Қысқаша дәріс курсі


Реляционды мәліметтер базасы: SQL-серверлердің ерекшеліктері



бет21/34
Дата03.11.2022
өлшемі460 Kb.
#47257
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Байланысты:
357398 (2)

Реляционды мәліметтер базасы: SQL-серверлердің ерекшеліктері
SQL көмегімен не істеуге болады? SQL (Structured Query Language – құрылымды сұрақтар тілі) реляционды МБ-мен жұмыс істеу үшін стандартты тіл болып есептеледі.
Екі негізгі бөлікке бөлінеді: DDL (Data Definition Language – мәліметтерді анықтайтын тіл) және DМL (Data Manipulation Language – мәліметтерді өңдеу тілі).
DDL мәліметтер сақтау құрылымының өзгертулері мен құрылуларына арналған.
DML мәліметтерді оқуға және өзгертуге арналған.
DМL –дің негізгі операторлары: select - таңдау, insert - енгізу, update - өзгерту, delete –жою.
SQL операторлары мен мүмкіндіктері туралы толық сипаттаманы арнаулы кітаптан қарауға болады.
Транзакциялар не үшін қажет? Көптеген жағдайларда мәліметтерді өзгерту бойынша операциялар тобын бұл топта атомаралық қасиет болатындай жүргізу керек (толығымен орындалады немесе толығымен орындалмайды).
Операциялардың бұндай тобы транзакция деп аталады. SQL серверлерде транзакцияның бастамасын (begin transaction), оның сәтті аяқталуын (commit transaction ), я транзакциясын қайтаруын білдіретін операторлар болады.
Транзакциялар журналы деген не? Транзакцияның ішінде жүргізілетін мәліметтердің кез келген өзгерістері арнайы транзакциялар журналына жазылады (transaction log).Транзакциялар қайтарылғанда мәліметтер бұрыңғы қалпына келеді, ал өзгерістер жазбалары транзакциялар журналынан жойылады.
Блокировкалар (жабылу) қашан пайда болады? Транзакциялар ішіндегі мәліметтерді өзгерткен кезде, модифицияланатын жазбалар сервермен осы транзакцияның аяқталуына дейін жабылады. Егер де қандай да бір басқа транзакция жабылған жазбаларды өзгертуге тырысса, жабылу алып тасталғанға дейін, яғни бірінші транзакция аяқталмаса, онда оның орындалуы тоқталады.
Кейбір серверлердің жағымсыз ерекшелігі болады, яғни олар мәліметтерді жекелеген жазбалдармен емес, көп жазбалары бар тұтас беттермен жабады.
«Нұсқалықтар» «блокировкадан» қалай айрықшаланады? Классикалық «жабулар» әр түрлі транзакцияларға бір уақытта, оларды транзакция уақытына жаба отырып, сол бір жазбаларды өзгерту мүмкіндіктерін бермейді. Өз кезегінде «нұсқалықтар» бір жазбаның әр түрлі нұсқаларын шығара отырып, сол бір жазбаларды бір уақытта модифициялай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет