Қысқаша дәріс курсі


Геоинформатиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары



бет2/34
Дата03.11.2022
өлшемі460 Kb.
#47257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Геоинформатиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары.
ГАЖ құрлымы және қажеттілігі.


Геоинформатиканың негізгі ұғымдары және оның басқа ғылымдармен, технологиялар және өндіріспен байланысы.
Геоинформатика – классикалық география және картография дәстүрлері мен әдістерін, теориясын, қолданбалы математика, информатика және компьютерлік техниканың мүмкіншіліктерін сабақтастыратын ғылым.
Геоинформатика ғылым ретінде XX ғасырдың 60- жылдарында, ақпараттық
технологиялардың негізінде Пентагон қойнауларында географиялық ақпараттарды әскери мақсатта ЭЕМ көмегімен өңдеу қажеттілігінен пайда
болған, кейіннен географиялық ақпараттық жүйелер (ары қарай ГАЖ) деп
аталған бағыт батыс елдерде, Канадада, Швецияда пайда болды.Ол өзінде кеңістіктегі ақпаратты өңдейтін және оны қолданушыға, монитор экранына,
басылым құралдарына немесе байланыс каналдарына жеткізетін есептеуіш машиналар және әдістемелік құралдардыадамның мүмкіншіліктерін қажет ететін қолданбалы мәселелерді шешуді біріктірді.Осылай алғашында қарапайым түрдегі ГАЖ көптеген функциялармен және мүмкіншіліктермен
толықтыпылып, осының негізінде сандық картография мен автоматтандыр-
ылғын картография пайда болды.
70- жылдардан бастап ГАЖ тек әскери салада ғана емес, басқа да білім салаларында қолданыла бастады. 80-90 жылдары персоналды компьютер -
лердің пайда болуына және кең ауқымда қолданылуына байланысты, ГАЖ бірте-бірте жаңа әлемдік нарықтарды қамтып, КСРО және Ресейде тарала бастады. ГАЖ өнімдерінің сатылым көлемдері және ГАЖ технологиялар, сонымен қатар ГАЖ қызметтері жыл сайын 20-30 %- ке ұлғаюда және қазіргі кезде оның сатылым көлемдері жылына бес жүз миллиард долларға жетеді.
ГАЖ біртіндеп адамның маңызды әрекет сфераларына, әлеуметтік және экономикалық саясатқа, шаруашылықты және табиғи қорларды басқару, табиғатты және экологияны қорғау, жерлерді бағалау және тіркеу, кадастр,ғылым, ілімге енді. ГАЖ барлық кеңістіктің деңгейлерді (ғаламдық, ұлттық аудандық, муниципалды) және біздің ғаламшарымыз туралы әр түрлі ақпараттарды ( картографиялық, арақашықтық зерделеу мәліметтерін, қайта жазу, метро мәліметтер және далалық зерттеулердің мәліметтерін т.б )
ұштастырады.
ГАЖ құруға халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЮНЕП, ФАО, т.б.) ірі мемлекеттік мекемелер (картографиялық, геодезиялық және геологиялық қызметтер), министірліктер, жеке фирмалар, ғылыми- зерттеу университерттер қатысады.
ГАЖ жасау жұмыстарына көптеген қаржы жұмсалады және оған өнеркәсіптің әр түрлі салалары қатысып, жүйеленген геоақпараттық инфрақұрлым жасалады. ГАЖ құру және одан әрі жақсарту жұмыстарының техникалық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуінде геоинфор -
матиканың ғылыми бағыты ретінде қабылдануына көп уақыт өтпегенімен, оның жылдам қарқын ала бастауы, әрине, таң қаларлық жағдай.
Геоақпараттық дүмпу барлық елдерде осы сала мамандарына деген сұранысты күрт жоғарылатты., бұл өз кедегінде жаңа оқыту курстары мен
әдістемелерін, жаңа бағыттың теориялық әдістемелік негіздерін жасауды талап етеді. Әлемнің көптеген оқу орындарында, соның ішінде біздің елде
геоинформатика курстары оқытылуда және сәйкестеоген кафедарлар ашылуда.
С.Н. Сербенюк геоинформатикаға ғылым ретінде алғаш анықтама
берген болатын. Ол: «геоинформатика – иерархиялық деңгейдегі және аумақтық қамтылуы әр түрлі геожүйелер және кеңістік – уақыттық ақпарат-
ты автоматты түрде өңдеуге арналған ғылым», - деген болатын.
Геоинформатика ғылымында табиғи және әлеуметтік экономикалық
геожүйелерді мәліметтер базасы мен білім базасын пайдалана отырып, компьютерде үлгілеу арқылы зерттейді. Сонда осы жұмыстарды атқару үшін,
бірінші геоақпараттық жүйелер құрылады. ГАЖ – бұл қандайда болсын аумақ бойынша бекітілген ақпаратты сараптау, беру, сақтау, өңдеу, қабылдау
дың адамдық -әдістемелік машианлық кешені.
ГАЖ- дың негізінде ақпараттық – бағдарламалық кешен, мәліметтерді қайта өңдеу, кеңістіктік – координаттық байлау, тарату және көрсету жатыр.
Қазіргі дамыған елдерде мыңдаған ГАЖ бар, олар экономикада, саясаттануда, эклогияда. қоршаған ортаны қорғау және басқаруда, жер кадастырында, ғылымда, білім беруде қолданылады.
Қазіргі уақытта табиғи байлықтарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Оларды шешу үшін табиғи ортаның компоненттерінің жағдайы жайында картографиялық, экологиялық және т.б. сандық ақпараттардың кең көлемін қолдануды талап ететін кешендік тәсілдер қажет.Ал бұл мәселелерді информатиканың дамыған әдістері мен құралдарынсыз іске асыру мүмкін емес. Бүгінгі таңда мұндай көлемдегі ақпараттарды өңдеу және таңудағы ең болашағы зор әдіс компьютерлік геоақпараттық технологияларды қолдануға негізделген әдістер болып табылады. Бұл жұмыстарды геоақпараттық жүйелер құрып, арнаулы мақсаттағы қолданбалы бағдарламалардың көмегі арқылы шешеді.
ГАЖ пәнінен
2 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет