсіби (мысалы, бірінші деңгейлі ESRI ArcInfo, InterGraf MGE жүйелері) жəне столүсті (мысалы, екінші деңгейлі MafInfo, GeoDraw/GeoGraf, WinGis жəне тағы басқа жүйелер). Жоғары сапалы ГАЖ қымбат тұрады. ГАЖ негізгі бөлігі тақырыптық жəне кестетік болып бөлінетін деректер базасы (ДБ). Терілген деректері бар бұл файл векторлық/растрлық жəне деректер базасын басқаратын жүйе файлдарына сəйкес келеді. Нысан жеке приметивтерден немесе олардың топтарынан тұруы мүмкін атрибутивті кестелермен (тақырыптық деректер базасымен) байланыстыратын əр нысанның өзінің бірғана сан-сəйкестендіргіші (идентификаторы) болады. Кестетік приметивтер мен олардың атрибуттарының үйлесуі қарапайым нысан түзеді. ГАЖ-гі карта бір тақырыпқа біріктірілген жеке нысандардан тұратын қабаттарды теру арқылы ұйымдасқан.
Тақырыптық ДБ тақырыптық мазмұнының элементтері мен картада тікелей ұсынылмайтын қосымша деректерді сақтайды. Деректер базасын басқару жүйесін (ДББЖ) жүзегеасырылатын (PARADOX, DBASE, ORACLE) файлдары жазудан, ал əр жазу үйлескен жол- 217 дардан тұрады. Жазулардың үйлесуі қарапайым ДБ түзеді. Кезкелген деректер базасы берілген өлшемдер бойынша сұранысты іздеу қабілетіне ие болады. Таңдау нəтижелері картада көрініс тауып талдау үшін негіз болуы немесе басқа қабатқа көшірілуі мүмкін. ДБ жолдарымен жұмыс істеу қызметі жолдың аты мен оның маңызын, құрылуын, саралануы мен жолды жоюды, калькуляцияны, жіктеуді, деректерді қайта топтастыруды немесе топтардың жалпы мəні негізінде жаңа мəнді алуды қамтиды. Калкуляция – бұл енгізілген формула бойынша ДБ жинақтау немесе оның жаңа мəнін алу (мысалы, картаның масштабы бойынша жер телімінің ауданын өлшеу). Жіктеу-бұл жіктеу ережесі бойынша жолдың жаңа мəндерін алып əртүрлі типтегі нысандарға сапалық бірлігі бойынша сандық кодтар беру. Нысандарды мұндай топтастыру жіктеу кестесі деп аталады. ДБ утелиттері мен ГАЖ кестетік утелиттері əртүрлі талдау қызыметтерін атқаруға жағдай тудырады. Зондлау картада болмаған аймақтарды (мысалы, нүктелі ластаушылардың əсерету аймағы). Белгілі бір өлшемдер бойынша ДБ көмегімен нысандарды бөліп алу нысаннан белгілі бір өлшемдер немесе өлшемдер тобын қанағаттандыратын жаңа қабат түзуге, сонымен қатар, қажет болған жағдайда ескісін жаңартып түрлендіруге мүмкіндік береді. Желілік талдау жақын немесе біршама қолайлы жолды таңдау; қандайда бір нысандар торының нысанға ықпал ететін аймағын; қажетті мекен-жайды тағы басқаларды анықтау үшін қолданылады. Біршама ірі ГАЖ-де (ArcInfo, InterGraf) де растрлы бейнелерді талдау, беттердің үлгілерін жасау, арнайы талдау тағы басқа қызметтері бар. ГАЖ деректер базасын, электронды карталарды, навигациялық жəне іздеу жүйелерін құруға қолданылатын əмбебап жүйе болып табылады. Бірақ онда картаны толық қанды рəсімдеп басып, дəстүрлі əдіспен басып шығаруға дайындауға мүмкіндік беретін бағдарламалар жоқ. ГАЖ кемшіліктеріне төменде көрсетілгендер жатады: – сызықтарды қисық безьемен ұсынатын сызықтардың (қисықтар сынық сызықтарға аппрексимияланатындықтан, бейненің сапасы жоғалатындықтан, сандау кезінде жұмыс пен файлдың көлемдері ұлғаяды) жоқ болуы; 218 – күрделі шартты белгілерді жасау мүмкіндігінің болмауы; – бір ғана жүйе (RGB) түсті ұсына алады; – дизайнерлік нəтиженің жоқтығы; – фототеру құралуын ұсыну мүмкіндігінің болмауы. ГАЖ-де карталарды бастырып шығаруға дайындау қатты көшірмені принтер мен плоторда шығару арқылы жүзргізілуі жедел міндеттерді шешуге жеткілікті. Бірақ аталған қондырғының деректерді өткізу шегінің (300-600 dpi) төмендігі, сонымен қатар, сапасы мен қымбаттығы карталарды тираждауға қолдануға мүмкіндік бермейді. Түс бөлетін үлдірлерді фототеретін автоматтарға енгізу, деректерді өткізу шегін 2500 dip жəне одан да жоғарыға арттырады. Бастапқыда ГАЖ картографиялық өнімнің барлық түрлерін құруды көздейтін əмбебап құрал болу мақсатын көздеген жоқ. Басымдық оның талдау мүмкіндігі мен ДББЖ байланысының болуына байланысты берілді. Картографиялық мақсат та қолдануға ГАЖ-САЖ (немесе тек САЖ) қолайлы. Жоғарыда аталған əдістердің үйлесуінің артықшылықтарын көрсететін ГАЖ-САЖ технологиясының болашағы зор. САЖ-ды пайдалану картаны құрудың технологиялық тізбегін ең төменгі шегіне дейін қарапайым етуге мүмкіндік береді. Деректерді ГАЖ нен САЖ-не конвертациялауды, қайта рəсімдеуді, сызықтарды жойуды тағы басқаларды болдырмайды. Барлық қабаттар бойынша сандау, рəсімдеу, саралау жəне ескертулерге түзету енгізу тек САЖ жүргізіледі жəне қатар орындалады. Қазіргі кезде ГАЖ мен баспа бағдарламаларын бір-бірімен жақындау үдерісі байқалуда. ГАЖ-дің кестетік мүмкіндіктері біршама кеңейуде жəне деректерді экспорттау САЖ классикалық (ai, eps тағыда басқа) пішімінда жүргізілуде. ГАЖ бірқатар қызметтері САЖ-не енгізілуіне байланысты біршама танымал ГАЖ-форматтар мен ДБ қолдайтын модульдер екіншісіне икемделуде. Мысалы, MapPablisher деректерді ГАЖ ден конвертациялайды да олардың нысандарын ДБ-мен байланыстырады, 50 астам проекциямен байланысты қолдайды. Түсірулерге координатты дəл байланыстырады. Бірақ ол ақпараттарды танымал ГАЖ-ден САЖ ортасына экспорттау үшін жиі қолданылады. 219 Қазіргі кезеңдегі компьютерлік технологиялар дəстүрлі карталардың электронды нұсқаларын құрумен қатар картографиялық шығармалардың жаңа заманауи түрлерін қалып тастыруға мүмкіндік береді. Егер электронды картаға дыбыстық, бейне немесе анимациялық нəтиже берілсе онда олар мультимедиялық қосымша түріне көшеді. Ақпараттар жан-жақты əрі нақты берілген картографиялық шығармалар энциклопедияларға жақын болады. Мұндай өнімдерде сезім мүшелерімен байланысқан əртүрлі ақпараттық орталар қолданы ла ды. Мультимедиялық картографиялық өнімнің негізгі түріне көрінетін электронды карталар жүйесінен тұратын электронды атластар жатады. Геоиконика картаны құрудың жаңа ғылыми бағыты. Қазіргі ғылымның даму үдерісінде ойлар мен əдістердің құрамда суы байқалады. Атап айтсақ, география мен экологияның аралығын да кешенді бағыт геоэкология дамыса, картографияның, қа шықтықтан зондлау мен машиналық кестеаның аралықтарында пай да болған шекаралық ғылыми бағыттқа геоиконика жатады. Қазір гі кезеңде қалыптасу сатысында тұрған геоиконика 1985 жыл — дан бастап Мəскеу мемлекеттік университетінде дами бастады. Геоиконика – негізгі міндеті геобейнелердің жалпы теориясын, талдау, түрлендіру жəне ғылыми-тəжірибелік мақсатта пайдалану əдістерін жасау боып табылатын ғылыми пəн. Ол картографияның, қашықтықтан зондлаудың, жəне геоақпараттанудың жетістіктерін біріктіреді. Геоиконика тұғырнамасын алғаш рет 1980 жылдардың ортасында профессор А. М. Берлянт ұсынды. Барлық карталарды, түсірілімдер мен географиялық кеңістіктің басқада кестетік бейнелеріне «геобейне» термині қолданылады. Белгілі бір масштабта құрылған жəне кестетік əдіспен шолу түрінде ұсынылған жер нысандарының немесе үрдістерінің жинақталған кез-келген кеңістіктік-уақыттық үлгісін геобейне дейміз. Геобейненің қасиеттері оның анықтамасында берілген. Оған нақты нысанмен салыстырғанда неше есе кішірейтіліп алынғанын көрсететін масштабы, кескінделген нысандар мен құбылыстардың ең басты белгілерін іріктеп алуды айқындайтын жинақталуы, ұсынылатын бейнені кестетік əдіспен кескіндеу жатады. Барлық геобейнелер төменде көрсетілген үш сыныпқа 220 жіктеледі: 1. жазық немесе екі өлшемді; 2. көлемді немесе үш өлшемді; 3. динамикалық немесе үш, төрт өлшемді. Бірінші топқа жататын фотосуреттік, телеарналық, сканерлік машинакестеалық сыяқты жазық немесе екі өлшемді геобейнелер əлі күнгедейін біршама кең таралған. Екінші топты блоктық, голографиялық жəне стереоскопиялық геобейнелер сыяқты көлемді немесе үш өлшемді үлгілер құрайды. Бүгінгі таңда голограммалар картографияда кеңінен қолданысқа ие болмай отырғанымен голлограмма-геобейнелерді құру болашақтың ісі болып табылады. Ол мұхит табанының көрінбейтін бөліктерін экранда көрсетуге мүмкіндік берер еді. Үшінші топқа Жер туралы ғылымға біршама жылдам еніп келе жатқан динамикалық геобейнелер жатады. Ол динамикалық құбылыстарды оқып-үйрену, сонымен қатар, мониторинг жасау үдерісіне пайдалану ауқымын кеңейтуде. Болашақта динамикалық бейнелер карталар мен аэро- жəне ғарыштық түсірілімдер сыяқты қоршаған ортаны танудың үйрен шікті құралдарының біріне айналады. Үшінші топқа картадан немесе түсірілімдерден құрылған мультиплекациялық жəне киномотографиялық геобейнелерде жатады. Əртүрлі кластардың түйлісінде жоғарыда аталған үш топтың да қасиеттері үйлескен көптеген құрамдасқан геобейнелер де бар. Геобейнелердің біртұтас теориясы геокеңістіктің əртүрлі үлгілерін бір-бірімен беттестіріп, ғаламшардың көптеген кестетік бейнелерін жүйелеуге, сонымен қарар, геоақпараттану мен геоақпараттық жүйенлердің дамуына мүмкіндік береді. Геобейнелер – (кестетенген географиялық кеңістік) ГАЖ пайдаланушыға ақпарат ұсынудың негізгі нышаны, ал геобейнелерді автоматты түрде дайындау ГАЖ атқаратын ең басты қызметіне айналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет