9. МББЖ-ның тағы қандай түрлері бар? Реляционды, зерзатты –бағдарланған және көп өлшемді МББЖ-дан басқа иерархиялық және желістік мәліметтер базасы белгілі /21/.
Олардың арасындағы мәліметтер мен байланыс иерархиялық МБ-да ағаштар түрінде көрсетілген. Кейбір тапсырмалар үшін мәліметтер көрінісінің мұндай формасы кез келген басқаға қарағанда едәуір тиімді болуы мүмкін.
Желістік базаларда мәліметтер туынды әдіспен байланысты болуы мүмкін, бірақ бұл байланыстар алдын ала мәліметтер құрылымен бірге құрылуы мүмкін. Реляционды МБ-мен салыстырғанда желістік үлгі тез әрекетте ұтымды бола алады.
Сервер және клиент. Мәліметтер базасының сервері деген не? МБ сервері ретінде МБ файлдары бар машинада жұмыс жасайтын МББЖ-ны түсінуіміз керек. Сонымен бірге қолданушы қосымшалар тек осы МББЖ базасы арқылы, оның сұрақтар тілін қолдана отырып жұмыс істеуі керек.
Клиент деген не? МБ клиенті деп әдетте МБ серверімен қатысатын қолданушы қосымшаларды айтады. Аралық қосымшаларды қолданбай, клиент сервермен қатысатын жұмыс үлгісін архитектуралық клиент –сервер деп атайды.
Сервер клиентпен қалай қарым-қатынасқа түседі?Қолданушы машиналарда желістік протоколдар арқылы МБ серверіменбайланысты қамтамасыз ететін арнайы программалар-шлюздер қондырылады. Бұл шлюздер арқылы қосымшалар сервер арқылы сұрақтарды беріп жіберіп, нәтижелерді алады.
«Көп түйінді» архитектураның «екі түйінді» архитектурадан айырмашылығы неде?Клиент МБ серверімен қатыспайтын аралық бағдарламаға жүгінетін кездегі жұмыс үлгісі жеткілікті түрде таралған. Бұл бағдарлама әдетте қосымшалар сервері деп аталады. Мұндай архитектураны «үш түйінді» деп атайды, «екі түйінді» архитектурадан айырмашылығы - клиент-сервер.
Қосымша серверлер не үшін қважет? Қосымшалар сервері көп мақсаттарда қолданылуы мүмкін. Ережеге сай, қосымшалар сервері жеке машинада болады. Клиентке тек интерфейстің бөлігін қалдыра отырып, оған бағдарламаның бүкіл функционалдығын қоюға болады.
Сонымен қатар көп қолданушылар болғанда жүктемені тарату үшін қосымшалардың бірнеше серверлерін қолдануға болады.
«Арық» клиенттің «толық» клиенттен айырмашылығы неде? «Арық» клиент деп ақпаратты кіргізу/шығаруға арналған ешқандай функционалдығы жоқ қолданушы қосымшаны атайды. Мәліметтердің барлық өңдеуі МБ серверінде, я қосымшалар серверінде жүргізіледі. әдетте «арық» клиент ретінде Web броузер +HTML/ASP/Java жүреді.
«Толық» клиенттің өзінде барлық функционалды және интерфейсті бөлігі болады, кез келген өзгеріс кезінде барлық қолданушыларда ауыстыруды талап етеді.